Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы



Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, ғ, г, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.


Түбір сөздің буынының жуан, жіңішкелігіне байланысты қосымшаның біріңғай жуан не жіңішке болып жалғануы буын үндестігі деп аталады.


Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келгендыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады.


Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы


.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ деп аталады. Оның белгісі ^ екенін есіңде ұста. Мысалы, күйші., биші, қалалық т.б

Тілімізде бір түбірден жасалған сөздер де бар. Мысалы, біл, білім, білімді, білгір, білімпаз. Осындай бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады. Оның белгісі- .

Мысалы, жапыратар, көйлектер, ауылға.

. Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: қырықбуын, Қаламқас, еңбеккүн.

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуы арқылы жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Мысалы: тау-тау, қолма-қол, тарс-тұрс, үп-үлкен.

Қос сөздердің арасында дефис қойылады.

Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Мысалы: айғыз-айғйз, әлсін-әлсін, түрлі-түрлі.

Екі түрлі түбірден қосарланып жазылған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады. Мысалы: ертелі-кеш, ата-ана, бала-шаға, қысы-жазы.

Қос сөздер түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы да жасалады. Мысалы: үп-үлкен, оп-оңай, жап-жақын.

Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздердің тіркесінен құралады. Осындай күрделі атаулардың қысқартылып айтылуын қысқарған сөздер деп атайды

ЗАТ ЕСІМ.

14. Заттың атын білдіретін және кім? не? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы зат есім деп аталады.


15.

Жалқы есім

Жалпы есім

  1. Кісі аттары: Асқар, Айнұр т.б

  2. Үй хайуандарына берілген атаулар: Ақтөс, Теңбілкөк т.б

  3. Газет ,журнал кітап атаулары: «Ұлан», «Балдырған», «Қазақ тілі» т.б

  4. Жер-су атаулары: Алатау, Каспи, т.б

  5. Қала, өше атаулары: Ақтау, Абылай хан даңғылы т.б

Деректі, дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін атаулар: балық, саңырауқұлақ, үй, жер, түтін, көмір, темір, достық, қуаныш, тұман, жаңбыр, дүкен, терек т.б


Сын есім

16. Заттың сынын, түр түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сын есім қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді.

17. Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейді.

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

18.Дара сын есім бір сөзден тұрады. Мысалы: қызыл, әдемі, сұйық, бозғылт, ақшыл.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: қызыл ала, қара сұр, ұзын бойлы. Күрделі сын есім құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер де күрделі сын есімдерге жатады. Мысалы: қоп-қоңыр, тып-тыныш, үлкен-кіші, балалы-шағалы.

19. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: үлкен, тар, жасыл, қою.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді.. Мысалы: денелі, жазғыш, сәнқой.

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы





Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Сан есім

20. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейді. Сан есім қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.

21. Бір ғана сөзден тұратын сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы: елу, алты, үшеу, жиырмасыншы, ондаған, мың.

Екі не одан да көп сөзден тұратын сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Мысалы: тоқсан үш, екі жүз он бес, оннан бір, он мың сегіз.

22. Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді. Қанша? Неше? сұрағына жауап беріп, заттың нақтылы сынын білдіретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз. Мысалы: бес, он екі, алпыс бес, тоғыз жүз он.

23. нешінші? Сұрағына жауап беріп, заттың саналу ретін білдіретін сан есімдерді реттік сан есімдер дейміз. Мысалы: бір-інші, он-ыншы, алты-ншы, жеті-нші.

24. Реттік сан есім есептік сан есімдерге -ыншы, -інші, -ншы, -ніші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.


Есімдік.

25. Зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейді. Мысалы: мен, сен, ол, біз, сіз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қашан, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан, т.б.

Жіктеу есімдіктері.

26. Мен, біз, сен, сіз ол есімдіктері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

27.

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Етістік

28. Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөздерді етістік деп аталатындығын оқулығыңнан оқып білдің. Мысалы: 1. Найзағай ойнады. 2. Ол орындықта отыр.

Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.

Дара етістік және күрделі етістік.

