Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті


САБАҚ ЖОСПАРЫ


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АДАМНЫҢ КЕЛБЕТІ

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Дене мүшелерін еске түсіре отыра, адамның келбетін, түр-кескінін сипаттайтын жаңа сөздер, сөз тіркестерімен таныстыру.

  • Туынды сын есімдерді меңгерту арқылы білімдерін толықтырып, адамды сипаттай білуге үйрету.

  • Өзіндік ой-пікірін, көзқарасын білдіруге жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.

САБАҚ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: слайд, аудио-бейне материалдар, үлестірмелі карточкалар, суреттер.

САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР:

  • Оқытудың ақпараттық технологиясы,

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

  • Ойын технологиясының элементтері

Грамматикалық тақырып: Туынды сын есім.

Лексикалық минимум: Келбет, қыр мұрынды, қиғаш қасты, қарақат көзді, қой көзді, қушық бетті, көрікті, реңді сүйкімді, қатал, бұрымды, көзілдірікті,жылы жүзді.

Күтілетін нәтиже:


  • Адамдардың келбетін, түр-түсін сипаттай алады

  • Грамматикалық құрылымдарды пайдалана отыра , жазылым,тілдесім әрекеттерін жүзеге асыра алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  • 1.Тіл құрал. А2 базалық деңгей. Астана. 2011ж

  • 2. Қазақ тілі оқулығы. ҚазТест. А2 базалық деңгей. Астана. 2011ж

  • 3. З. Күзекова. Қазақша сөйлейміз


САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Ән тыңдау, сөзін толықтыру. "Сенің көзің" МузАРТ тобы

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сенің ... түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің .... көкте күннен, жерде гүлден нәр алған
... сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.

.... қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем ... әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін ... қызарып тұр шоқтана.

Сұрақтар:

  • Әнде қандай дене мүшелері туралы айтылды?

( көз, жүз-бет, шаш, қас, кірпік, бас, ерін)


  • Әнде дене мүшелері қалай сипатталды?

(көз -түпсіз терең, шаш- қара орман (қалың), қас,кірпік-қара, бас-әдемі, ерін-шиедей (қызыл)

ІІ. Жаңа сабақ АДАМНЫҢ КЕЛБЕТІ (2 сабақ)

  1. Лексикалық минимум.

Мақсаты : жаңа сөздердің оқып,мағынасымен таныстыру, сөздік қорларын байыту .

Келбет

внешность

Қыр мұрын

прямой тонкий нос

Көрікті

видный

Пұшық мұрын

курносый

Реңді

притягательный

Қою қас

густые брови

Реңсіз

невзрачный

Қиғаш қас

дугообразные брови

Томпақ

упитанный пухленкий

Сопақ бет

продолговатое лицо

Сүйкімді

Миловидный

Қушық бет

узкое лицо

Қарақат көз

черные глаза

Қатал

строгий

Қой көз

карие глаза

Көзілдірік

очки

Бұрым-

коса


2. ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті

3. Грамматикалық минимумды пысықтау.

Берілген сөздерден туынды сын есім жасаңыздар

Қой көз

Қиғаш қас-

Қыр мұрын -

Қушық бет

Сақал

Бұрым

Көзілдірік

Орта бой

Сарғыш түс

Сурет бойынша жұмыс

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті

1.Қыр мұрынды, көрікті ер адам

2.Шашы қысқа, сарғыш түсті келіншек

3.Мұртты,салмақты ер адам

4.Қарақат көзді бойжеткен

5.Орта бойлы, қушық бетті жігіт

6.Қос бұрымды ару

7. Қиғаш қасты ,реңді қыз

ЖАЗЫЛЫМ БӨЛІГІ

1.-лы-лі, ды-ді, ты-ті жұрнақтарын жалғап, сөйлемді толықтырыңыз.

1.Біздің бөлімде 5 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Бөлім басшысы ұзын бой..., қара шаш..., қыр мұрын..., қара мұрт. . ,салмақ... адам.

2. Кеше басшының қабылдауына көп бала... ана келді.

3. Қазақ жігіттеріне орта бой..., қос бұрым..., қарақат көз..., қыр мұрын..., мінезі салмақ...., инабат... қыздар ұнайды.

4. Кеше аспан бұлт..., күн жаңбыр... болды.


2.Берілген сөздерді жұптастырыңыз.

сары әйел

қарақат шашты

суық көзді

кең жігіт

сымбатты бала

орта маңдайлы

көрікті бетті

шебер жүзді

сопақ бойлы

сүйкімді шаштараз

ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ (топтық жұмыс)

Мәтінді тиісті сөздермен толықтырыңыз, оқыңыз. Сын есімдерді табыңыз.

Менің құрбым бар, есімі -Ботагөз. Ол сұлулық салонында

шаштараз болып жұмыс істейді. Ботагөз - қос бұрымды , ...,

әдемі қыз. Ботагөзге адамдар көп келеді. Өйткені, ол - білімді, ... шаштараз.

