Газэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша сыныптан тыс шара Дарабоз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі

Чуюншалиева Райлаш Алпашовна

«Дарабоз» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: Студенттерді білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге, оқып жатқан мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мультимедиялы құрылғы

Шараның барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушы - Құрметті студенттер, әріптестер бүгінгі «XXI - ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі сайысқа «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқып жатқан 21К топ студенттері қатысып отыр. Кәсіптік мамандарды дайындауды мемлекеттік саясат қолдап отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда кәсіптік білімнің мазмұнын барынша нарықтық жүйемен сұранысқа сай жетілдіру қажет «Еңбек нарығына тек білікті де,білімді маман ғана емес, жоғары технологияны меңгерген мамандар қажет» -деп, Елбасымыз халыққа жолдауында айтқанддай, болашақ мамандарымыз қоғамдық бәсекеге сай ма, жан-жақты білімді ме, осыны анықтау мақсатында бүгінгі сайыс ұйымдастырылып отыр.

Сайысты бастамастан бұрын, сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасымен таныстырайық.

Еркегулов Кенжебек Чапай ұлы - БҚИК директорының ӨОЖ орынбасары

Мергенбаева Елена Нурланқызы -колледж әдіскері

Сариева Данагуль Алибековна - арнайы пән мұғалімі

Олай болса жарысты бастайық .

«Ақылды азбас, өнерлі тозбас» дегендей ойынға ақылды, шебер, тапқыр және зейінді студенттерді шақырамыз.

1.Махуов Жайдар Кұрманғазиевич 1999 жылы, желтоқсанның 12 жұлдызында Жанғала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген.

Арманы:

- Өзіңнің туған жерің туралы бір,екі ауыз сөз

2. Садыков Нурбек асхатұлы 1999 жылы қазанның 14 жұлдызында Казталовка ауылында дүниеге келген.

Арманы:

-Сүйікті әнің

3. Баянгалиев Куангали Беккалиұлы 2000жылы наурыздың 18 жұлдызында Казталовка ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

Арманы:

-Сүйікті әншің

4. Искаков Нұрсұлтан Нұртайұлы 1999 жылы қарашаның 16 жұлдызында Казталовка ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

Арманы:

- Сүйікті ісің

5. Калқашев Ізімбек Исатайұлы 1999 жылы, желтоқсанның 3 жұлдызында Казталовка ауданы, Қоныс ауылында дүниеге келген.

Арманы:

Дәнекерлеуші мамандығын не үшін таңдадың?


- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір студент шығып отырады шығып отырады.
Сайыс төрт бөлімнен тұрады: 1- «Бәйге»

2- «Көкпар»

3- «Сөздің көркі - мақал»

4- «Жорға»

Жүргізуші: Студенттер жұлдыздарың жансын.
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт - деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бәріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

Жүргізуші: Бірінші бөлім «Бәйгеге» кезек берейік. Сұрақ оқылады, сұрақтың жауабын сіздер айтасыздар. Егер жауап дұрыс, 10 ұпай аласыздар. Ал жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.

1. Қарапайым өлшеу құралдарын ата (болатты сызғыш,рулетка,кронциркуль)

2. Метал неше топқа бөлінеді (қара және түсті)

3. Кернердің маңызы ( өңдеу кезінде кетіп қалмауы үшін, сызық іздерді тереңдету)

4. Тетіктің сыртқы , ішкі және оның тереңдігін өлшейтін құрал (штангенциркуль)

5. Бұрғының неше тісі бар (екі)

6. Чертилканың маңызы (белгілеу іздерін салу)

7. Қолара және қайшының айырмашылығы (қоларамен кесу жоңқамен, қайшы жоңқасыз орындалады)

8. Егеудің сегіз түрін ата (жазықты,

Жүргізуші: Екінші бөлім «Көкпар» (слайд №2)

Бұл бөлім 9 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа 20,30,40, ұпай беріледі.Ойынның шарты бойынша, ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз.Бұл ойыншы қалаған санын таңдайды. Сол сандағы сұраққа жауап берсеңіз, сол санды ұпай ретінде аласыз.Егер жауабыңыз қате болса,келесі жауабы бар ойыншы жауап беріп, сол санды ұпай ретінде алады.Ойынды сол оқушы жалғастырады. Осы бөлімнен кейін, ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

1.Сол жақтағы 20: Коледждің екінші қабатында неше оқу кабинеті бар? ()

2.Ортадағы 20: Биыл колледжге неше жыл болды? (75)

3.Оң жақтағы 20: Колледжде неше топ оқиды?

