Халық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыХалық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспарыҚазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Халық ауыз әдебиеті

Мақсаты

а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сәлемдеме хат» жаттығуы

Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту.

Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз осы кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ауыз әдебиеті» туралы не білеміз?

Таныстырылымды тамашалайды, әңгімелеседі

Мағынаны тану

Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл мұрасы. Ол - төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.

Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті - олардың құнарлы топырағы

Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.

Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар

Ауыз әдебиеті

ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер

шешендік сөздер айтыстар

Ой толғаныс

1-топ

Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

2-топ

Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

3-топ

Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Бағалау

Оқушыларға бағалау парақшаларын үлестіру

Үйге тапсырма

Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.



© 2010-2022