Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: /А.Альжанова/

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Уақыты: 25 қыркүйек 2015ж

Қатысушы сыныптар:5-11сыныптар

Тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Мақсаты: Оқушылардың ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуін,сүйе білуін арттыру,тіл мәдениетін сақтай білуге,тілтазалығы үшін күресе білуге,сөз өнеріне баулу. Оқушылардың тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқи білуін жетілдіру.

Өткізу формасы: Поэзия сағаты









Өту барысы:

1-жүргізуші: Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның,

Қаныма сіңген,жаныма сіңген,

Кеңдігі жатыр даламның.

Сүтімен,мейірімімен

Махаббаты жатыр анамның.

2-жүргізуші: Тілімде менің - бабамның батырлығы да,

Махамбет пен

Абайдың ақындығы да.

Дүниеге келе

Айқайды салған іңгәләп,

Тілімде менің - сәбидің батылдығы да.

1-жүргізуші: Әкемнің қуаты,

Шешемнің сүті

Сіңірген тұла бойыма

Бар асылын халықтың

Ғажап ұлы тарихтың

Құйған сана ойыма.

Екеуі бірге: Туған тілім өркенде,

Бола берер күшті,көркем де!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Тіл -тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты поэзия сағатына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Ендеше,қатысушы оқушыларды қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:Әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!

1.Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнар Сайкомқызы

2. Ағылшын тілі мұғалімі Айнұр Уахитқызы

3. Мектеп тәлімгері Гүлнұр Рақымғалиқызы

1-жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.

Иә,тіл қай ұлтта болса да,қай елде болса да қастерлі құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл байлығы әр елдің мақтанышы,атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес,мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті,оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеу керек.

Ендеше қарсы алыңыздар! 5-6 сынып оқушылары

2-жүргізуші: Ерлік,елдік,бірлік,қайрат бақ ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұрлы жұлдыз,бабам тілі,сен қалдың! -

деп жырлаған ұлы Мағжан ақынның жүрек сөзінен ана тіліміздің шексіз бай, өте көркем мәңгілік екені көрінеді. Жасай бер бостандық махаббат пен достық тілі - қазақ тілі.

6сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,-

Өз тіліңді құрметте.

Менің ана тілім - шексіз бай,өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам,меніңше нағыз пақыр жан.Ана тілін жырлай алмаған ақын-ақын емес. Қандай ақын,жазушы болса да,әр жүрек өз ана тілін жырлауы тиіс.

7-8 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:О,туған тіл! Тас бұлақтың тұнғы да сенде,ана сүтінің жұғымы да сенде,райхан гүлдің жұпары да сенде,қыран құстың жанары да сенде,назды сұлудың нәзіктігі де сенде,сахара даланың жазықтығы да сенде.Сондықтан ана тілін ар-иманымыздай ардақтап,аялай білейік.

9-10-11 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Осымен бүгінгі «Тіл - тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»атты поэзия сағаты аяқталды. Сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз!

2-жүргізуші: Тіл - қасиетті,құдіретті,киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың сүтімен дариды. Тіл өшпейді,қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз дәнін егіп,өміршең күй кеше береді.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл - арым,иманым,

Аманат,саған,аманат.



© 2010-2022