Етістіктер құрамына қарай дара және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: 1.Мектеп іші оқушылардың күшімен әшекейленді.

Екі немесе одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.

Негізгі және туынды етістіктер

Етістіктер негізгі және туынды болады.

Түбір сөзден болған етістік негізгі етістік деп аталады. Мысалы: айт, бас, жаз, кет, түс- негізгі етістіктер.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталады. Туынды етістіктер негізгі етістіктерге және басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы: үтік-те, ой-ла, жет-кіз, тарт-тыр.

Етістіктің жіктелуі.

Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атайды. Мысалы:

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қимылдың орындалуын белгілі мезгілмен көрсететін етістіктің түрі етістіктің шағы деп аталады. Қимылдың, іс-әрекеттің орындалу мерзіміне байланысты етістік үш шаққа бөлінеді:

  1. Осы шақ.

  2. Келер шақ.

  3. Өткен шақ.

Осы шақ:

Осы шақ етістіктер сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді.

Мысалы: күліп отыр, жылап жатыр, жүгіріп жүр, тоқтап тұр.

Осы шақ етістіктер не істеп отыр? Не істеп отырсың? Не істеп отыр? Деген сұрақтарға жауап береді.

Келер шақ

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: барады, келеді, билейді, көтереді.

Келер шақ етістіктері Не істеймін? Не істейсің? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Мен ертен шаңғыдан жарысқа қатысамын.

Өткен шақ

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп, кеткенін білдіреді. Өткен шақ етістіктері не істедім? Не істедің? Не істеді? Деген сұрақтарға жауап береді.

Үстеу

Тіліміздегі қимылдың, іс-әрекеттің мекенін , мезгілін, амалын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.

Мезгіл үстеу

Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін білдіретін сөздерді мезгіл үстеу дейді. Мезгіл үстеу қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: ертең келеді, күні бойы күтеді.

Мекен үстеу

Іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеуді мекен үстеу деп атайды. Мысалы: төмен түсті, тысқа шықты, әрә-бері жүрді.

Сын-қимыл үстеу

Іс-әрекеттің амалын, тәсілін, бейнесін білдіретін үстеуді сын-қимыл үстеуі деп атайды. Ол қалай? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: ақырын жүреді, балаша күеді.




Шылау

Тілімізде толық мағынасы жоқ, бірақ сө бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Ондай сөздер шылаулар деп аталады.

Мен (бен, пен), және шылаулары

Мен (бен, пен), және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Да, де, та, те шылаулары

біріңғай сөздермен қайталанып тіркескен Да, де, та, те шылауларының арасында үтір қойылады. Мысалы: Маржан да, Айгүл де сұңғақ бойлы.

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұрақ мағынасын үстейді. Мысалы: Сала аласың ба? Сенесің бе?

Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары

Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары атау септігі, дейін, шейін шылаулары барыс септігі сөздерімен тіркеседі. Мысалы: Түске дейін кел.

Қой, ғой, қана, ғана, -ақ, -ау шылаулары

Қой, ғой, қана, ғана, -ақ, -ау шылаулары өздері қатысты сөздерге шектеу, даралау, өтініш т.б. мағыналар үстейді.

өзі тіркесетін сөзден -ақ, -ау шылаулары дефис арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Данышпан болмай-ақ кішіпейіл болуға болады.

Одағай

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай деп атайды.

Одағайдың тыныс белгілері

Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы: Әукім-әукім, әукешім.

Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді. Мысалы: Алақай, алақай! Ағам әскерден келді!

Одағайлар сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Пай-пай, табиғаттың кереметі-ай!

Одағайлар сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағына үтір қойылады. Мысалы: Жолдан баланы ал, ойбай, машина келеді.

Одағайлар сөйлемнің соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Тамаша-ау көркің, пай-пай!


Сөз тіркесі

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Жай сөйлем

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы


Сөйлем мүшелері

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Сөйлемнің бірінғай мүшелері

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Жалаң және жайылма сөйлем

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы


Құрмалас сөйлем

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қыстырма сөздер

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қаратпа сөз

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Мәтін

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы

Диалог

Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы


© 2010-2022