Іс қағаздары. Өтініш қазақ тілі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары .Өтініш.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өтініш құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу

Сабақты ұйымдастыру формасы: Б. Блум жүйесі бойынша.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың құрал жабдығы: . құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс тәсілдері: проблемалы - мазмұндау, зерттеу, репродуктивтік,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, топты түгендеймін. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың жазып келген түйіндемелерін оқыту.
2. Үй тапсырмасын бекіту.
«Роунд - робин» әдісі. Оқушылар стильдер туралы ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі туралы не біледі, сол жайында бір сөйлем не бір сөз тіркесін айтуы керек. Бірінің айтқанын бірі қайталамауы тиіс.

ІІ. Жаңа сабақ. Схема арқылы жаңа материалды түсіндіру.


1. Білу.
Бүгінгі сабақта не білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері.
2) Өтініш және оның бөліктері.

Өтініш - жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Грамматикалық минимум

Барыс септік:

-ға/-ге, -қа/-ке.

Шығыс септік:

-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен.

Есептік сан есім:

1, 17, 324, 1955, 2005.

Жіктеу есімдіктері:

мен, сен, сіз, ол.

Жіктік жалғау:

-мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.

Қысқарған сөздер (аббревиатуры):

ҚР, ЖМУ, БАҚ, АҚ, ҰҚК.

Коммуникативтік минимум

Қарату формалары (формы обращения):

ханым, мырза, төраға, төрайым.

Етістік минимумы:

өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.

Тұрақты клише үлгілері:

басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты; кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, материалдық көмек.

3. Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

- жұмысқа қабылдау;

- жұмыстан босату;

- басқа жұмысқа ауыстыру;

- кезекті демалыс сұрау;

- кезектен тыс демалыс сұрау;

- материалдық көмек, пәтер бөлу туралы сұрау;

- мектепке қабылдау, балабақшадан орын бөлу туралы сұрау;

- жалақыны көтеру туралы өтініш білдіру және т.б.

4. Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

- менің мекен жайыма жолдауыңызды сұраймын;

- аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын;

- осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

- ... анықтауыңызды сұраймын;

- ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймын

Өтініш үлгілерімен танысыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар аударыңыз.

"Алтын дән" мейрамханасының төрағасы

Асхат Мұратұлы мырзаға

Өскемен қ., Абай к. 15-үйде тұратын А. Жанабайқызынан

Ө т і н і ш

Мені 2014 жылдың 7 ақпанынан бастап аспазшы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Білімім - жоғары, еңбек өтілім - 7 жыл.

Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.


7ақпан А. Жанабайқызынан

6. Мекемелердің, ұйымдардың, министрліктердің атауларын жазыңыз. Сіз жұмыс істейтін немесе оқитын оқу орнының, мекеменің толық атауы қалай жазылады?

7. Берілген үлгіге қарап, төмендегідей себептерге өтініш жазыңыз:

- кезектен тыс демалыс;

- отбасы жағдайына байланысты;

- жұмыстан босату;

- бірлесе жұмыс істеу;

3. Қолдану. Практикалық тапсырмалар:

1) Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз.
3) Өтініштерді оқып, қателерді табыңыз.
4) Бланкі бойынша өтініштерді толтырыңыз.
5) Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.
4. Талдау.
І. «Полиглот» ойыны.
Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттарды екі тілде тақтаға жазу.
Берілген сөздер:

Өтініш-заявление

Түйіндеме-резюме

Өмірбаян-автобиография

Білім туралы құжат-диплом

Еңбек кітапшасы-трудовая книжка

Куәлік немесе төлқұжаты -удостоверение ,паспорт

ІІ. Сабақты қорытындылау. І.
5. Жинақтау.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап алынады.
1. Стильдің қанша түрі бар?
2. Іс қағаздар стилі дегеніміз не?
3. Қазақ тілінде өтініш жазу құрылымдық ерекшелігі?
4. Іс қағаздарының түрлерін ата?
ІІІ. Бағалау.
Оқушылардың білімін, белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма.өмірбаян жазып келу.


© 2010-2022