4.Сол жақтағы 30: ШЦ - І деген нені білдіреді? (штангенциркуль)

5.Ортадағы 30: Сыртқы бұранданы жонатын құрал (бұрандакескіш -плашка)

6.Оң жақтағы 30: Ішкі бұранданы жонатын құрал (бұрандаойғыш -метчик)

7.Сол жақтағы 40: Қандай жабдық (пісіру трансформаторы)

8.Ортадағы 40: Қандай жабдық (пісіру түзеткіші)

9.Оң жақтағы 40: Қандай жабдық (пісіру агрегаты)

Ұпайы аз студент ойынан шығады.

Жүргізуші: Үшінші бөлім: «Сөздің көркі-мақал»

Шарты: Сұрақ-жауап. Сұраққа мақалмен жауап беру керек.

Дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

1.Түкіріктен көл бола ма? (Көп түкірсе көл болады)

2. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

3.Көпке не шашпа? (Көпке топырақ шашпа)

4. Дос басқа қарайды, ал дұшпан қайда қарайды? (Дұшпан аяққа қарайды)

5. Тауық түс көреме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

6. Сиырдың сүті қай жерде? (Сиырдың сүті тілінде)

7. Бейнет түбі не? (Бейнет түбі зейнет)

8. Сөз анасы не? (Сөз анасы - құлақ)

9. Не қылыштан өткір? (Тіл қылыштан өткір)

10. Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (Мақал сөздің дәмін келтірер)

Жүргізуші: Төртінші бөлім «Жорға»
- Сендер бұл кезеңде дайындалған сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі.

1. Үш би? ( Әйтеке би, Төле би, Казбек би)
2. Қ. Р. Президенті кім? ( Нұрсұлтан Әбішұлы.Назарбаев)
3. Электр доғасының құбылысын ашқан кім? (В. Петров)

4. Бұранданы қандай құралмен тексереді? (резьбомер,микрометр, калибрлер)

5. Бұранданың неше түрі бар? (2)

6.Бұранда неше жүйеден тұрады? (3)

7.Нүктелегіштің маңызы (тереңдету үшін)

8.Егеудің неше түрі бар? (8)

9. Бұрғыны қандай мақсатта қолданады?

10. Пісіру жігін неше күйде орындайды?

(Тігінен,көлденең,төменгі және төбедегі)

11.Пісіру қосылысының қандай түрлерін білесің?

(түйістіріп,таврлы,бұрышты,айқастырмалы)

12.Өндірісте пісіру орынының қандай түрлерін қолданады?

(Стационарлы және жылжымалы)

1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

2. Колледж директорының аты-жөні (Масалимов Али Хайдарович)

3.Металды пісіруге қалай дайындайды?

(Металды механикалық немесе қолмен түзейді. Негізгі метал пісірудің алдында таттан, майдан және басқа ластардан тазалануы керек.)

4.Дәнекерлеу доғасын қандай амалмен қоздырады?

(Доғаны екі амалмен қоздырады -шертумен және жанасумен. Екі жағдайда да доғаның қоздырылуы қысқа тұйықталудан басталады.Содан электрод қайтарылады және доғаның жануы басталады.)

5.Электродтың негізгі неше түрі бар?

(балқитын және балқымайтын)

6.Ең алғашқы доғаның ашылуы ....(1802ж)

7.Дәнекерлеудің мынадай түрлері болады.....(газ.доғалы...)

8.Ток болады......(тұрақты,айнымалы)

9.Дәнекерлеушінің басты құралы.....(электродұстатқыш)

10.Қолмен доғалы дәнекерлеуде алдымен таңдаймыз.....(электрод)

11. Пісіру жігін неше күйде орындайды?

12. Дәнекерлеушінің арнайы киімінің материалы

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан студенттердің арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан студенттерді белсенді қатысқаны үшін мадақтау.



© 2010-2022