Название разработки: Күз сыйы

Табиғаттағы маусымдық күз мезгілінде өзгерістер: күн салқындап жапырақтар сарғайып  түсуі,жемістер мен көкөністер жинау, олардың адам ағзасына пайдасы, қысқа дайындау туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар жасалатыны туралы білімдерін жинақтау.   Күз мезгілінде жеміс бағын бейнелеу арқылы (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу) әңгімелеу тілін қалыптастыру,  баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Название разработки: Күз сыйы.Ересек тобындағы ұйымдастырылатын кешенді оқу іс-әрекетінің технологиялық картасының жобасы.

Білім беру саласы

Қатынас, шығармашылық,. әлеуметтік орта.

Тобы

Ересектер.

Бөлімі

Тіл дамыту.

Тақырыбы

Күз сыйы.

Құзыреттілікке жеткізетін оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері

Ақпараттық құзыреттілік


Коммуникативтік құзыреттілік

Проблема шешгу құзыреттілігі

Табиғаттағы маусымдық күз мезгілінде өзгерістер: күн салқындап жапырақтар сарғайып түсуі, жемістер мен көкөністер жинау, олардың адам ағзасына пайдасы, қысқа дайындау туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар жасалатыны туралы білімдерін жинақтау.

Күз мезгілінде жеміс бағын бейнелеу арқылы (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу) әңгімелеу тілін қалыптастыру, баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін алгоритмдеу арқылы меңгерту.

Тапсырма орындау арқылы жемістер мен көкөністерді ажырата білу, топтау, атауларын үш тілде атау арқылы сөздік қорын дамыту, жалпылауыш сөздерді қолдана білуге (көкөністер, жемістер) үйрету. Түбірлес сөздерді (бақша, бақшада) жасауға және қолдануға жаттықтыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Жеміс пен көкіністерді көлеміне қарай дұрыс орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Берілген шығармалардан үзінділер жатап (өлеңдер), ұсынған «Жеміс бағында» тақырыбына сай шығарма бойынша сұрақтарға жауап беру, әңгіме үзіндісін қайталап айтуға, компьютерді пайдаланып бірнеше біркелкі заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін (үлкен және кішкентай көкөністер мен жемістер) суретті орналастыруға қатыстыру. Үлкендердің еңбектерін құремттеуге, үлкендерге көмектесуге ықыластарын арттыру.

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет түрі

Кешенді

Пәнаралық байланыс

Қоршаған ортамен таныстыру, экология, бейнелеу өнері.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланатын технологиялар мен әдіс-тәсілдері

АКТ, ойын; ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, өлеңдер оқу,ребус шешу; слайд көрсету; компьтермен тапсырма орындау.

Билингвальдық компонент

Жемістер-фрукты-fruit, көкөністер-овощи-vegetables, алма-яблоко-apple, алмұрт-груша-pear, қияр-огурец-cucumber, қызанақ-помидор-tomato.

Пайдаланатын оқыту құралдары

Компьютерлер, проектор. Табиғи жеміс пен көкіністер, дидактикалық ойынға арналған карточкалар, себеттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

- Ой қозғау

Балалар бізге бағбан себет әкеліпті, себетін ішінде тілхат бар екен. Ашып көрейік.

Өлең оқып беру.

Бұл қай кезде болады?

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Алма, өрік, шие, алмұрт,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

І.Жансүгіров.

Дұрыс, бұл күз мезгілінде болады.

Шешімін айтқан соң слайд арқылы күз мезгілінің суретін көрсету.

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Дұрыс, күз мезгілі.

- Күз мезгілі қандай тамаша.

- Мына суретке қарап күз туралы не айтуға болады?

Өте жақсы.

Жасырған жұмбақты зейін қойып тындайды.




-Бұл күз мезгілінде болады.

Слайдқа назар аударып қарайды.

-Суретте жылдың күз мезгілі бейнеленген.

Күз мезгілі өте тамаша. Табиғат өте әдемі, ағаштар түрлі түске бөленіп, жапырақтар, шөптер сарғайып, астық, жеміс піседі.

Іздену - ұйымдастырушы




















Название разработки: Күз сыйы.










Балалар қазір «Жеміс бағында» тақырыбында әңгіме тындайық. Мұхият тындау қажет. Әңгіме тындап болған соң, қайталап айтып бересіз.

Әуеннен балалармен әңгіме тыңдау.

Жеміс бағында.

