Конспект по өзін-өзі тану Өмір мектебі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Аты-жөні:

Мекен-жайы

Жұмыс орны

Электрондық поштасы

Байланыс номері

Фото суреті

Алимова Жанат Сағдиқызы

Қызылорда облысы,

Жанақорған ауданы,

«Бесарық» бекеті

№247 орта мектеп

[email protected]

87026291867

Конспект по өзін-өзі тану Өмір мектебі

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_____№247_________Мерзiм__12.05.2015__________№__34___

Тақырып____Өмір мектебі Құндылық___Дұрыс әрекет_______________Қасиеттер__сүйіспеншілік, жақсылық жасау,еңбекқорлық__________________________

Мұғалiм ___Алимова_Ж.С____________Класс___5_____Оқушылар саны_______

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмір мәнін жақсылық жасай отырып дұрыс әрекет құндылық мәнін ашу.

Міндеттері:

-Сүйіспеншілікпен жақсылық жасай білуге білуге үйрету;

-адамдардың бір - бірімен сүйіспеншілік арқылы жақсылық жасау,еңбекқорлық іскерліктерін дамыту;

-әрқашанда жақсылық жасауға.еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(оқулық, жұмыс дәптері, , бейнежазба.слайд,өлеңнің сөзі)

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

.Жағымды күйге келу.

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

II.Үй тапсырмасын тексеру. Данышпан ата аңыз әңгімесін рөлге ене отырып әңгімелеу.

- Стакандағы ірі тастар,ұсақ тастар,құмды өмірмен байланыстырып салыстыру.

Ескерту

Джеймс Ласт-одинокий пастух әуені

III.Дәйек сөз

Өзіңді танығың келсе адамдардың ісіне қара,

Өмірді танығың келсе өзіңнің жүрегіңе үңіл.

Ф. Шиллер.

2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға айтқызу, сосын барлығы қосылып айтады.

Осыны балалар қалай түсінеміз,мағынасын талдап көрейік.

Өзіңді тану арқылы ,өмірді танисың деген өлең шумағына келтіре аламыз ба?

Өзіңді тану деген не?

Өзгеге жақсылық жасамай жақсы болуға бола ма?

IV. (Мұғалімнің сыйы)

Мұғалім: Балалар мен сіздерге мынадай шағын әңгіме оқып берейін. «Ертеде бір жас адам шалшық жолмен келе жатып, алтын теңге тауып алады. Еңкейіп көтеріп алған соң, әрі қарай алтын теңге іздеуге кіріседі. Ойлағанындай болып кейде оған алтын теңгелер табылып отырады. Өмір солай өз қарқынымен жүре береді. Жас адам еңкейіп, қарттық жеңіп, өмірінің соңғы сағаттары соққанда, артындағылар қарттан сұрайды «Өмір» деген не? Сіз оны білесіз бе? - дейді. Сонда қарт адам: «Өмір - бұл шалшық жол, бірақ кейде алтын теңге табылатын» - деп бұл өмірден өтеді»
Сұрақ:- Қалай ойлайсыздар, қарт бұл сөзбен не айтпақ болды?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

М.Мақатаев «Өмір жайлы сұрай берме сен менен»

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Жесір келін, бір нәресте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген.

Өмір жайлы не түсінем мен деген...

Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Өміріне кегі кеткен, өлмеген,

Жалған айып таңылғанда көлденең,

Ақиқаттың аппақ туын бермеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,

Нені көрді, нені сезді, не білді.

Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді?

1 минуттық бейне жазба көрсету.Өмірдің мәні,адам туралы ойлар

Ал енді қайсысы дұрыс,қайсысы бұрыс бір сәт саралап көрейікші

Өзі үшін де,өзгелер үшін де еңбек ете білетін артында иілікті мұрат қалдырып із қалдыру керек.

V.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды түстер арқылы 3 топқа бөліп, плакатқа «өмір ағашын»салып


VI.Топпен ән айту.

«Өкінбе сен»



I. Гүлсіз болмас дүние

күндіз болмас

Күнсіз болмас дүние

түнсіз болмас

Ғашықтық қуаныш

боп сезілгенмен

Махаббат ешқашанда

мұңсыз болмас


Қ-сы

Тірліктің талай

гүлі солғанменен

Тағдырдың талай

мұңы болғанменен

Өмірге келгеніңе

өкінбе сен

Өкінбе сен

Өкінбе сен


II. Бар қызығын өмірдің

ала алмассың

Қуаныш боп мәңгілік

жаралмассың

Жарқырап айлы түнде

жұлдыздардай

Бәлкім сен бақыт

болып жана алмассың

VII.Үй тапсырмасы.

(екінші тақырыпты оқып келу)

VIII.Соңғы қорытынды сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта салған өмір ағаштарыңды елестедіңдер.Сендердің өмір ағаштарың бәйтеректей биік болсын. Мен бүгін сендерге ризамын. Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!



Жаңақорған аудандық білім бөлімі .

№247 орта мектеп

Ашық сабақ

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Өмір мектебі.

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Алимова.Ж.С



Қызыл орда-2015







© 2010-2022