Мақала Әдебиеттерді насихаттау біздің басты міндетіміз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттерді насихаттау біздің басты міндетіміз.

Әдебиеттерді насихаттай отырып,оқушылардың жақсы мен жаман,достық,адамгершілік жөніндегі ой-өрісін,сөздік қорын дамыту,қарапайымдылыққа,ізеттілікке,достық қарым-қатынас жасай білуге,мәдениетті сөйлей білуге,ата-бабаларымыздың тілін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын қастерлей білуге тәрбиелеу.Өткізілген шараларда,оқушыларға «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Дала өрнектері», «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» т.б.ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа қатысты әдебиеттерді пайдалануды ұсындық.

Білім беру орындарының алдында тұрған міндетке - төл мәдениетіне уызына қанған,өзге мәдениеттерді танып,әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған жанжақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге ат салысу.

Халық фольклорындағы адалдық,әділеттілік,ізеттілік,имандылық,бауырмалдылық,ар-намыс,үлкенді сыйлау,кішіні құрмет тұту,ата-баба мұрасына сүйіспеншілікпен қарау адамның рухани дамуына бастар сара жол.Осыншама рухани мол байлықтың мұрагері - қазақ халқының этно педагогикасының тамырын тарихқа терең бойлатқан алып бәйтерекке теңеуге болады.

Сапалы білім мен саналы рухани -адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат міндеттерінің бірі.Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.

Рухани -адамгершілік құндылық -адамдық ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі,адамның жақсылыққа ұмтылуы,дұрыс өмір сүру мәселелері жайында ізденуі,өзін-өзі танып,өзін-өзі бағалап,сол арқылы дүниені,әлемді тануы біздің ең бірінші міндетіміз деп білімін.

Осы жоғарыда айтылған бойынша № 1 мектеп -гимназия кітапханашылары,мұғалімдері көптеген шаралар өткізуде.

№ 1 мектеп-гимназиясы

Сагимбетова Б.С.







© 2010-2022