ШЕТЕЛ ТІЛІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шетел тілін мектепте оқытудың ерекшелігі



С.Т.Темиргалиева


Қазіргі кезде мектептерде шетел тілін оқыту өзекті мәселелердің бірі. Шетел тілін оқыту мақсаты тілдік және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас құру болып табылады немесе әлеуметтік-мәдени ортаны білмей тіпті шектеулі кезде қарым-қатынас құру мүмкін емес. Шетел тілін оқыту мәдениаралық қарым-қатынастарға қатысқысы келетін және оған қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған. Бірақ ондай тұлғаны оқытылатын тілдің мемлекетінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін білмей құру мүмкін емес. Тілді және мәдениетті бір уақытта оқу кезінде тәжірибелік, жалпы білім беретін және дамыту мақсаттары ғана тиімді емес, сонымен қатар оқушылардың шақыру және ары қарай қатынасуларының маңызды мүмкіншіліктерін құрайды.

Шетел тілі сабағының мұғалімі ескермей алмайтын өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі кезде шетел тілін игеру ғаламдық мақсаты басқа мәдениетке және мәдениеттер диалогіне қатысу болып табылады. Бұл мақсат мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті қалыптастыру жолымен жетеді. Әсіресе, оқыту қарым-қатынас түріндегі мақсаттар түрінде құрылған оқыту бұған барлық керекті тапсырмалар мен тәсілдерді қолдана отырып, шетел қарым-қатынасына үйрету шетел тілі сабағының айрықша ерекшелігі болып табылады.

Шет тілдік қарым-қатынас сөйлеу теориясына негізделеді. Шетел тілін қарым-қатынастық оқыту қызметінің құралы бойынша әлеуметтік қарым-қатынас шарты арқылы қатынасушы адамдармен сөйлесу жүзеге асады. Шетел тілінің көмегімен сөйлесуге қатысушылар нақты және қиялдағы мақсаттарды шешуге тырысып жатыр .

Шетел тілін коммуникативтік-бағдарлық оқытудың қызметтік маңызы оқуға гумандық жағынан жақындау шарты болып табылады. Осындай жағынан жақындау тұлғаның белсенді және азат дамуына әкеледі.

Бастауыш мектеп жас шамасы механикалық жадтың өте күштi жұмысымен ерекше болады. Бұл топтың оқушыларына игерілген өнер-бiлiм және ұсыныстар жеткiлiксiз сезiнген және тәртiпсiз болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті көбiнесе нақты және эмоционалды бейнелi. Эмоционалды ортаның басым болуымен көрнекi - бейнелi ойлау бастауыш мектеп жас шамасы үшiн негiзгi болып табылады. Балаларға қимыл қозғалысқа деген үлкен қажеттілік, тез шаршау мен қызығушылықтың жоғалуына әкелетін қанағаттанбаушылық тән. Бұл жерде оқытудың қабылдауларын зейiн қою және жиi ауысымы маңызды. Сонымен қатар, бастауыш мектеп оқушыларының барлығын жаттап алу немесе түп нұсқаға жақын айтуға тырысатыны белгілі. Олар есте сақтауда әдетте берілген ретті сақтайды және меңгерудiң бiр түрлi жолдарын пайдаланады. Бұл кезеңдерде қарым-қатынас жасауға үйрету балаға көрген жайттар мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты қайталауға, үлкендерге еліктеу, олардың мiнез-құлық нормасын меңгеру, соның ішінде сөйлеуді игеруге мүмкіншілік беретін көрнекіліктер мен ойындардың ауқымды қолданылуын белгілейді. Ойындарда, ертегi қойылымдарында балалар кез келген кейіпкерлермен, соның ішінде тіпті жануарлармен өздерін оңай ұқсатады. Дегенмен, ойын әдiстерiмен оқыту қаншалықты әсерлі және тиімді болса да, шектеулілік сезімін сақтау керектігін білуіміз керек, себебі ойын жаттығулар оқушыларды шаршатады және қызығушылықтарын жоғалтады.

Шет тiлін оқыту мәселесіне байланысты аса мәнді жоғары сынып оқушыларының психолого- педагогикалық мiнездемесін атап өтейік. Әрбiр жоғары сынып оқушысы өзінде әлi жақында жас өспiрiмнiң белгiлерін құрайтыны белгілі. Онда оқушыда әлi жоғалтылған белсенді өсудің белгілері мен балалық диалектикасы қосылады.. Ол тұлғаның қарқынды қалыптасуы, өзіндік тану мен өздік белгілеудің мәнін табады. Қызығушылықтардың дифференциациясы айқын байқалады. Бұл көбінесе таңдаулы бола бастаған әртүрлі оқу пәндеріне қатынасына қатынасына таңба қойып жатыр.Жоғары сынып оқушыларының ойлауы жоспарлы және ереже бойынша жұмыс істей алады.