Ерте, ерте ертеде ме......., әлде қазіргі заманда ма, белгісіз, Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келеді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария:

- Дәулетжан, бүгін баққа барамыз тұра ғой,- дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятады.

Бұрын - соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «Ол не екен?»- деп ойлайды.Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі, бұтақтарын жемістен көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп, «бақ» деген сөзге бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап , бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш:

- Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін-деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп береді.

Келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен?

- Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін, - деп таныстырады. Шие жемісінен үзіп береді.

Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай таныстырады:

- Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды.

- Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім,-деп өзіне таныстырып, жемісінен сыйлайды.

Дәулет атасына біраз көмектеседі. Жемістер жинады, бақшаны тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты.

- Балалар сізге әңгіме ұнадыма?

- Әңгімеде Даулетке қандай ағаштар кездескен?

- Бірінші кездеске шие ағашы не депті Даулетке?

Дұрыс.

- Келесі кездескен ағаш не депті?

Өте дұрыс.

- Ал келесі биік өсіп тұрған ағаш Даулетке не депті?

Дұрыс.

- Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан

Дәулетке қандай ағаштар кездесті?

Өте жақсы.

- Даулет туралы не айтуға болады?

- Даулетке атасы өз ризашылығын қалай білдірген?

Өте жақсы, барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіз.

- Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,
Өнімдерді жинайық.
Мына қатар шалқан,
Мына қатар қызылша,
Мына жерде сәбіздер.
Түгел жинап алдық біз,
Мол өнімді Алтын күз.
Қолымыз талсада,
Жинап алдық бәрін біз.

- Балалар, бізге бағбан беріп жіберген себетін іші сияпатқа толы екен. Барлығымыз көрейік, ішінде не бар.

Осы жемістер мен көкіністердің дәмін тапсырма орындап болған соң татуды ұсынады.

  1. Тапсырманы түсіндіру:

  2. «Көкөністер мен жемістер жинау» тапсырманы орындаймыз, әрбіреуін берілген жемістерді бір себетке, ал көкіністерді екінші себетке жинап салуыныз қажет.

  3. Тапсырманы шапшан орындау керек, бірақ жемістер мен көкөністерді шатыстырмай өз себетіне саламыз.

- Арман сен себетке не жинадың? Оны орысша, ағылшынша қалай дұрыс атаймыз?

Барлығын бірге айтқанда қалай айтамыз?

Келесі баладан сұрау:

Сен себетке не салдын? Орысша қалай аталады, ағылшынша?

Себетке жинаған заттарды барлығын бірге қалай айтуға болады?

Дұрыс. Өте жақсы.

Бірнеше балаға салған жемістер мен көкіністерді атауды ұсыну.

- Балалар жемістер мен көкіністер туралы кім тақпақтар біледі?

Балаларға білетін тақпақтарын айтуды ұсыну.



Өте жақсы, жарайсындар.

Бағбан себетінеде біздерге тағы тапсырма беріп жіберген.

І тапсырма.

- Балалар жемістер мен көкөністер қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Қызаңақтың пішіні, түсі қандай кім айтады?

Қиярдың пішіні, түсі қандай кім айтады?

Алманың пішіні, түсі қандай кім айтады?

Алмұрттың пішіні, түсі қандай кім айтады?

-Балалар, қазір топқа бөлініп Раint бағдарламасы арқылы бір топша қиярдың, қызанақтың, ал екінші топша алманың, алмұрттың суреттерін саламыз.

ІІ тапсырма. Тақырыбы: Анамызға көкөніс тұздауға көмектесейік.

Шарты: Мониторда салынған банкаларға тышқанды пайдаланып, рет-ретімен, қатарлап көкіністерді орналастыру қажет.

- Балалардың бір тобына дайын салынған банка суретіне

көкөністерді салып тұздауды, ал екінші тобына жемістердің суреттерін пайдаланып компот жабуды ұсыну.

- Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастыру қажет. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырған дұрыс.

Жұмыс барысында дұрыс орналастыруларын қадағалаймын.

Сіз салған қиярлар мен қызанақтардан және алма мен алмұрттан дәмді ассорти шығады.

- Балалар біз бүгін аналарымызға көп көмек тигіздік, олар жұмыстарынды көріп, қатты қуанады деп ойламын.

Өте жақсы.

Балалар зейін қойып «Жеміс бағында» тақырыбындағы әңгіме тындайдап,мазмұның түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Ия, ұнады.

Әңгімеде өрік, шие, алмұрт, жүзім ағаштары Даулетке кездескен.

