Баяндама тақырыбы: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,

«Куропаткино орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Талдин Жандос Серікұлы

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын,

сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет. (Н. Ә. Назарбаев)

Кембридж бағдарламасының да негізгі көздегені оқушылар мен мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Қай пән үшін болмасын оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды. Дегенмен қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде алдыма қойған мақсатым: ақпараттың керекті тұсын алып, оны талқылап, өзіндік тұжырым жасай білетін, өз жұмысына, өзгенің жұмысына сыни көзбен қарайтын және сол жұмысқа әділ баға беретін тұлға қалыптастыру болды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Оқушылардың сыни ойлауы әсіресе, сұрақ - жауап, топтық әңгіме, дебат әңгімеде көрінеді. Әдебиетте әңгіменің мазмұнын меңгерту үшін ЖИГСО әдісін пайдаландым. Мұнда топтарға мәтінді бөліп бердім. Оқушылар белгіленген уақыт аралығында Жұмыс үстелінен өз жанұяларына барып оқыған бөлімдерін түсіндірді. Келесі бөлімді келесі топ мүшесі түсіндіріп, сыныпта процес жүрді. Өзара оқыту барысында оқушылар бір - біріне түсінбеген жерлерін қайталап сұрақ қою арқылы ақпаратты меңгерді. Яғни бұл жерде берілген бөлімдерді талқылай отырып, сыни ойлауға жайлап үйрене бастайды. Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс жасау барысында бір - бірінен ақпарат алмасады. Бір - бірімен пікір алмаса отырып, топ мүшелерінің идеяларын бір арнаға тоғыстырды.

Оқушылар топта өзара ықпалдаса отырып, сыни ойлау дағдылары қалыптасты. 5 «А» сыныбында «Ер Төстік» ертегісін өткенде Ер Төстік туралы қысқаша мәлімет бере келіп, ертегінің негізгі идеясын аша отырып, ондағы кейіпкерлерді зерттеу. Олай болса, топта бірігіп осы сұрақтарға жауап іздейсіздер деп, «Рольдегі оқушылар» әдісін пайдалана отырып, І топ зерттеушілер - ертегілердің шығу тарихын зерттеуді, ІІ топ баяндаушылар - ертегігінің мазмұнын баяндауды, ІІІ топ жоба қорғаушылар - «Біздің қиялымыздағы Ер Төстік» тақырыбында жоба қорғау тапсырылды. Алдымен оқушылар топта өзара ақылдасып пікірлерін ортаға тоғыстырды. Зерттеушілерге жазушыға байланысты қосымша материалдар бердім. Берілген 20 минут уақыт аралығында топтар қызу жұмыс жүргізді.

Сұрақ қоюға келер болсақ, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Оқытудағы жаңа тәсілдер. 41 бет). Мен сабақтарымда сұрақ қоюды түрлендіріп қолдана білемін деп ойлаймын. Әр сабаққа сұрақты түрлендіріп пайдаланудағы мақсат:

• Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру;

• Білімге деген ынтасын ояту;

• Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

• Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

сұрақ қоюдың мынадай әдістерін өз сабақтарымда пайдаландым: ой қозғау, «он сұрақ» әдісі, Блум түймедағы. « Он сұрақ» әдісі сыни тұрғыдан ойланып тез шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Яғни үш топтан үш оқушыны ортағы шығады. Олардың маңдайына тақырыпқа қатысты бір тірек сөз жазылған стикер жапсырамын. Қалған оқушылар осы сөзге қатысты сұрақ қояды. Ортадағы оқушы соңында стикердегі сөзді табуы керек. Оқушы сұрақ қою үшін ойлана білді. Бір оқушы жеңіл сұрақ қойса, келесі оқушы оны күрделендіруге тырысты. Ал «Блум түймедағы» әдісін пайдалану арқылы бірден алты әдісті пайдаланып шығуға болады. Олар:

Жай сұрақтары (дәлел, факт) - Жауап беруде қандай да бір деректі атау. (ақпаратты есте сақтауға нақты дәлел келтіру)

Анықтау сұрақтары - «Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай ғой…?» т. б. Әңгімелесушінің жаңа сөзіне кері байланыс орнату үшін қажет.

Интерпретациялау сұрақтары (түсіндірме) - «Не үшін..?» деген сұрақтардан басталады. Бұл сұрақтар себеп - салдар байланысты орнатуға бағытталады.