Психологтардың айтуы бойынша, көрнекі-бейнелі ойлау мен абстрактілі ойлау қабілеттілігінің қатар келуі бастауыш деңгейде шетел тілін меңгерудің жағымды шарттарын тудырады. Әсіресе бастауыш деңдейде жаңа пәнге аса қызығушылық туындайды, ерекше деңгейде оқу (танымдық) мотивация іске асады. Сонымен қатар, жағымды дидактикалық: ұмыту заңдылықтары жүзеге әлі аспайды, барлық игеріліп жатқан жаңа және ескі арасында қайшылықтар болмайды. Бастапқы кезеңнің психолингвистикалық ерекшеліктеріне оқушылардың туған тілдерінің кедергі келтіретін әсерінен шеттілінің меңгерілуін тежейтін маңызды емес ішкі тілдік интерференцияны жатқызуға болады. Бұл жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері ойын тәсілдері мен оқыту арқасында көп көлемді материалды меңгеру ғана емес, оны әртүрлі әдістермен, кестелермен жүйелеуге де мүмкіндік береді.

Бастауыш этап құрылымы тілдік материал, оның көлемі мен әдістемелік ұйымдастырылуы, тілдік қызмет түрлерінің дамуы қалыптасуындағы реттілік және олардың шетел тілін оқытудағы аса салмақтылығына қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бастауыш оқыту деңгейінің қиыншылығы онда барлық үш сөйлеу жақтары бір уақытта болатынында: фонетикалық, лексиалық, грамматикалық және барлық сөйлеу қызметінің түрлеріне негіз қойылады.

Бастауыш сыныппен жұмыс істейтін мұғалім шетел тілі сабақтарындағы жағымды психологиялық климат құрастыру қағидасын ескеруі міндетті. Бұл оқу тапсырмаларын орындау кезінде көмек көрсету тәсілдері мен әртүрлі мадақтау түрлерін қолданудағы мұғаліммен төзімділік пен мейірімділіктің атмосферасын тудыруынан көрінуі мүмкін. Қиын балалармен жұмыс жасауда коллективте мұғалім интеграция үрдісін жүзеге асыруы тиіс, яғни адамгершіліктік педагогиканың бір қағидасы болып келетін осындай балаларға индивидуалды жақындауды іске асыру керек.

Ортанғы саты бір жағынан бастапқы саты сияқты қасиеттері бар, ал екінші жағынан шетел тілі бойынша қатысушылар білімін дамытуға жаңа кезең болып табылады.

Егер бастапқы кезең үшін өндіретін сипат болса, онда ортанғы сатыда қатысушылардан механикалық қосу мен амитацияны талап етіп және тілдік алмастыруға тапсырмалар түрі бар және жаттығу функцияларын бір уақытта орындайтын жаттығулар келеді. Әр түрлі жағдайда сөйлесу кезінде белгілі материалды қолдануға үлкен назар аударады. Сондықтан ауызшаны дамытуға мағыналы орын алу арқылы жаттығулар арасында тілдік-комцикация көрсетіледі. Бастапқы сатымен салыстырғанда жұмыс оқуды оқумен байланысты мәтінді көлемі мен жалпы оқу көлемі де өседі. Негізі ең алдымен оқу іштен оқу т.б. жалпы мазмұнды қамту арқылы оқумен танысу қалыптасады. Оқудың соңында қатысушылар түгелдей мәтінмен анализ жасау арқылы оқуды үйреніп, менгере бастайды. Шетел тілін бірден түсінуін дамытуға көңіл бөледі.

Шетел тілін бастауыш, негізгі, профильді және одан әргі мектептерде оқытудың тиімділігі өзге тілдік коммуникативтік бағдарларды барлық құрамдырын қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстарды игерумен қамтамасыздандырылады.

Сабаққа дайындық кезінде әр түрлі күнтізбеде (жұппен, топтық, ойын ретінде) жұмыс жасау қолйлы болуы үшін мұғалімге оқыту ортасының ұйымдастырылуын ескеруі жөн.

Жоғары деңгейде аса ретті және қарқынды сөйлеу қызметі жүзеге асады: барлық сөйлеуге керекті мағлұмат оқу мен аудирование арқылы келеді және оқушы сол немесе басқа ойды білдіруі және оны дәлелдеуі керек. Мұғалім мәселерді талқылау барлық оқушыларды қамтып, оларды тыс қалдырмай, әрбір оқушыға тұлғалық маңызды болуы тиіс мақссатына жетуі қажет. Оқытудың жоғары деңгейінің маңызды ерекшелігі болып топтық талқылау мен пікірталастар сияқты жұмыс түрлерін қамту табылады. Осындай ауызша -сөйлеу қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін мұғалімге мүмкін болатын барлық тірек түрлерін қолдануы тиіс: мәндік ассоциограммаларын, индивидуалды және жұптық жұмыс үшін карточкалар, нақыл сөздер басы мен аяғының үлгілері, тірек сұраулық сөздері мен тағы басқалары. Оқушыларға дифференциялы қараудың маңыздылығын ұмытпай, олардың өз уақытында тіректерден «босатылуын» қамтамасыз ету маңызды.

