Аяз би. конспект урока 5 класса

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аяз би. конспект урока 5 классаАяз би. конспект урока 5 классаАяз би. конспект урока 5 классаАяз би. конспект урока 5 классаАяз би. конспект урока 5 классаАяз би. конспект урока 5 класса"Аяз би" ертегісін оқыту.

"Аяз би" ертегісі шыншыл ертегіге жатады. Онда қиялдан туған кейіпкерлер жоқ. Күнделікті өмірдегі адамдар. Мұндағы хан жер астындағы сиқырлы Бапы хан емес, кәдімгі бір елдің ел басқарушысы. Негізгі кейіпкер- Жаман көптің ортасынан шыққан, тәжірибесі көп, ақыл мен парасатқа толы дана адам. Ол барлық жерде ақыл таба біледі. Сондықтан да ол ертегі соңында өзін- өзі танытып "Аяз би" атанады.

Сабақтың мақсаты: Ертегіні оқыту арқылы сөз құдыреттілігін білуге үйрену.Сабақтың міндеттері:

Мазмұнға байланысты. Ертегіні талдай отыра, өз керегіне пайдалана алады.

Сыни ойлауға байланысты. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушылар өз ойын қорытындылауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыланады.

Топпен жұмысқа байланысты. Кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға бейімделеді.

Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Топтастыру, екі жақты күнделік, венн диаграммасы.

Сабақтың жабдығы: Ватман, калька, маркер,т.б.

Не күтеміз? Ертегіні салыстырмалы түрде талдайды.

Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Сабақ мақсаты таныстырылады. Сынып топқа бөлінеді.

І. Ой шақыру.

Оқушыларға ертегіні алдын ала оқып келу тапсырылған. Себебі, жаңа сабақты өтерде ертегінің мазмұнын білу- біршама жеңілдік әкеледі әрі уақыт үнемделеді. Жаңа сабақты бастамас бұрын ортаға үш топқа бірдей мынадай сұрақ тасталады.

Топтастыру әдісі.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, ертегідегі Жаман қандай адам? Өз ойларыңды алдарыңдағы плакатқа түсіре қойыңдар. 2-3 минут уақыттың ішінде үш топтан бір- бір оқушыдан шығып, жазған жұмыстарын тақтаға іледі. Сонымен қатар оқып қорғайды.

Ықтимал жауап:

Көп арасынан шыққан

Шешен

Жаман

Әйелі Меңдіқыз

Көргені, білгені көп

Аяз би болды

Ақылды

Осылай негізгі кейіпкерді толық талдап білгеннен кейін ертегіні талдауға көшеміз.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Бұл кезеңде оқушылар ертегіні толық талдаулары қажет. Ол үшін үш немесе төрт топқа мынадай тапсырмалар беруге болады. Яғни, әр топқа мазмұнға байланысты мақалдар жазылған кесте таратылады. Оқушылар мақалдың мәнін ашу арқылы ертегінің мазмұнына толық талдай жасай алуына септігін тигізе алады.



Екі жақты күнделік әдісі.

топқа:

мақал- мәтел

мағынасын ашу, түсіндіру

Есірген хан елді ермек етер.(құстың, шөптің,адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы).

Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. ( Жаманның жақсы мен жаманды

айыра білуі).

Ақыл- ердің қорғаны.

( Жаманды ханның уәзір етіп алуы).

Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.

( Меңдінің Жаманды таңдауы).

Ықтимал жауаптар:

Бұл мақалда не ішем, не кием демеген еріккен ханның елді ермек қылғаны айтылады. Ертегіде еріккен Мадан хан елді дүрліктіреді. т.б.

топқа:

мақал- мәтел

мағынасын ашу, түсіндіру

Сертке берік бол, досыңа серік бол.

( Жаманның сертке беріктігі).

Ақылсыз адам жала жауып аздырады, ақылды адам жол тауып оздырады.

( Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы).

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат. ( Жаманның Барсакелмеске сапары).

Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке ізіңмен барады. ( Ханның өтірігіне Жаманның жауабы).

3-топқа:

мақал- мәтел

мағынасын ашу. түсіндіру

Ескі дос естен кетпес.( Ханның Жаманды сағынып іздеуі).

Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.

( Хан сөзін шеше алмаған уәзірдің Жаманға баруы).

Жақсы ісіңнің артында сауабы болар, зұлымдықтың артында жауабы болар.

( Ханның уәзірді жолға салуға тапқан ақылы).

Арын сатқан ер оңбас, ажалын сатқан сері оңбас. ( Жаманның арсыз уәзірді хан жазасынан құтқаруы).

Ақылды жетер мұратқа, ақылсыз қалар ұятқа.( Хан тағына отырған Жаман).

«Аяз би» ертегісі көлемді ертегі. Сондықтан да мақал- мәтелдер арқылы талдау оқушыға жеңіл әрі ойын ширатады, сөздік қорын молайтады.

ІІІ. Ой толғаныс.

Өтілген сабақты қорытындылау- істің нәтижесі. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар салыстыру жасайды.

Венн диаграммасы. Плакатқа жазылған кесте тақтаға ілінеді. Әр топтан бір- бірден үш оқушы шығып, кестенің үш жағын толтырады.

жаман

ортақ

қырық уәзір

Ақылымен хан көңілінен шығады. Ешкімге жамандық ойламайды. Халыққа әділдігімен жағады. Адал жар.

  1. Ханға қызмет жасайды.

  2. Ақыл беретін, ойлайтын кеңесші.

Күншіл, қызғаншақ, ақылсыз, арсыз, намыссыз, парықсыз.

Үйге тапсырма: «Менің ертегіден алған әсерім» ( Эссе).

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдіс- тәсілдері оқушыларды ойланып қорытуға, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі артады. Өзара идеялар мен пікірлер туады. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артуына әсері мол. Оқушылар оқуға бар ынтасымен беріледі.

















© 2010-2022