Ашық сабақ Антонимдер 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Антонимдер 9 сынып

Рахымбаев Бауыржан Мейржанович

"Жезкент кентінің экономикалық мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы:

5 сынып


Сабақ тақырыбы:

Антонимдер


Мақсаты:

Антонимдер жайлы ұғым алу. Жұмбақты шешу арқылы антонимдердің анықтамасын оқушылардың өздері шығарып алуға бағыт беру.

Оқыту нәтижелері:


Антоним жайлы ұғымды игеру еді. Антонимдердің анықтамасын оқушылар біледі, Антоним дерді қолданып әңгіме құрай алады.

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, топтық, ұжымдық жұмыс, ыстық орындық, миға шабуыл, сергіту сәті, тестпен жұмыс.

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі емес, аралас жаңа сабақ


Көрнекі құралдары:

Негізгі ресурстар:

Презентация, стикер, интерактивті тақта, суреттер, плакат, А3 қағазы, түрлі-түсті маркерлер мен қарындаштар т.б.

Қамтылған модульдер

СТО, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту таланты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқытуды бағалау және оқуды бағалау,

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы 5-сынып

Қасымова.Г Дәулетбекова.Ж. Алматы «Атамұра» 2010

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5

минут

Сәлемдесу сыныпты түгендеу топқа болу

Кәмпитермен топқа бөлу

Шаттық шеңберінде бір-біріне тілек айту

Үй жұмысын тексеру

5

минут

«Ыстық орындық» әдісін қолдану, үй тапсырмасындағы сұрақты қою.

Орындыққа отырған балаға үй жұмысынан сұрақтар қойылады; омонимге мысал келтір? -деген сияқты

Жаңа сабаққа дайындық

3

минут

«Миға шабуыл» әдісін қолдан

Сөз жұмбақтарды шешу

Жаңа сабақ

5

минут

Жаңа сабақтың мақсатымен міндетін анықтау. Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашу

Сабақтың мақсатына байланысты оқушылар өз ойларын білдіреді. Мұғалім олардың бүгінгі сабаққа деген көзқарасын ескере отырып, кеңесе ортақ мақсат шығарады.

Топпен жұмыс мағынаны тану

7

минут

Әр топқа антоним бола алатын бір-бір сөз тарату. Мысалы биік, үлкен

Оқушылар топпен орындайды, антоним сөздерді толықтырып жазады. Мысалы: үлкен

Сергіту сәті

3

минут

Бейнебаянда «Қара жорға» әні қойылады

Бейнебаянға сай билеуі керек

Мағнаны ажырату

3

минут

Слайдтағы берілген сөздің мағнасын ажыратуға бағыттау

Оқушылар жұппен орындайды

Ойлан жұптас талқыла

5

минут

Слайдта суреттер көсетіледі тақырыбы жасырын сол бойынша антонимдерді қатыстырып әңгіме құру топпен және жұппен

Оқушылар жұппен одан кейін топпен әңгім құрып постерге жазады және қорғайды

Бағалау

2

минут

Барлық бағалауды қосып формативті бағалаудан жиынтық бағалау шығарылады.

Топ басшылары топ бағалау кестесін тапсырады және тесттен алған бағаны қояды.

Қорытынды кері байланыс «Бағдаршам» әдісі

3

минут

Егер сабақ ұнаса, жасыл түсті іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары түсті іліңдер. Егер сабақ ұнамаса, сұрақтарың болса қызыл түске жазып қалдыруды ұсыну.


Бүгінгі сабақ туралы өз ойларын тақтадағы бағдаршамға стикерлерге жазып кетеді.

Үй жұмысы

2

минут

Антоним сөзді байланыстырып шағын әңгіме жаздыру

Күнделіктеріне жазып алады




20 ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен. Сондықтан, педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау, жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «жаңа әдіс-тәсілдер» терминін өткізеді оқу тәжірибе үрдісінде баланы жаңа әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі мұғалім. Сол жаңа әдіс-тәсілдерді толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соны нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады. Бүгінгі күннің жаңа форматтағы мұғалім тұлғасын қалыптастыру еліміздің білім саласын әлемдік стандарттарға мектептердегі білім сапасын арттыру, оқушыларды заманға сай, жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Олардың шығармашылық қабілеттерін ашумен бейіміне қарай бағыттау. Осы сабақты қойған мақсатым жеті модульді ықпалдастыру арқылы білім сапасын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі де сонда. Бұл сабақтан оқушыларыма да, өзіме де, көп нәтиже күтемін. Сабақ құрылымын құрар алдындағы менің басты мақсатымда оқушылардың мұғалім ықпалымен өз түйіндерін жасап, шығармашылық қасиетін көру еді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қоя білуге үйретеміз. Осы алғашқы топтық жұмысқа ойды еркін айту, және барлығы пікір білдіруді қажет етеді. Бұл оқыту үдерісі кезінде жеке тұлғаның өзін еркін ұстауға және қауіпсіздігін сезінуге жағдай жасау деп ойлаймын. Сабақты жақсы оқитын Маржан мен Жансая, Медғат сияқты оқушылар сынып белсенділері топ бастап үйренген балалар болғандықтан бірден өз топтарын басқарып кетті. Кейбір балалар олардың басқарғанын қаламайтындарын байқатты. Бұл әрине түсінікті жайт, көшбасышылыққа икемделген балалар көп жағдайда басқалардың жетістіктерін көргісі, байқағысы, мойындағысы келмейтін. Бұл жердегі осы топтық жұмыстың тағы бірі жетістігі «бәрібір үш, бәрібір үш» ұранымен жүрген оқушылар жұмыла жұмыс істеуіне кірісті. Бұл жерде мұғалімнің көшбасшылығымен топтық жұмыстың нәтижесі ұжым ғана нәтижелі болатынын ескерткеннен кейін ғана балалар шоғырлана бастады. Шынын айту керек, сыныптағы 3 топта керемет ұйымдаса қалды деп айту қиындау. Бірақ бір-бірімен жұмыс істеу кезінде олар өздерін жайлы сезінді. Ортақ мәмілеге келу аса қиынға соқпады. Өз бойындағы қызметтердің ортақтығы мен жекелеген оқушылардың ерекше мінездері осы жұмыс барысында анықталған болды.