Ботагөздің әріптесінің аты- Татьяна. Ол - ... , қиғаш қасты,

көк ... келіншек. Татьяна тұрмыста, бір баласы бар. Жұбайы ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Ол ... бойлы, ... шашты, ... мұрынды, білімді адам. Ұлы - томпақ, ... бала.

Ботагөз - отбасының кенжесі. Оның ата-анасы өте мәдениетті, қайырымды адамдар. Әкесі- ұзын бойлы, ..., салмақты адам. Анасы - дөңгелек жүзді, ... әйел. Үлкен ағасы - Азамат. Мамандығы - заңгер. Ол - ... бетті, қой көзді, ... жігіт.

Негізгі сын есімдер Туынды сын есімдер


ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ бойынша ТЕСТ орындау

1.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Ботагөздің шашы қара түсті ме?

Б) Әке- шешесі қайда жұмыс істейді?

С) Ботагөздің отбасында неше адам бар?

Д) Азамат шаштаразға қай күндері барады?

2.Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз

А) Ботагөздің мамандығы-заңгер.

Б) Азамат шаштаразда жұмыс істейді

С) Татьяна -Азаматтың үлкен әпкесі.

Д) Ботагөз отбасындағы балалардың кенжесі.

3.Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Азамат- көрікті жігіт.

Б) Шаштаразға адамдар келеді.

С) Татьяна Ботагөзбен бірге жұмыс істейді.

Д) Татьянаның жұбайы ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.

4. Мәтін мазмұнын ашатын тірек сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) құрбы, шаш, адамдар, көк көз

Б) шаштараз, әріптес, ата-ана, заңгер

С) мамандық, жігіт, кенже, бұрым

Д) сұлулық , әдемі қыз, қайратты шаш, жұмыс

5. Мәтін мазмұнына қайшы келетін ақпаратты белгілеңіз.

А) Дәрігер шашын жиі қидырады.

Б) Әріптесі Татьяна -көк көзді әйел.

С) Азамат -Ботагөздің үлкен ағасы,заңгер.

Д) Ата-анасы- мәдениетті, қайырымды адамдар .


СЕРГІТУ СӘТІ

(Дене мүшелеріне сәйкес теңеулер табу)

Берілетін дене мүшелері: Бас, көз ,мойын, бет,ерін, шаш,

Топ үшке бөлінеді. Әр топқа дене мүшелері жазылған парақтар таратылады. Топ мүшелері дене мүшелерін сипаттайтын суреттерге парақтарда жазылған сөздерді жабыстырады. Берілетін уақыт2 мин

Мысалы: көзі- қарақаттай

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -дай Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -дей Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -тай

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -дей Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті-дай Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті-дай

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -дай Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті-тей Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті -дай



ТЫҢДАЛЫМ БӨЛІГІ

Бейнесюжет көрсетіледі

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті

Тыңдалым бөлігінің тапсырмалары

1.Диалог мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтаңыз

А) Шаш күтімі жайында

Б) Шашты айранмен жуу туралы

С) Адамның басындағы шаш саны

Д) Бұрымды қыздардың шаштары жайында

2.Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз

А) Қазір шашы ұзын қыздар көп.

Б) Ғалымдар тек шаштың түсін зерттеуде .

С) Әжелер шаштарын айран және қымызбен жуған.

Д) Шашты күтуде химиялық заттарды көп қолдану керек.

3. Қате ақпаратты табыңыз

А)Маска шашты жылтыратады.

Б) Маска шашты жұмсартады.

С) Маска шаштың түсін өзгертеді.

Д) Маска шаштың түбін нығайтады.

4.Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді таңдаңыз.

А)үш қасық айран, маска, апта,

Б) маска, қара шаш, жиырма минут

С) алоэ майы, жылы су, маска, дәрігер

Д) айран, алоэ майы, құрғақ шаш ,жиырма минут

5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз .

А) Маска қандай шашқа арналған?

Б) Маска жасауда қандай бояу қолданылады?

С) Масканы жылына қанша рет жасау керек?

Д) Масканың құрамына қандай химиялық заттар қосылады?


Сабақты бекіту.

ТІЛДЕСІМ БӨЛІГІ

Венн диаграммасын пайдаланып спортшыларды сипаттаңыз және сұхбат құрастырыңыз.

Конспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбетіКонспект урока по казахскому языку на тему: Адамның келбеті

СҰХБАТ (жұптық жұмыс)

Т: Менің атым Майра. Мен-« Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімін. Сізден сұрауға бола ма?

А: Иә, сұраңыз.

Т: 1-ші суреттегі адам кім? Сипаттап беріңізші.

А:

Т: 2-ші суреттегі адамды білесіз бе?

А: Иә, білемін. Бұл-

Бағалау.

Үй жұмысы : Мекеме басшысын немесе әріптесін туынды сын есімдерді пайдаланып сипаттап жазып келу.







© 2010-2022