Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары (5-сынып)Пәні: әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Менің Республикам»

Сабақтың мақсаты: 1. С.Мәуленов шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын ашуға үйрету, өлеңге тоериялық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу, теориялық талдау , мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

3.Отансүйгіштікке баулу

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі:бейнефильм «Менің Отаным», презентация түріндегі тапсырмалар

Сабақтың болжамды нәтижелері: Отанын сүйетін, оны мақтанышпен жеткізе алатын, сауатты да білімді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй жұмысын тексеру: сыныптан тыс оқу

3. Жаңа сабаққа кіріспе: Отан деген не?

Отан- отбасың, Отан-ата-анаң, досың, бауырың, өлкең,астанаң.

Ендеше, біздің Отанымыз қай ел?- Қазақстан Республикасы.

Республика дегеніміз қандай ұғым? Неге мемлекет ұғымымен қатар айтамыз?-

лат. Respublіka - халық игілігі, қоғамдық іс) - мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Ал біз жалпы халық болып кімдерді сайлап аламыз?- Президентімізді және Парламент депутаттарын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы не айта аласыңдар?- Ол әділ де адал ел басқарушы. Ал Парламент немен айналысады? - заң шығарумен, бекітумен. Осы айтылып отырған істердің бәрі жүзеге асу үшін кім және не болуы керек?- ел, елдіктің нышандары-рәміздер, сол елдің халқы, халықтың мемлекеттік тілі болуы керек. Біздің еліміздің аумағы қандай?- байтақ әрі көркем, жер көлемі жағынан әлемде 9-орынды алады. Еліміздің жерінің негізгі бөлігі қандай жерлер?- шөл, шөлейт аймақтармен қатар орманды, нулы, сулы жерлер өте көп. Жерімізді ары-бері аралап өткен Асан қайғы аталарың не деп еді?- Қазақстанның барлық аймақтары жерұйық секілді, бірі өндіріске, бірі егінге, бірі мал жайлауына тиімді.

Қазақ елі ұлан - байтақ,
Батысында қар жатса,
Шығысында көктер бел.
Бір шеті мен бір шеті
Жеткізбейтін неткен ел!
Иә, ертеден-ақ қазақтардың мақтанышы мен ерлік, өрлік көрсеткішіне айналған жеріміз ақындардың өлеңдеріне, жазушылардың әңгімелеріне ортақ тақырып болғаны бәрімізге белгілі. Ендеше, бүгін де сондай шығармаға тоқталамыз. Мақсатымыз: өлең мазмұнын ашып, талдау жасау, ақын шығармашылығына баға бере отырып, өз ойымызды қосу, Отанымызды қалай сүйетінімізді жеткізу.

4.Жаңа сабақ

4.1.Мағынаны тану:Бүгінгі оқитын өлеңіміздің авторы: С.Мәуленовтың өмірі туралы таныстыру.

1922ж - 1993жж

Қостанай облысы Ақын, жазушы

Сырбай МәуленовЖангелдин ауданы

Торғай ауылы

Шығармалары: ... .... .... 2- дүниежүзілік

cоғысқа қатысқан

табиғат лирикасын аса көркем жырлаған

4.2. Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңді 3 оқушы оқиды.

2.Оқығандарының мазмұнын түсіндіреді. (бейнефильм көрсетіледі)

4.3.Үлестірмемен жұмыс:

1.С.Мәуленов мақтан еткен Қазақстан тауларын атаңдар: Іле және Жоңғар Алатауы, Алтай, Қаратау , Тарбағатай, Мұғалжар, Маңқыстау таулары

2. Қазақстанның теңіздері мен көлдерін атаңдар (48262 көл бар екен.)

Каспий, Арал,Балқаш, Алакөл, Зайсан, Жасыбай, Марқакөл, Жалаңашкөл, Сілеті, Зеренді, Қарасор т.б.

4.4.Өлеңді теориялық тұрғыдан талдау тапсырмасы:

Өлеңнің тақырыбы:» Менің Республикам»

Өлеңнің авторы:С.Мәуленов

Өлеңнің идеясы: туған жерді мақтан ету

Жанры: лирика

Өлеңдегі тірек сөздер:республика, таулар, дала, аспан, көлдер,гүлдер, алтын күн.

Өлеңнің ұйқасы: қара өлең ұйқасы: а а б а

Өлеңдегі буын саны: 11

Өлеңдегі айшықты сөздер: эпитет- мөлдіреген аспан, ашық күн, ұлан-байтақ жер

Теңеу: қызыл бұлттай (гүл)

Метафора: көгім-аспан

Кейіптеу: теңізбен қол ұстасқан, гүл мен күн бір жүзген

5.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

5.1.Зияткерлік ойын «Қазақстан»

Берілген ұяшықтардан өздеріңнің қалауларың бойынша сұрақтар алып, жауап беріңдер:

  1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы- Хан тәңірі

  2. Қазақстандағы Абылай хан үш жүздің басын қосқан өлке- Көкшетау, Бурабай

  3. Қазақтың ең бірінші ғарышкері- Т.Әубәкіров

  4. Қазақстандағы тілдер күні- 22 қыркүйек, Қазақстанның мемлекеттік тілі- қазақ тілі

  5. Қазақтың батыр қыздары, Шығыстың қос шынары : Әлия мен Мәншүк

  6. Қазақтың ұлы ақыны- А Құнанбаев

  7. ҚР Гимнінің авторы- Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов

  8. Қазақтың «Дарабоз» атанған батыры- Қабанбай

  9. Мұнайлы аймақ- Атырау

  10. Астана қайда орналасқан?- Сарыарқаның төсінде

5.2.Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.

І топ: «Неткен байтақ, неткен ұлы ел едің!» эссе жазу.

ІІ топ: «Менің елім» бес жолды өлең құрастыру.

ІІІ топ: туған жер, Отан туралы мақал-мәтел айту.

6.Сабақты қорыту:

Талдау-жинақтау сұрақтары: Республикамыз несімен бай, несімен бақытты?

  1. Өндірісімен , жерімен

  2. Халқымен ,беделді Елбасымен

  3. Табиғатымен , мұнайымен

  4. Егістік алқабымен, төрт түлік малымен

  5. Жез, темір, көмірімен, алтынымен

  6. Игерілмеген кең даласымен

  7. Өзен көл, тауларымен

  8. Тілімен

  9. Ұлттар достығымен

  10. Болашақты ойлайтын ұрпағымен бақытты.

7.Оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма: өлеңді жаттау

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.











© 2010-2022