Бағалау сұрақтары (салыстыру) - Оқиғаларға, деректерге, құбылыстарға берілген бағалау өлшемін түсіндіруге арналады. « Неге … жоғары деңгейде, ал… төменгі деңгейде?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді…?»

Шығармашылық сұрақтар (болжам) - Сұрақта шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам болса«Сіз қалай ойлайсыз болашақта …?», «Қалай ойлайсыз оқиғаны әрі қарай қалай өрбуі мүмкін…?»

Тәжірибелік сұрақтар - Әр уақытта теорияның тәжірибемен байланысына бағытталады «Біз нені өзгертер едік…?» «Сіз не істер едіңіз…?»

«Ер Төстік» ертегісінің екінші сағатында осы алты сұрақты басшылыққа ала отырып берген жауаптарына өте риза болдым. Оқушылар ертегінің не себепті ұнағанын айта отырып, халыққа осы ертегі үшін рахметтерін айтты. Бұл жұмысты жұпта бағалады. Менің түйгенім, сұрақ арқылы оқушылардың түсіну деңгейін бағалау бұдан әрі жоғары дәрежелі сұрақтарға күрделенсе, оқушылардың сыни ойлауы жақсы деңгейде қалыптасқан болар еді.

Сабақта қолданған әдістемелерді мен аспан аясы, жауған жаңбыр, өскен гүлдер ретінде көрсеттім. Жаңбырдан кейін, өсіп шыққан гүлдер сияқты, мен, оқушылардың білімдерін жоғары деңгейге көтеру үшін және жан-жақты қалыптастыру үшін тиімді оқу әдістемелерін қолданамын.

Аспан-білім әуені. Бұлт сыни тұрғыдан ойлау модулін көрсетеді. Тамшылар сабаққа қолданатын әдістерді бейнелейді. Ал жаңбырдан кейін өсіп шыққан гүлдер оқушылардың білім деңгейін, білім нәрін алып жатқан кейіпті суреттейді.

Сабақтарда ассоцияция, интервью, Венн диаграмма, сұрақ қою, қайта сұрақ қою, білемін, білдім, білгім келеді, бес жолдың өлең стратегияларын қолданамын.

Ассоциация - оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.

Интервью. Еркін ойлау машықтарын, іскерлік қабілеттерін, белсенділігін арттырады, бір-бірін тыңдап, дұрыс, тиімді, нақты жауап қайтаруға, құрметтеуге үйретеді.

Венн диаграмма стратегиясы салыстыру, бір-бірінің нақты айырмашылығын таба білу қабілеттерін арттырады

Сұрақ қою, қайта сұрақ қою стратегиясы оқушылардың бірін- бірі тыңдап, дұрыс жауап қайтаруға үйретеді.

Білемін, білдім, білгім келеді, бес жолдық өлең - оқушылардың шығармашылық қасиеттерін арттырады.

Осы модульдің қызықты болғаны соншалықты балалар әр-түрлі жаңа әдістер пайдаланып, соның әсерінде қызығушылық туады.

Мысалы, балалар, әсіресе, ассоциация,Венн диаграмма, олең шығаруды қызыға қолданады.

Әдістеменің ерекшелігі: оқушылар өз бетінше іздену арқылы жаңа білім табады. Оқушылардың шығармашылығы, танымдылығы дамиды. Оқушылардың жұптық, топтық жұмыстары жаттығады.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін жүйелі қолданып, үнемі орынды пайдалана білсек , оқушылардың өз ойын еркін айтып, ойланып, тұжырым жасап, қолдана алатындарына сенімім зор. Бұл модульді енгізгенде оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болады.

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі оқу әдістерін, жұмыс түрлерін пайдаланамын.

Оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс қолданғанда ғана нәтиже болады.

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмесең, қадірлемесең адам толық мәнді интеллигент емес» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, әр ұстаз өз пәнін жетік біліп, өз тілінде жеткізе білсе, онда еліміздің болашағы жарқын болады деген сенімділік.

«Сын тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 54бет) дегендей, аталған әдістерді сабақта ұдайы пайдалану, оқушылардың сыни ойлауын белсенді қалыптастыратынын ұқтым. Мұндай сабақтардың көптеп болуы, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін жеткізе білуіне септігін тигізіп, алған білімін ертеңгі күні пайдалана алары сөзсіз.

© 2010-2022