Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологиялық әдістерді қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологиялық әдістерді қолдану

Спандиярова Гульнар Рысбекқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.



Алматы облысы, Қарасай ауданы

Қаскелен қаласы

Білім беру мекемесі «Аяжан Қарасай» колледжі



Егеменді елімізде бүгінгі күнде болып жатқан түбірлі жаңалықтар, ғылым мен техника дамып , адамзат қоғамы жаңа ғасыр табалдырығын аттаған кезеңде оқушыға белгілі көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің ең басты талабы.

Ұстаз білімді болса, елдің болашағы баянды болмақ. Егеменді еліміздің мәртебесі үстем, биік болуы келешек ел қожасы-жас ұрпақтың білімділігін, қайраттылығына, іскерлігіне байланысты. Ендеше, сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйген ер қылып тәрбиелеуді шәкіріт бойына ұяалататын-ұстаз. Ұстаз білімділігімен, адамгершілігімен, жайдарлы мінезімен, тазалығымен, парасаттылығымен, шыншылдығымен шәкірт жүрегіне жол табуы керек. Ұлағатты ұстаз ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші.

Білім деңгейінің әлемдік стандарттарға сай келуі де, кәсіптік білімі жоғары ұстаздарға байланысты. Оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай сапалы білім беру, ертеңгі білікті азаматтарды тәрбиелеу мұғалімдердің қоғам алдындағы басты міндеті.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілігі арқылы айқындалады. Ұстаз тек қана жаңа білім, жаңа мақсат, жаңа құндылықтар және жеке тұлғалық ойлардың өнімі ғана емес, сонымен бірге зерттеуші ретінде және оның интеллектісі мен мінезі -құлық потенциалы, оның күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларға еркін бейімделу қабілеті, қолда бар педагогикалық технологияларға қызмет ету ғана емес, сонымен бірге инновациялық шығармашылық процестерді жүзеге асыру кезінде нақты өзінің қабілетін көрсете білуі қажет. Оқушының дамуына білім беру барысында ерекше мән беріледі. Түрлі іс-әрекеттер арқылы оқушымен жұмыс істеу нәтижесінде оқушыда білімге құндылық бағдар, интеллектуальдық -танымдық, психологиялық, өз бетінше оқу әрекетшілдігі, қарым-қатынастық біліктілігі, эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениеті қалыптасады әрі дамиды.

Мұғалім шеберлігі-оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Демек, мұғалімнің оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерді оқушылардың меңгеруіне жағдайлар туғызады. Тұлғаның дамуы оның алған білімі мен игерген іскерлік дағдыларын өмірде қаншалықты қолдана алуымен өлшенеді. Осы мақсаттан шыға алатын мұғалім білім мазмұнын оқушыға жеткізуі ғана емес, бәсекеге түсе алатын, білімді, заман ағымына бейімді азамат тәрбиелеуші ретінде қалыптасады. Ол үшін мұғалім өзін-өзі дайындауға тиіс, өзінің педагогикалық -кәсіптік шеберлігін жетілдіруі негізгі шарт.

Ұстаз қоғам талаптарына сай жұмыс істей отырып, оқу үрдісін шығармашылықпен құру керек.

Елбасы Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші деңгейімен анықталады» делінген. Осыдан туындайтын талаптарды іске асыру арқылы білім алуда қол жетімділігін қамтамасыз ету-басты міндетім. XXI ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Әлемдегі болып жатқан хабарлар туралы инттернет арқылы минут сайын мағлұмат алып отырған жас өспірімді әлденемен таңдандыру, жаңа сабақ түсіндіріп, дәріс беру, қолдан келе беретін оңай іс емес. Ұстаз осыған дайын болуы керек. Өзім де «Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологиялық әдістерді қолдану» деген проблемалық тақырыпты басшылыққа алып, озық тәжірибелермен танысып, сабақта пайдаланып жүрмін. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсыұлы «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу», -деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Сабаққа дайындалған сәтте әуелі нені өттім, енді нені айтамын, қалай сұраймын деген ой тууы керек. Бүкіл аудиторияны қызықтырардай бастауға зор мән беремін. Жаңа сабақты бастамас бұрын, сол тақырыпқа қажеттілік туғызамын. Сабақ кіріспесін жазушылар, өнер адамдары , зиялы қаумы өмірінен алынған фактілерді мысалға алу, көркем шығармаларынан үзінді оқу, мақал-мәтелдер, пайдалану сияқты әр түрлі тәсілдермен бастауға болады. Оқушыларымыз «Бүгін сабақ қалай болар екен?» деп отыруы тиіс. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» деген Әл Фараби. Оқушының тез тіл үйренуінің негізінде қызығушылық, таным құштарлығы, шығармашылық белсенділігі, оқу сарыны, жеке басының ерекшелігіне жақын, оңай жолды іздестіру көбінесе ұстаздарға байланысты.

Еліміздің болашағы ұрпақ болса - сол ұрпақтың тағдыры біз ұстаздардың қолында екендігін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан келешек еліміздің тағдырына дұрыс бағыт - бағдар беруіміз керек, білімді, талантты, дарынды іскер ұл - қыздарының қажеттілігін көтеріп, басқа елдерге үлгі өнеге болатындай ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.



© 2010-2022