Мақала: Әдепті бала өсірсең – өзіңнің абыройың (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдепті бала өсірсең - өзіңнің абыройың

Еліміз егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгеріс болды?! Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен әдістерін ауыстыратын тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың қажеттігі, ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика ғылымының жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру - бүгінгі күннің сұранысы. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды.

Қазіргі ғылым мен өндіріс технологиясына ғалам дамуы, соған табан тіреген жаппай қырып-жоятын қарулардың жетілдіріле түсуі және оның болашағының болжалсыздығы, террористік содырлықтардың етек алып бара жатуы адамдардың моральдық кемелденуінің, жер бетіндегінің бәрі үщін жауапкершілігінің рөлін орасан арттырып жібереді. Бүгінде өркениетті гуманистік негізде құрудың бірден-бір шарты да, келешектен үміт те руханиятқа байланысты болып қалады. Қазіргі адамзаттың «бас ауруына» айналған өркениет проблемасын кемеңгер Шәкәрім:Әрі ғалым, әрі залым,Ел түбіне сол жетер,-деп, көрегендікпен болжаған, сақтандырған болатын. Ол өзінің туысы және ұстазы Абайдың ізімен адам өмірін «...адал еңбек, ақ жүрек, арды ақыл» арқылы түзуге болады деген терең тұжырым жасады.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» деген екен.

Еліміз егемендік алғаннан бергі жерде мектептер мен басқа да алуан түрлі оқу орындарында халқымыздың, инабаттылық өнегесінен бастау алған әдеп ұйымы құрылып, дінтану сабағы оқытыла бастады. Әрине,бұл мәселенің мақсаты мен мазмұны бүгінде қалың көпшілік, ата-аналар жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Ол түсінікті де. Өйткені отбасы, ошақ қасындағы, қауымдастық пен қоғамдағы өмірдің мәні мен сәні, мерейі мен берекеттігі, жақсылығы мен жарастығы, түптеп келгенде, адамдардың әдебі мен инабатына, имандылығы мен ар-ұятына байланысты. Хадистерде: «...Әдетте ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді... Әдеп - діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар»,-делінуі тегін емес. Өмірде кім-кімнің де кісілігі ең әуелі оның іс-әрекетінің, мінез-құлығының әдептілікке жататын - жатпайтынына қарай бағаланады. Әдепті адамдар, әдетте, арлы да иманды, қайырымды да мейірімді келеді; айналасымен, ел-жұртпен сыйластықта, ынтымақ бірлік пен татулықта өмір сүреді. Бағзы заман даналарының « Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің арқасында жетуге болады. Қайда барса да, құрметпен қарсы алынатын адам - әдепті адам» деулерінде өмір шындығы жатыр. Сондықтан да әрбір жеткіншек ұрпақ, ең алдымен, туған халқының әдеп - инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «...халық Аллаһына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Пайғамбарымыз мұхамедтің (с.ғ.с.) хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін» деген сөзін басшылыққа ала отырып, мұсылман балаларына қасиетті хадистерімізде де отбасылық өмір мен өмірге бала әкеліп дұрыс тәрбие беру мәселесі жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн.

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағлымы, ой-пікір бар.

Тоқырау жылдарында ата-дәстүрімізден қол үзіп қалғандықтан тәлім тәрбие жұмысының тұйыққа тіреліп, жастар арасында келеңсіз құбылыстардың көбеюіне, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты қасиеттердің азайып кетуіне, адамгершілік пен имандылықтың құлдырауына әкеліп соқтырады.

Педагог А. Байтұрсынов: « Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болу керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» - дейді. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескірмейтін өсиет. Бұлай дейтініміз, болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға - тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар.

Осы орайда жоғарыда сөз еткен дінтану пәнінің өтілуі қазіргі уақыттағы болып жатқан келеңсіз жайттардың болмауына, жат ағымдарды қазақ баласының қабылдамауына айтарлықтай үлесін қоса алатынына сеніміміз мол.

Бүгінгі елдің тұғырын шыңдап, сарапқа салар ұлт мақтанышы, ел үміті жастарымыздың келешегіне кесір, бүгініне оралға болған ерсі қылықтардан есімізде тұрғанда аластап, сәби санасына салтын ұқтыруда қасиеті мен қадірі кетпеген қара шаңырағымыздың сәні мен тыныштығын әрқашан сақтай білейік. Сондықтан қазір санадан өте бастаған халықтық педагогиканың тағылымы мол тәжірибесін, дәстүрлерін тәлім-тәрбие жұмысының түп қазығына айналдырған жөн.

© 2010-2022