Бірінші кездескен ағаш шие.

- Мен өрікпін, өрікпін,

Күннің көзін сүйемін,

- Табиғатқа көрікпін-деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп береді.

Келесі:

- Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін, - деп таныстырады. Шие жемісінен үзіп береді.

Келесі ағаш:

- Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Келесі тап болған ағаш:

- Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім, - деп өзіне таныстырып, жемісінен сыйлайды.

- Дәулет атасына біраз көмектеседі. Жемістер жинады , бақшаны тазартты.

- «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты.

Барлығы бірігіп сергіту сәтін жасайды.

Орындарынан тұрады.

Еңкейіп иеледі.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Алға қолдарын созылып

Еңкейіп жинайды.

Қолдарын екі жаққа жайады.

Қолдарын алға созып,

Алақандарын көрсетеді.

Бірігіп себетті қарайды ішінде жемістер мен көкіністер көп екенін көреді.

Тапсырманы орындау шартың тындайды.

Компьютер арқылы тапсырманы орындайды.


- Арман. Мен алма-яблоко- apple, алмұрт-груша-pear салдым.

Барлығын бірге айтқанда жемістер-фрукты- fruit - деп атаймыз.

Мен қияр-огурец-cucumber, қызанақ-помидор-tomato салдым.

Барлығын бірге айтқанда көкөністер,-овощи- vegetables - деп атаймыз.

Бірнеше бала салған жемістер мен көкіністерін атайды.

Арман.

Апорт алмасы

Бақ ішінде алмалар,

Бар жемістен бағалы.

Көрген адам таңданар

Көздің жауын алады.

Әсем.

Алмұрт

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Талғат.

Жүзім

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Айгүл.

Орік

Мен орікпін, орікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Рустам.

Қарбыздар

Жаздың әр бір таңында,

Өзінің бау - бағында.

Жайылып жасыл желегі,

Қарбыз өсіп келеді.

Күні ертең-ақ , міне біз

Сонан ауыз тиеміз.

Соннан кейін майға да,

Қарамаймыз шайға да.

Әдия.

Қияр - бәдірен

«Бәдірен же -дейді - бәдірен»,

Бәдірен деген досымның

Әкелеген қияр бағынан.

Бұл да бізге таныс дәм,

Баяғыдан, бағыдан

Бәдіренді сағынам.

Қызанақ дөңгелекке ұқсайды, түсі қызыл, піспеген қызанақ жасыл түсті болады..

Қияр сопақша, түсі жасыл.

Алма дөңгелекке ұқсайды, түсі қызыл, сары, жасалда болады.

Алмұрттың пішіні сопақша, ал түсі сары немесе жасыл болады .

Раint бағдарламасын ашып, қажетті пішіндер мен түстерді тандап, тапсырманы орындайды.

Қияр - Қызанақ -

Алмұрт - Алма -

Тапсырманың шартың мұқият тындайды.

Power point бағдарламасы арқылы бір банкеге қиярлар мен қызанақтарды, ал екінші банкаға алмалар мен алмұртарды орналастырады.

Жұмыстану барысында алдымен қатты заттарды, артынан жұмсақ заттарды салып орналастырады.

Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастырады. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырады.

Өз суреттеріне қарап салған қиярлар мен қызанақтардан және алма мен алмұрттан дәмді ассорти шыққанын көреді, қуанышқа бөленеді.

Рефлексивті коррекциялаушы

- Балалар мына ребусті шешіп көрейік.

Келесі ребусті кім шешеді.

Келесі ребусті шешіп көрейік.

Бүгін барлығын оқу іс-әрекетінде жақсы қатысқан үшін бағбан сізгі күз сыйын беріп жіберіпті.

Суреттерге қарап КҮЗ деген сөз пайда болғанын айтады.

Көкөніс.

Жеміс.

Бағбан сылығына ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтады.

Күтілетін нәтиже

Баланың білуі: Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді, адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты, табиғатта өзін-өзі дұрыс ұстау түсініктерін білді.

Баланың меңгеруі: Күз мезгіліне тән ерекшеліктерді талдау жолдарын, ауызша жеткізе білу әдіс-тәсілдерін, Paint бағдарламасын пайдаланып дұрыс орналастыру әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Күзге тән ерекшеліктерді сипаттайды, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табады, салыстырады, Paint бағдарламасын пайдаланып көкіністер мен жемістердің суретін орналастыра алады.

© 2010-2022