Шетел тілі сабағына жақсы дайындық - бұл оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бірден бір жол.

Тілді меңгеру ең алдымен сабақта іске асады. Шетел тілінің заманауи сабағы - бұл қиын білім алу. Оған дайырдық және оны өткізу мұғалімнен үлкен шығармашылық күш кетіруді талап етеді.

Біріншіден, сабақта көп жоспарлы мақсаттар шешіледі. Әр сабақта оқушылар оқылатын тілдің тәжірибелік игерілуінің толықтырылуын көру керек. Ол сөйлеуді естігендегі оны жаңа сөздерді үйрену арқылы жақсырақ түсіну, көркем әдебиет, музыка, тарих салаларынан оқытылатын тіл елінің мәдениеті жайлы білім алу, яғни оқушылар оқылатын тін елінің ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясына енуінен байқалады.

Сабақ материалдары мен оны белсендіретін құралдарды тәрбиелеу мақсатында қолданған жөн. Оқушалардың эмоционалды және интеллектуалдық дамулары үшін тәсілдер мен әдістер қолдана отырып, оларда осы сабақта нақты нені тәрбиелеу керектігін мұғалім шешеді.

Екіншіден, сабақта түрлі ұйымдастыру түрлері қолданылады. Олар: топтық, жұптық, индивидуалды. Барлығы мен әрбірін кірістіру үшін, сабақ барысын дайындау үшін мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуы керек.

Үшіншіден, шешілетін мақсаттарға сәйкес сабақ оқыту құралдармен қамтамасыз етіледі.

Төртіншіден, осы құралдарды мұғалімнің қолдануы олардың үстімен билік жүргізуге дейін жеткізілуі тиіс. Бұл мұғалімнің сол құралдарды үнемі қолданып, жұмыс күйінде ұстап тұра алған жағдайда ғана мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің әрбір оқушының тұлғасын терең білуінен шетел тілін оқытуда жағымды бағыт құру маңызды фактор болып табылады. Бұл оқушыларда тапсырмаларды орындауына тұлғалық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді қолданумен іске асады.

Осыған орай, сабақ қиын білім беру ретінде оқушылардың шетел тілін меңгеруінде қорытындылайтын роль ойнайды. Шетел тілі сабағы ерекше толық дайындықты талап етеді. Онда сөйлеу дағдылары мен біліктері қалыптастырылады және дамытылады.

Мұғалімнің одан оқушылардың не күтетіндігін терең түсінуін шетел тілі сабағының қызметінің жоғарлауның тағы бір мүмкіндігі деп қарастыруға болады.

Оқушылар алдында мұғалім ең алдымен оқытылатынның жеткізушісі. Осыған байланысты, ең бірінші олар мұғалімнен оқытылатын тілдің жақсы тәжірибелік меңгеруін күтеді.

Оқушы мұғалімді филологиялық білімі бар, басқа тіл мәдениетімен таныс, туған тіліңдегі қызықты әңгімеші ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыларға оқытылатын тіл елі халықтарының мәдениетін, дәстүрлері, мәдени мұраларын, суретші мен жазушыларымен таныстырады.

Мұғалім білім береді, тәрбиелейді және оқушыларды дамытады. Ол оқушыларға шетел тілін оқуға әсер етіп ынталандырады, оны меңгеру үрдісің ұйымдастырады, шетел тілінің ортасын құрайды, оқушылардың алға келе жатқаның қамтамасыз ететін оны меңгеру жағдайларын жасайды.

Сонымен бірге әдістеме ғылымын оқытудын болашағы мен дамуын және онын бағдарламасын белгілеудің, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы оқытуды акпараттандыру үрдісінің қазіргі ақпараттандыру коммуникациялық практикасын енгізудің негізі жасалып отыр. Соңғы кезде білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, оқу урдісінде электронды ақпараттық құралдардың пайдаланылуы және бұған қоса отандық бағдарламалық құралдардың шетелдік үлгіде тиімді қолданылуы біздің елімізде жалпы жұртшылықтың қызығушылығын арттыруда.

Шетел тілін үйренудің заманауи үрдісі мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірімен ара қатынасын белгілейді. Мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қатынасын ұйымдастыру қабілеті оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің ашылуына және мәдениетаралық қатынас құралы ретінде шетел тілін олардың меңгеруіне бағытталған шетел тілін оқытудың заманауи үрдісінің көп жағдайда әсерлігін анықтайды.


© 2010-2022