Ашық сабақ Тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-апта

5-күн

3-сабақ 17.10.14ж

Сыныбы

6 «Ә»

Пәні

Әдебиет

Пән мұғалімі

Мұқанбетова Айнаш

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі

Жалпы мақсаты

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинақтай отырып, жаңа өлеңнің мән-мағынасын ұғыну, тақырыбы мен идеясын анықтап,сыни ойлау көзқарасын дамыту.Диалогтік оқыту арқылы еркін пікірлесуге, ой бөлісуге дағдыландыру.«Құлақтан кіріп, бойды алатұғын» ән өнерінің құдіретін ақынша сезіне білуге, Абай әндерін біліп, орындауға үйрену.

Сілтеме

6-сыныптың әдебиет оқулығы, Абай Құанбаевтың өлеңдер жинағы, 1-2 том, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, «Мұғалімге арналған Нұсқаулық», тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.

Оқыту нәтижеле-рі

Ақын өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады, сыни ойлап, өзіндік ой-пікірлерін жинақтап айта алады. Диалогтік оқыту негізінде жұптық жұмыс арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады, шығармашылық ойлауы дамиды. Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі.

Негізгі идеялар

«Әнді сүйсең, менше сүй»

Әдіс-тәсілдер

«Қоржындағы сұрақтар», ой қозғау, жұптық, топтық жұмыс, «Ойлаудың 6 қалпағы», постер қорғау

Дереккөз-дер

Қима қағаздар, АКТ, слайдтар, плакат, түрлі маркерлер, стикер, рефлексия смайлигі

Мұғалім жазбалары

Уақыты

3минут




6 минут


6 минут











5 мин


5 мин

2 мин

10 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сыныппен сәлемдесу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Жүректен-жүрекке» дөңгелек шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, жүрек ұсынады. Әр түрлі түсті конфеттер тарату арқылы түстер бойынша топқа бөлу.

Рөлдерді бөлу (топ лидерін сайлау)

Үй тапсырмасы бойынша сурет салып келген дарынды балалардың суреттерін тақтаға іліп, марапаттау.

«Қоржындағы сұрақтар»Топ көшбасшылары сұрақтарды алып, тобымен ақылдасып, топ ішінен келісіп біреуі жауап береді.

1.Ақын өлеңінде жүйрік аттың бейнесін неліктен жырлады?

2.Жылқы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

3.Жылқы малына деген өзіңнің көзқарасың қандай? Абай берген ат бейнесі көңіліңнен шықты ма?

4.Өлеңнен қандай тәрбие алуға болады?

«Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға көздерін жұмып, интертақта арқылы ән тыңдату.

Бауыржан Исаевтың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні

Сұрақтар:

1.Біз не істедік?

-Ән тыңдадық.

2.Қалай тыңдадық?

-Көзімізді жұмып, есту арқылы.

3.Ән қалай аталады?

4.Орындаушы кім?

5. Әннің әсері болды ма?

6. Әнді тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар?

«Құлақтан кіріп бойды алатын» ән өнерінің құдіреті жайлы жырлаған Абайдың өлеңі туралы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

«Құлақтан кіріп, бойды алар...» - Абайдың 1897 жылы

М. Ю. Лермонтовтың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтантұрады. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған.

  • Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

Абай әндерінің тізімі: (слайд арқылы көрсету)

  1. «Сегіз аяқ».

  2. «Бойы бұлғаң».

  3. «Қор болды жаным».

  4. «Көзімнің қарасы»

  5. «Желсіз түнде жарық -ай».

  6. «Өзгеге көңілім тоярсың».

  7. «Әсемпаз болма әр неге».

  8. «Татьянаның хаты»

  9. «Қараңғы түнде тау қалғып»

  10. «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» . (И.А.Крыловтан,романс) т.б

-Абайдың қандай күйлері бар? ( «Торжорға», «Май түні», «Желдірме»)

Жұптық жұмыс

Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді.

Топтық жұмыс

2-топ Ән, күй өнері туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.

3-топ Бір шумағын өлең құрылысына талдайды.

4-топ Ән өнері туралы эссе жазу.

«Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі

Абай әндері саған ұнай ма? сұрағына сыни ойлай отырып, өз көзқарастарын қорғайды.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Топтық жұмыс

1-топ «Желсіз түнде жарық ай»

2-топ «Көзімнің қарасы»

3-топ «Айттым сәлем Қаламқас»

4-топ «Өзгеге көңілім тоярсың»

1.Постер қорғау

2.Әндерін орындау.

Оқушының іс-әрекеті Мұғаліммен сәлемдесу.Оқушылар дөңгелек шеңбер құрып тұрып, тілек айтады.топтарға бөлінеді. Лидер тобындағы мүшелердің бағаларын қойып отырады.

«Жас суретшілер» тақтасына іледі.

Сұрақтарға топ болып пікірлесіп жауап береді.

Әнді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.













Жұпта пікірлеседі.

Топтық жұмыс жасайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.

6 оқушы өз ойларын білдіреді.

Постер дайындап, қорғайды.

2минут

Бағалау. Формативті -Гүл, жүрек жапсырмаларын ұсыну.

.

Топтар бірін-бірі бағалайды

4 минут

Рефлексия

  • «Бағдаршам» әдісіБағдаршам сигналдары:

жасыл сигнал = Мен жақсы орындадым, сары = Мен жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу қажет және қызыл сигнал = Маған көмек керек.

Бағдаршам көздері арқылы көрсетеді.

2 минут

Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау.

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет



© 2010-2022