Ашық сабақ Антонимдер 9 сыныпАшық сабақ Антонимдер 9 сыныпАры қарай сабақтың негізгі кезеңдеріне көштік. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңберінде бір-біріне тілек жылы сөздер айту болды. Сабақтың мақсаты айқындалып, топтық жұмыс ұйымдастырылып, өткен сабақты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында, «Ыстық орындық» әдісін қолдандым. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойды. Алдыңғы өткен сабақ омонимдер болатын сол жайлы сұрақтар қойылды. Мысалы, Омоним дегеніміз не? Омонимге мысал келтір деген сияқты яғни бұл жерде оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл, диалог негізінде оқыту өз орынын тапты. Айта кететін бір қызық жәйт, оқушыларды үш топқа бөлемін деп үш түрлі кәмпиттер әкелгем, оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа деген ынтасын аударайын деп. Балаларға топқа бөлмес бұрын бір-бір кәмпит алуын айттымда, кәмпиттерді қазақтың ырымымен тақта алдына шашуғып шашып жібердім бірақ балалар кәмпитті бірден алған жоқ, қолына неше кәмпит ілінсе сонша кәмпитті алып қалталарына сала қойды, ұяңдау қыздарыма кәмпит жетпей қалды. Енді не істеймін бұл жерде артық бір екі кәмпит ала келгем соның көмегі тиді. Әрине бесінші сынып «бала баланың ісі шала» демейме қазақта. Болашақта мұндай қателіктерге жол бермеуге тырысамын. «Миға шабуыл» кезінде амонимдерге байланысты сұрақтар яғни жас ерекшелігіне сай жеңіл сұрақтар да болды. Мысалы қара сөзін тағы қалай айтамыз деп кері бағыттау арқылы жауап алдым. Оқушылар ақ үлкен-кіші т.б сөздермен толықтырып жауап қайтарды. Оқушылар белсене ат салысып сұрақтар мен жаңа тақырыпты игеруге деген белсенділіктірін аңғартты. Осы сәтте слайдтан шағын сөзжұмбақ шештік Жаңа тақырып айқындалғаннан соң, оқушылардың бүгінгі сабаққа деген пікірлері тындалып, кеңесе отырып, ортақ мақсат шығарылды. Антоним жайлы ұғымды игеру еді. Антонимдерді қолданып әңгіме құрауға үйрету. «Мағынаны тани білу» кезеңінде оқушылар топпен әр түрлі деңгейде жұмыс жасады құрады. Келесі кезеңде АКТ-ны пайдалана отырып сергіту сәті болды. Бейнебаянға қарап «қара жорға» биін билеу. Әрине бұл жерде оқушылардың көңіл- күйі көтеріп бір серпіліп қалды. Сабаққа деген қызығушылығы ояна түсті. Ашық сабақ Антонимдер 9 сынып Ашық сабақ Антонимдер 9 сынып

Ашық сабақ Антонимдер 9 сынып

Келесі тапсырмаға белсенділікпен, аса құштарлықпен кірісті. «Мағынаны ажыратуда» жеке жұптық тапсырма ретінде оқушылар қызығушылықпен орындады. Бұл жердегі мақсат оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамыту еді. Келесі кезең слайдта суреттер көсетіледі тақырыбы жасырын сол бойынша антонимдерді қатыстырып әңгіме құру топпен және жұппен. Үй жұмысы антоним сөзді байланыстырып шағын әңгіме, шамаларың келсе өлең шумағын жазып кел деп ұсындым. Бұл жерде оқушылардың таланты мен дарынын байқап көрейін деп осындай тапсырма бердім. Қорытынды кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Егер сабақ ұнаса, жасыл түсті іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары түсті іліңдер. Егер сабақ ұнамаса, сұрақтарың болса қызыл түске жазып қалдырыңдар деп ұсындым. Балалар пікірлерін қалдырып стикерлерге жазып қалдырды. Оқушылар өз пікірін ортаға сала бастады. Қоңырау кезінде жаныма келіп, «Сабақты күнде осылай өткізейік» ,-деп пікірін айтып жатты. Сабақ барысында, топпен жұмыс кезінде оқушылардың белсенділігі, ізденушілігі көрініп тұрды. Осы сабақта барлық топтар берілген тапсырманы мұқият орындап, топтық жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Әрине болашақта сабақтарымды бұданда жақсығып өткіземін. Әр түрлі әдістермен стратегияны пайдаланып сабақтарымды түрлендіремін. «Бала балқытылған алтын» -дейді ғой, сол алтынды іске жаратып, құндылығын арттыруда сындарлы оқытудың, маңызы аса зор деп ойлаймын. Қорта айтар болсақ оқушыларға тақырыпты меңгерту үшін тиімді стратегияларды пайдалану және білімді өзбетімен меңгеріп, сыни ойлай алатын жан - жақты тұлға тәрбиелеу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткрлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж 3 деңгей

  2. Интернет ақпараттары



© 2010-2022