Абай әлемі тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Абай әлемі

Мақсаты: а) Абайдың шығармаларымен таныстыра отырып, олардың

әр алуан екендігін ұғындыру,

ә) Поэзияны сүюге баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін

арттыру.

б) оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абайдың портреті, бүктемелер, кітап көрмесі.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар !

Биылғы жылы Ұлы ақын,жазушы, сазгер, аудармашы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай біз өз мектебімізде түрлі іс-шара өткізіп отырмыз. Біз- үшінші сынып оқушылары да өз тарапымыздан үлесімізді қосқалы отырмыз.Ағартушы Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресіп өтті. Артына қалдырып кеткен асыл мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алдыға қойды.

Абайдың шығармаларына үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көгжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткезе алмайтын лаззат алады. Абайдың қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді сіңіріп өсу керектігін түсінеміз.

Абайдың ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім болды.1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім.» өлеңі. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім , оқуға шақырады.

Ақпейіл : « Жасымда ғылым бар деп ескермедім » өлеңін оқиды.

Айбек: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқиды.

I-жүргізуші: Қ Р Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.» деген еді.

I-жүргізуші:Абай « бұзылған заманды түзейді» деп жаңаша терең білім алып, адамшылықты бойына мол дарытқан ұрпақтан көп үміт күтті.Оның «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңіне сол үміт арқау болған. Ақын жас ұрпаққа дүниенің кетігін бүтіндеуші, жаңа өмір сарайының құрылысшысы деп қарайды.Сондықтан оған :Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан!- деп аталық әмір беріп, адамдық ұлы міндет жүктейді. Ол үшін қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақыл керек екендігін қатты ескертеді.

Балауса: «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқиды.

I-жүргізуші: Абай табиғат сұлулығын көре білетін, әсемдікке жаны құмар адам болған. Ақынның лирик ақын екендігін оның жыл мезгілдеріне арнаған төменгі өлеңдерінен білеміз.

Айбек: «Қыс» атты өлеңін оқиды.

Ағжан: «Жазғытұры» атты өлеңін оқиды.

Ерназ: «Күз» атты өлеңін оқиды.

Қазақ жерінде оқымысты, данышпандары көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел терезесін қай халықпен де теңестіре алады.Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай- қазақтың бар жерінде туып, бар жерін ұстап тұрған кемеңгер.

I-жүргізуші: Абайдың жастарға арналған достық, татулық мәселелерін қозғайтын насихат өлеңдерінің көп екенін білеміз. Ол өз өлеңдерінде жастарға алдына үлкен мақсат қоюы қажеттігін ерекше атап айтады. Ақынның шығармаларын тек өлеңмен ғана жазбай қара сөзбен де жазғанын білеміз.

Айбек: Абай он тоғызыншы ғасырдың 90-жылдарында өзінің ой толғаныстарын қара сөзбен жазып қалдырған. Өз шығармаларын қара сөзбен жазудың негізін салушы ретінде танимыз.

Аружан: Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, ғиғлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған.

Айбар: Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздейді. Көпшілігі философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады.

Айбар: Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Дүниенің тылсым сырын танып, білу мәселесіне жетінші, он тоғызыншы, отыз бірінші,отыз сегізінші, қырық үшінші қара сөздерінде тоқталып ой қорытады. «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да,жанын қорғалатып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанады. Ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.»

  2. Ар-ұят мәселелері 5, 11, 18- сөздерінде әңгіме болады. 33-сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады.

  3. Абай ғылым-білім, өнер жайын сөз еткенде ең алдымен, сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер-ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді.

  4. Ағжан: «Хикмет те, өнер де, мал да бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек.»-дейді.

  5. Дана: Әрбір жұрттың тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағдысына ( тең болу деген мағынада ) енеді. Орыстың ғылымы, өнері-дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі.-дейді ол өзінің 25-қара сөзінде.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.- дей келе ақынымыздың «Желсіз түнде жарық ай » өлеңін тыңдаңыздар.

I-жүргізуші: Абай сияқты данышпан, сыншы ақынның, ойшыл ағартушының, күрескер қоғам қайраткердің өз ортасынан дараланып шығып және мәңгі тірлік табуына ,уақыт өткен сайын өзінің артықша мәнімен биіктей беретініне көзіміз жетеді.Бүгінде жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей, дәулет жоқ екенін ескертетін -Абай мұрасы.Ендеше, тыңдарман қауым, көрермен қауым Абай мұрасын оқудан, үлгі етуден шаршамайық! -дегім келеді.





© 2010-2022