«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР»

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей -мектебі» Мемлекеттік мекемесі

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР»

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Игілікова Гүлмира Кәкімқызы








Павлодар қаласы, 2015 жыл

Білім беру жүйесін дамытуға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында үлкен басымдық беріліп отыр. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр . Қазіргі кезде білім беру жүйесіне инновациялық білім беру жүйесіне көшіруге жұмыстар жасалуда. Ол үшін педагогтың жаңашыл білім беру жүйесі мен инновациялық білім беру мекемесін дамыту қажет. Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату - жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.[1]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті әрбір педагогтің ізденісті, кәсіби білімі мен біліктілігін көздейді» делінген.[2] Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, оқушының инновациялық, жаңартпа әлеуетін көтеріп, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр.

Өз тәжірибемде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курстан өтіп, одан алған тәжірибемді қолданудамын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы дилогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал. Александер оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады [3].

Сабақтарымда әңгімелесудің үш түрін: топтық әңгіме, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерін тиімді қолданамын. Топтық әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілді. Оқушылардың барлығы топтық әңгімеге белсенді түседі. Ал әңгіме-дебат кезінде пікірталасқа түсу кезінде үлгерімі жоғары, талантты және дарынды оқушылардың белсенділігі артады. Зерттеушілік әңгімеге түсу кезінде көшбасшының топ мүшелеріне жетекші сұрақтар қойып, әңгімені өрбіте білуімен байланысты болды.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қортындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, жетістік ағашы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.

АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады.Жас ерекшеліктеріне сәкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста.Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез - келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді,оқушылар постер қорғау кезінде ерекше белсенділік көрсетті. Постерді салу және қорғау кезінде топ басшыларының көшбасшылық қасиеттері ашыла түсіп, ұйымдастырушылық қабілеттері арта түсті.Жалпы топтардың жұмысы ұйымдасқан түрде болды.

Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Аз уақыт ішінде инновация термині қолданысқа еніп, өз орнын нықтай түсті. Осыдан біршама уақыт бұрын бұл термин отандық педагогикалық әдебиеттерде мүлдем қолданылмайтын еді. Қазіргі таңда жағдай мүлдем өзгеше. Дегенмен де, бұл терминнің мазмұны түрлі жұмыстарда қолданылғанымен, өз айырмашылықтары бар. Қазіргі таңдағы «білім беру» түсінігі «оқыту», «тәрбиелеу», «білім беру», «даму» терминдерімен байланыстырылады. «Білім беру» термині ағартушылықпен байланыстырмай тұрған кездің өзінде кеңінен қолданылып келген. Сөздік мағынасында «білім беру» термині «қалыптастыру» етістігінен жаңа бір нәрсені «жасау», «құру» немесе «дамыту» мағынасында алынған зат есім ретінде қарастырады. Жаңа бір нәрсені ойлап табу - міне инновация. Ал педагогика саласындағы инновация дегеніміз - оқыту мен тәрбие берудің жаңа мақсатын, мазмұнын, әдіс-тәсілдер мен формаларын кірістіру, білім алушы мен оқытушының бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру дегенді білдіреді. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде [4].

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.

• Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;

• Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;

• Оқуға ынта-ықыласы артты;

• Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;

• Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;

• Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;

• Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:

Жаңа әдіс-тәсілдер тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.Тіл пәндерді оқыту әдістемесі сабағын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда әдістеме пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Білім беру саласындағы инновациялық процесстердің мәнін түсінуде екі маңызды мәселе жатыр - қалыптасқан педагогикалық тәжірибені жалпылау, ауқымын кеңейтіп тарату, оқыту және психология-педагогикалық ғылымдағы жетістіктерді қолданысқа енгізу мәселелері. Қазіргі қоғам, мәдениет және білім беру саласының дамуы жағдайында педагогикалық бағытта инновациялық бағдарды енгізудің қажеттілігі бірнеше жағдайлармен анықталады.

Біріншіден, қазіргі таңдағы саяси-экономикалық қайта құрулар түрлі типтегі оқыту мекемелерінде білім беру саласының жүйелерін, оқу ісі мен тәрбие процестеріндегі ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен амалдарын түбірімен өзгертуге алып келіп отыр. Педагогикалық жаңалықтарды ашуды, меңгеру мен қолдануды өз бойына сіңіре білген оқытушылар мен тәрбиешілердің қызметінің инновациялануға бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралы ретінде танылады.

Екіншіден, білім беру мазмұнын гуманитаризациялау, оқу пәндерінің көлемі мен құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерін енгізу оқытудың жаңа технологияларды үздіксіз іздестіріп отыруға міндеттейді. Аталған жағдайда оқытушылық ортада педагогикалық білімнің рөлі мен беделі өседі.

Үшіншіден, оқытушының педагогикалық жаңалықтарды меңгеру мен қолдану фактісінің өзіне қатынасының өзгеруі.

Төртіншіден, жалпы білім беретін мекемелердің нарықтық қатынасқа енуі, жаңа мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес білім мекемелерін ашу олардың арасында бәскелестік жағдайын тудырады [5].

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш - ол білім. Білім беру - оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде атап көрсеткендей: «Жаңа формация мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»

Сондықтан, қазақ тілін үйретуде жаңа технологияларды қолдану - заман талабы.Сонымен, тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да, қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар қауымы болмақ.Себебі, инновациялық әдістерді қолдануда көп жағдайда оқытушы мен білім алушының өзара тығыз қарым-қатынаста болуын, ақылдаса келе бір ортақ түйінге келуін, ұжымдаса әрекет етуге бағдылануын талап етеді. Ал біздің, педагогтардың, мақсатымыз - әрбір білім алушының қазіргі заманға сай жеке дүниетанымын, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, индивидуалдылығын таныту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын және білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007.

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Александер Р.«Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну»2004 жыл, 40 бет.


  1. Ангеловский К. Учителя и инновации: Книга для учителя: Пер.сМакедон. - М., 1991

  2. Еньшина Н. А. Инновационные процессы в образовании // г. Барнаул, Барнаульский государственный педагогический университет [электронный ресурс] - Режим доступа.












© 2010-2022