Мақал-мәтел туралы шығарма

Мынау мағлұматтар бір септігі тиер: Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой д...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақал-мәтел туралы шығарма

Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.

Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»

деген жолдар осының дәлелі.

Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап отырған.

Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде

«Жарлы болсаң, арлы болма»

деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,

«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын»

дейді.

«Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»

деген мақалдарды келтіреді де,

«сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой»

дейді.

«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады»

деген мақал женінде

«періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны»

деп реніш білдірген. Ақын пікірінше,

«қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».

© 2010-2022