• Преподавателю
  • Другое
  • «Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде дамытушы технологиялардың маңызы»

«Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде дамытушы технологиялардың маңызы»

«Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеудедамытушы технологиялардың маңызы»Дамыта оқытатын педагогикалық технология – бұл үлкен мен бала арасындағы ортақ болмыс; жаратылыс. Бірге уайымдау. Бірінің қызығушылығын есеретін әрекет. Ерекшелік пен бейімділік. Құқығы мен міндеті.Дамытушы технологиялар: Дәстүрлі оқытуда балаға дайын өнімді, әрекет дағдыны үйренуге ұсынылады. Дамыта оқытуда бала қандай да бір пікірге өздігінен, өз әрекетінен мәселенің талданған нәтижесінен шешімге келу керек. 1...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тараз қаласы №34 «Бақыт»

балабақшасының әдіскері: А.О.Токтамысова

«Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде

дамытушы технологиялардың маңызы»

Дамыта оқытатын педагогикалық технология - бұл үлкен мен бала арасындағы ортақ болмыс; жаратылыс. Бірге уайымдау. Бірінің қызығушылығын есеретін әрекет. Ерекшелік пен бейімділік. Құқығы мен міндеті.

Дамытушы технологиялар: Дәстүрлі оқытуда балаға дайын өнімді, әрекет дағдыны үйренуге ұсынылады. Дамыта оқытуда бала қандай да бір пікірге өздігінен, өз әрекетінен мәселенің талданған нәтижесінен шешімге келу керек.

  1. Дамыта оқытатын педагогтың педагогикалық ұстанымы мына сөздер болу керек: «Балаға ақпаратты дайын түрде бермеу. Яғни бала жаңа білімді ашатындай жағдайда жұмыс істеу керек.»

  2. Әрбір баланың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін оқу іс-әрекетәнде заттық дамыту ортасын жасау керек, балалық қызығушылығының орындалуына мүмкіндік беру керек. Олардың өмірлік белсенділігін.

  3. Оқу іс әрекеті бала тек тыңдап отырып қана қоймай, өзі де дамыту үрдісіне қатысып, үнемі ойын тапсырмаларын орындау барысында жаттығатындай болып құрылу керек.

  4. Дамыта оқыту үрдісінде 3-7 жас аралығында қазіргі Воскобович, Никитин, Дьенеш және Кюзенердің технологияларын, ойын, ақпатарттық, жобалау, бейнелеме -таңбалық және денсаулық сақтау технологияларын пайдалануға болады.

  5. Мектепке дейінгі кіші және ортаңғы жас кезеңдерінде ойын әдістері мен дамытушы ойындарды пайдалану лайықты. Жарқын, көркем дайындалған ойындар баланы еріксіз соның ішінде әрекетін қатыстырады.

  6. Воскобовичтің ойындары -ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көпатқарымдылық. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.

  7. Сандар құрамы бала үшін қиын, бірақ оны игеруге Кюизенер технологиясының көмегі зор. Кюизенер таяқшалары - түстер саны, қол арқылы әртүрлі дерексіз түсініктерді ұғынуға мүмкіндік беретін көпсалалы математикалық нұсқаулық болып табылады. Кюизенер таяқшалары санауға пішіндерді орналастыруда тиімді. Бірақ бұл тәсілді пайдалану кезінде баланың жас ерекшелігі мен қабілет дәрежесін ескеру керек.

  8. Дьенештің логикалық ойындары баланың логикалық ойлауын, епшілдігін, талдау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын логикалық тапсырмалар арқылы қалыптастырады, объектілердің әртүрлі қасиеттерін атауға, жоқ затты сөз арқылы көрсетуге, айқындауға үйренеді, есте бір мезгілде дерексіз заттың бірнеше қасиетін сақтап тұруға үйретеді.

  9. Б.П.Никитиннің дамытушы ойындары негізгі ережелерді оқытуды біріктіруге тартады -қабіліеттің жеңілден ауырға өздігінен шығармашыл әрекет етуінде ең қажетті қағидат. Ойын барысында балаға қиындықтың біртіндеп өскеніне қарамай өздігінен алға ұмтылуға жетелейді. Баланың алдына тапсырмаларды шешу көрнекі және айтарлықтай заттар сурет түрінде, өрнек, текшелерді орнатуда, конструкторлардың бөлшектері логикалық тапсырмалардың шешімі дерексіз нысанда көз алдына келеді. Бұл тапсырма мен шешімнің нақтылығын өзі тексеруге мүмкіндік береді.

