Ата ерлігін мақтан етер ұрпақпыз!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата ерлігін мақтан етер ұрпақпыз!


Соқтықпалы-соқпалы заманның кермек татқан ащы зары, жаралы жылдар ағымы, аға буынның жазықсыз төгілген қаны, қиылған жаны жас буынның жадында мәңгілік жаңғырары сөзсіз. Қан шеңгелден босап, құзғындардан арылуды мақсат еткен ерен ерлеріміздің еңбегі еш болмай, бүгінгі таңда бейбітшіліктің берекелі болмысын 70-жыл тойлап отырмыз. Демек, Ұлы Жеңіске 70 жыл! Бүгінгі күні осындай атаулы күнде Отанын ұлағат тұтқан айбынды ардагерлерімізді мақтан етіп, мерекелік шара ұйымдастыру дәстүрге айналды.

№249 мектеп-лицей базасында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне және Ұлы жеңіске арналған «Жауынгерлік даңқ» алаңының ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шара батыр бабаларымыздың аманатын арқалаған жас өрендердің мерекеге деген балалық жылы лебізінен бастау алды. Атаулы күнде жан шошырлық азапты күнді бастан өткерген, жырақтағы ата-бабаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Шара барысында мектеп-лицей директоры К.П.Нақан және «Таланттар» академиясының ұйымдастырушысы, «Арман» қоғамдық бірлестігінің президенті, алтын ұстаз К.Бердікенқызы лента қию рәсімін жасап, құттықтау сөз сөйледі.

Қасірет құрығының құрбанына айналып, Ұлы Жеңісті жақындатқан қазақ перзенттерінің, Кеңес Одағының батырларының бейнесі «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды» тақырыбындағы қабырғалық стендтерінде ерекше түрге еніп, баба кейпін еске салады. Қайсар рухты қанжар еткен Сыр өңірінен шыққан батыр бабаларымыз, Қазалылық бес батырдың болмыс-бітімі «Жаужүрек батырлары Сыр елінің», «Қазалылық қайсар ерлерім» атты қабырғалық стендтерде көрініс тапты. Сондай-ақ, жауынгер мен бауыр арасын жалғаған бір парақ қағаз «Хаттар сыр шертеді» деп аталатын хаттар легі де назардан тыс қалмады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі батыр қалалар бейнелеген карта, азаттықтың белгісі іспеттес жетім қалған неміс баласын құшақтаған кеңес солдатының бейнесі, Алматы қаласында жасақталып, Мәскеу түбіндегі жойқын шайқаста асқан ерлік көрсеткен Панфиловшыларға арналған арнайы бұрыш, батылдық пен асылдықтың үлгісіндей болған тау тұлға Б.Момышұлының игі ісі жөнінде баян етілген көркем туындылар галереясы -бәрі-бәрі «Жауынгерлік даңқ» алаңында тізбектеле ілініп, бір сәт адамзат жүрегін дір еткізер кесін-келбетпен соғыстың сойқан тірлігін еске салардай әсер қалдырды.

Кеш барысында тектілердің батасын болашағына азық еткен 11-сынып оқушылары, талантты жас ақын А.Қалдыбай бабалар рухына арналған жүрекжарды лебізін арнау арқылы жеткізсе, Д.Қанибаев жүректерге мұң салған, сұм соғыс туралы өлең оқып, кештің сәнін келтірді. Шара соңы әуелеген әнге ұласып, жиналғандарға рухани азық болар көтеріңкі көңіл сыйлады.

№249мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Аружан Тұрымбетова


© 2010-2022