«Қайырымдылық » Гулдер бөбекежайы

  Мақсаты: Адам жүріс тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйреуді жалғастыру, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту. Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер. Сөздік жұмыс: қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық. Шаттық шеңбері: -Балалар, бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша ! Ал енді бәріміз қолдарымыздан ұстасып, бір бірімізбен бірлікті қолдайтынымызды білдірейік. Тәрбиеші балалармен шеңбер бойына жиналып, төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды: До...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қайырымдылық».

Мақсаты: Адам жүріс тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйреуді жалғастыру, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер.

Сөздік жұмыс: қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық.

Шаттық шеңбері:

-Балалар, бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша !

Ал енді бәріміз қолдарымыздан ұстасып, бір бірімізбен бірлікті қолдайтынымызды білдірейік. Тәрбиеші балалармен шеңбер бойына жиналып, төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды:

Достығымыз берік боп,

Бекітейік қолменен.

Қуанышты шеңберге,

Тұрған жақсы доспенен.

Бір бірінің қолдарынан ұстап, өлең жолдарын қайталайды.

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгіні оқу іс әректінде Д. Данабековтың «Қайырымдылық» әңгімесін оқып, мазмұнымен айтып беру.

Сұрақ-жауап:

-Құстар біздің неміз?

Досымыз

-Құстарға біз не дейміз?

Жем береміз

-Құстар қайда ұшады?

Аспанда ұшады.

Рефлексиялық түзетушілік.

«Құстардың қимыл» ойыны.

Ойын мақсаты: әуеде ұшып жүрген құстардың қанаттарын қақтырып , жерден тары шоқытып, көлден суды ішкізіп, еркін қимылдату.

Ойын шарты: тәрбиеші көрсеткен қимылдары ауада тізбектелген құстай жүріп көрсету. Ойын осылай жалғаса береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар туралы.

Игереді: шығарманың мазмұнына байланысты қамқорлық , мейірімділік қасиеттерін.

Меңгереді: құстарға әрқашан қамқор болуды.



© 2010-2022