Лекция по валеологии на тему Отбасын жоспарлау

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы және денсаулық

Отбасын жоспарлау деген не?

Бұл контрацепция әдістерін, яғни жүктіліктен сақтау тәсілдерін:

  • Дені сау және қалаулы балаларды жоспарлау және туу;

  • Жүктіліктер арасындағы үзілісті 2-3жыл сақтау.

Контрацепция тәсілдерін, қолданбағаннан гөрі, қолданған дұрысырақ!

Жүктілік қалай пайда болады

Әйел ағзасы ай сайын аналықтарда аналық жасушалардың өсіп-өнуіне ықпал ететін гормондарды бөледі. Ерлер ағзасы миллиондап сперматозойдтар өндіреді, олар жыныстық қатынас кезінде әйелдің қынабына енеді.

Сонан соң қынап арқылы жатырға түскен сперматозоидтер, ұрықтандыру мақсатында жатыр түтіктеріне барады. Егер сперматозодпен пісіп-жетілген аналық жасуша кездессе, ұрықтану өтеді. Ұрықтанған аналық жасуша жатырға еніп, эндометрийге бекінеді, бұнда ұрық дами бастайды.

Егер аналық жасуша ұрықтанбаса, бала бітпейді, ұрықтанған аналық жасушасын қабылдауға дайын тұрған жатыр шырышы қуылады, етеккір басталады.

Контрацепция әдістері

Таблеткалар

Ұрықтануға қарсы таблеткаларды күнде ішеді. Бұлардағы әйел гормондары аз мөлшерде. Кез келген жастағы әйелдарге жарамды.

Уколдар

Әсері ұзақ уақытқа созылатын инекциялық контрацептивтерді үш айда бір рет жасайды. Уколдың әсері біткеннен кейін 6-9 ай өткен соң, әйел тағы жүкті бола алады.

Ұрықтануға қарсы таблеткалар және уколдар ағзаға қауіпсіз, жақсы зерттелген, тиімді және сенімді контрацепця тәсілдері әдеттенуден және гнекологиялық дерттердің кейбір түрлерінен сақтайды. Оларды қолдану жыныстақ қатынаспен байланысты емес. Оларды пайдалануды тоқтатқаннан кейін, қанша туғыңыз келсе, сонша дені сау бала тууға мүмкіндік бар.

Спираль

Жатыр ішінде орнатылатын кішкентай зат. Ол бала туған әйелдерге арналған.

Презерватив

Жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялардан, оның ішінде ВИЧ/СПИД (АҚТҚ/ЖҚТБ (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы/жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) қорғайтын жалғызақ тәсіл. Бұл әдіс барлық адамдарға, әсіресе көңілдесі көп кісілерге тиімді. Әрбір жыныстық қатынаста жаңа презерватив қолдану керек.

Қынаптық әдіс

Әйелге керек болған жағдайда ғана қолданылады. Жергілікті қолдану құралдарын (спермицидтерді, диафрагманы жүктілікті болдырмау мақсатында қолданылатын жұмсақ резеңке тосқауыл, цирвикалды қалпақша) қынапқа енгізу.

Күнтізбелік әдіс

Бұл тәсіл әйелге бала біту мүмкін күндерді анықтауға құрылған.

Лактациялық әдіс

Бала туылған бірінші 6айдан кейін емшекпен емізу кезеңінде нәресте емшек сүтінен басқа ешқандай қосымша тамақ, тіпті су да берілмейтін жағдайда қолдануға болатын әдіс.

Шұғыл (жедел) контрацепциялық әдіс

Қорғаныс жыныстық қатынастан кейінгі (3-5 күн ішінде) қалаусыз жүктілікті болдырмау үшін, төтнше жағдайда ғана қолданылады.

Хирургиялық стерилизация әдісі

Әйелдердің жатыр түтіктерін, ерлердің ұрық өтетін өзектерін байлайтын хирургиялық операция. Бала болуын қаламайтынына сенімді жұптар үшін, немесе жүктілік әйел денсаулығына едәуір қауіп төндіргенде ғана қолданылатын, қайтымсыз тәсіл.

Өз балаңыздың тууын жоспарлаңыз.

Контрацепция әдістерін қолдана отырып, қашан және қанша бала болуы туралы шешімді қабылдауға мүмкіндік бар. Бұл әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Балаларымыз дені сау және қалаулы болсын.

Сәбилер туылуының арасы 2-3 жастан кем болмасын. Босанғаннан кейін әйелдің ағзасы екі-үш жылдан кейін ғана бұрынғы қалпына келеді. Контрацепцияның әдістері қажетсіз жүктіліктен сақтайды.

Ана және оның болашақ балалары денсаулығының қамқоршысы болыңыз!

Контрацепция әдістері сізге үйлесімді жыныстық қатынаста болуға және күтпеген жүктілікті үзуден (аборттан) сақтанудан мүмкіндік береді, себебі ол әйелдің және оның болашақ балаларының денсаулығына зиян келтіреді, сондайақ әйелдің тәні мен жанына жара салады.

Әр отбасылық жұптың өзі шешім қабылдайды!

Казіргі контрацепциялық әдістер денсаулыққа қауіпсіз және сенімді. Әдістерді таңдау өзімізге ғана тән ерекшеліктерге байланысты: денсаулық жәй-күйі, жыныстық белсенділік, өмір салты және т.б.



© 2010-2022