  10. Психологиялық саулық, баланың денсаулығы, тілдік-танымдық қабілетті, шығармашылық қиял, шығармашыл ойлау және коммуникативтік дағдыны дамытуға жобалау технологиясы мүмкіндік береді. Жобалау әдісінің негізгі мақсаты еркін шығармашыл бала тұлғасын дамыту. Жобалау әдісінің келесі түрлерін кіші жастарда қолдануға болады:

  • Шығармашыл-зертеу,

  • Желілі ойындар,

  • Ақпараттық-тәжірибелік бағытталған,

  • Шығармашылық

  1. Дамыта оқытуда орындау үрдісінде балаларға өзара әрекеттесуге, келесімге келуге, мәселелі жағдайларды шешуге үйрету өте маңызды.

  2. Баланың қиялын, дағдысын дамытуда символикалық кескіндемеге бағыттауға бейнелеме -таңбалық технологиясы мүмкіндік береді. Мысалы, таблицалар, пиктограммалар, схемалар, жол ереже белгілері.

  3. Балалармен сапалы деңгейде оқу іс әрекетін дайындау мен жүргізуде ақпараттық технологияны қолданамыз. Ақпараттық технологиялар техникалық тәсілмен оқытуда, педагогтің ата-аналармен және балалармен бірлескен әрекетте қажетті болып табылады.

  4. Ересектер тобында дамыта оқыту технологиясының элементінің бірі ол педагогтің ұйымдастыру қабілеті болып табылады. Пікірталасты құру мен ұстап тұру, балаларды ойлауға, дәлелді шешім шығаруға үйрету.

  5. Балаларға тапсырма қорытындасын шығару, шешімнің орындалуы сапасын өзара бақылау әдісін қолдану өте ұнайды.

  6. М.Монтессоридің өздігінен даму технологиясы балабақшада еркін тәрбиелеу мен дамуды іске асыру.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

  • жан-жақты даму;

  • дербестік тәрбиелеу;

  • бала санасында заттық әлем және ойшыл қызметті біріктіру

Тұжырымдамалық жағдайы:

  • Өзін-өзі тәрбиелеу

  • Өзін-өзі оқыту

  • Өзін-өзі дамыту

Тәрбиеші-мұғалім емес жетекші мәжбүрлемеу керек , тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.

Әдістеменің ұраны: «Мұны өзім жасауға көмектес!» Демек, Монтессори әдістемесін балабақшада пайдаланудың тиімділігі - бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды.

  1. Тұлғаның қасиетін шығармашыл бағытында дамыта оқытатын технология

Өнертапқыштық тапсырмаларын шешуші теория (ТРИЗ). Негізін қалаған Генрих Саулович Алтьшуллер.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

  • шығармашылық қызметін оқыту;

  • шығармашыл қиял әдістерімен таныстыру;

  • өнертапқыштық тапсырмаларды шешуге үйрету;

Тұжырымдамалық жағдайы:

  • білім-құрал, шығармашылық түйсіктің негізі;

  • әркім шығармашылық қабілетті, барлығы зерттей алады;

  • шығармашылыққа басқа да қызмет сияқты үйренуге болады.

  1. Н.А.Зайцевтің ерте және қарқынды сауат ашу технологиясы.

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

  • бес жастан бастап баланы оқуға және жүзге дейін санауға үйрету.

Тұжырымдамалық жағдайы:

  • Сөйлеуге қалыптасу және оқуға үйрету бір-біріне көмектесе, қатар жүргізілу керек,

  • Оқытуға үйрету принципін жинақтау, дыбыстық принциптен бас тарту;

  • Оқытуды ән айтумен байланыстыру(жинақталған ән-әуен түрінде есте сақтау);

  • Есте сақтаудың барлығын қолдану: дыбыстық, түстілік, көлемдік, қозғаушылық, кинестетикалық:

  • Барлық сезім мүшелерімен қабылдау, барынша көп көрнекілікпен;

  • Дыбыстардың аты оқытылмайды, ешқандай терминдер қолданылмайды;

  1. Ойын технологиясы:

Бұл технологияның мақсатты бағыты:

  • Дидактикалық: ой-өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту;

  • Тәрбиелеуші: дербестікке, жігерлілікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиелеу;

  • Дамытушылық: зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға, қиялдауын, фантазиялауын, шығармашылық қабілетін, оқу уәждемелік қызметін дамыту;

  • Әлеуметтендіруші: қоғам құндылықтарының ережелеріне тарту, қоршаған орта жағдайына бейімдеу, қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Тұжырымдамалық жағдайы:

  • Ойын - тұлғаның қиялдау еркіндігі;

  • Бала ойындарының мазмұны ойын арқылы дамиды;

  • Ойын- мектеп жасына дейінгі баланың қимыл әрекетін басқарушы құрал.

Тәрбиешінің әрбір баламен, даму деңгейін қызығушылығын және мұқтаждығын ескеретін мағыналы қатынас, дамыта оқыту үрдісін құрудың негізі болып табылады.

Қорытындысына айтқым келетіні, тек қана жаны жігерленген педагогтың технологиясы ғана керекті нәтижені береді.

Құрметті педагогтар! Ізденіңіздер. Жасаңыздар!



© 2010-2022