«Қазақ хандығының құрылғанына-550 жыл» атты шығармашылық сайыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Көкпекті ауданы

«Преображенка орта мектебі» КММ



«Қазақ хандығының

құрылғанына - 550 жыл»

атты шығармашылық сайыс






Өткізген: Серикбаева А.К.



12 қыркүйек, 2015 жыл

Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл» атты шығармашылық сайыс
Жалпы мақсаты: Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихын білуге үйрету.
Оқушылардың тарихи - танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
• Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, өмірде қолдана алу.
• Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.
• Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.
• Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.
• Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер, карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, ұлттық киімдер.
Кіріспе: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына - 550жыл» атты сайысымызға қатысушы оқушылар және қонақтар!
Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465 - 1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.
1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
«Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл» атты шығармашылық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

/Әнұран орындалады/
Бүгінгі мерекемізді құттықтау сөз бен ақ тілектен бастаймыз. Құттықтау сөзді мектеп директоры Ниязбаев Ерлан Кизотоллаұлына береміз.
Келесі құттықтау сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Димисинова Динара Гадылқұмарқызына беріледі.
Ал, енді : «Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл» шығармашылық сайысына қатысушыларды шақырайық.

8- 11 сынып оқушылары ортаға шақырылады. Олар өздерінің шығармаларын оқиды.
Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс- шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік Отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділ- қазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.







© 2010-2022