Қанатова Ахлима Дүзетбайқызы Менің Президентім!

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 6 «Б»

Мұғалім аты-жөні

Қанатова А.Д

Мунайлы ауданы

Батыр ауылы,

№10 мектеп

Сабақтың тақырыбы: «Біздің тұңғыш Елбасымыз»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға екенін таныту. Қазақстанымызды әлемге танытытқан, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.


Әнұран

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  • Сәлемдесу.

  • Ұйымдастыру.

  • Оқушыларды үш топқа бөлу

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөлінеді

Мен бүгінгі сабағымды бастамас бұрын сіздерден сұрағым келіп отыр.

Н.Ә.Назарбаев кім?

Елбасының қызметі қандай?

Елбасының туылған жері?

Отбасы туралы не білесіңдер?


Оқушылар белсене қатысады

Сұрақтарға жауап береді.

Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.


Қызығушылықты ояту

Оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы видео көрініс көрсетемін және сұрақтар қоямын

Видео көріністі көріп, сұрақтарға жауап береді

Постер қорғау

Үш топқа үш түрлі тапсырма және 15 минут уақыт беремін

1 топ: Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?

2 топ: Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы не білесіңдер?

3 топ: Басшы адам қандай болу керек деп ойлайсың?

Әр топ өз беттерінше топпен жұмыс жасайды.

Уақытқа бағынып, 15 минут ішінде постерді аяқтайды.


Сергіту сәті:

Қара жорға биі

Оқушылар би билеп, сергіп алады

Ой толғаныс, жеке жұмыс (әр оқушы жеке жұмыс жасайды)

Елбасымызға өз туындыларыңнан

4 жолды өлең жазу

Елбасымызға арналған тілектерің

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Елбасына арнап жазған тілектерін, өлең шумақтарын жазады және айтып береді



Қорытынды: Елбасының өмір жолы ел сүйсінер өнегенің үлгісіндей. Ол - еңбек- сүйгіш, қажыр-қайратты, өжет, оза шапқан ер жүректің иесі.

Халқымыздың сеніміне бөленген Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде әлемге әйгілі қайраткер, тарихтың ұлы тұлғасы, ел тірегі.

Елбасының бағдары - бірлік, татулық, ынтымақ. Сондықтан да қазақ елінің болашағы нұрлы, жарқын болашақ.

«Елбасы - біреу, ел - жұрты тіреу» - дегендей бір атаның баласындай қол ұстасып, қуаныш бөлісіп, тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін!








© 2010-2022