Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:







«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледж





директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары:_______Г.Аралбаева





Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын,бағалы байлық екендігін түсіндіру

Дамытушылық: Білім алушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру

Тәрбиелік : Білім алушыларды

денесін шыңдауға шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі:түсіндірме

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Ж.Ж Әкімбаева Өзін-өзі тану

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Алынбайтын асу жоқ

«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Әңгімелесу

Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында оқулықтың «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылады.

Атамекеннің адам өміріндегі орны қандай?

Осы әнді айтқанда қандай сезімге бөлендіңіздер?

Өз елін шексіз сүйетін және елінің болашағын ойлайтын адамда қандай қасиеттер болады?

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар нелерден аулақ болуы керек?

Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едің?

Адамдар темекіні неліктен шегеді деп ойлайсыз?

Оқу ақпараты

«Тазалық-денсаулық негізі, саулық-байлық негізі»- деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында "Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған,"-делінген. Ол жоспарда көрсетілгендей қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріліп отыр. Өйткені дамыған экономика жағдайында-ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғаны баршамызға аян.

Ойын "Жалғасын тап"
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі - Еріккеннің ермегі.

4. Ішпеген, шылым тартпаған,

Денсаулығын сақтаған.

5. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

6. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

Шығармашылық жұмыс

"Біз - болашақтың гүліміз" ой толғау

5

Үйге тапсырма

Салауатты өмір салты

Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізіңіз.

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау


Пән оқытушысы: Г.Таурбаева

© 2010-2022