• Преподавателю
  • Другое
  • ҚМҰҚ сабағынан Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. тақырыбы: Шеңбер

ҚМҰҚ сабағынан Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. тақырыбы: Шеңбер

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Шеңбер(круг)

Мақсаты: Шеңбер туралы түсініктеме беру, шеңбер геометриялықпішіндерге жататынын таныстыру.

1)Білім берушілік- шеңбер пішінін пайдалану арқылы, заттар құрастыру біліктерін қалыптастыру.

2)Дамытушылық- қисынды ойлауқабілеттерін,зейіндерін белсенді сөздік қорларын дамыту.

3)Тәрбиелік- төзімділікке, белсенділікке, сабаққа қызуғышылығын танытуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үлкен-кіші шеңберлер, үлкен-кіші түрлі- түсті доптар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Қазір бізде математика сабағы

  • Қараңдаршы балалар бүгін бізге көп деген қонақтар келіпті

  • Сондықтан да, зейін қойып сабаққа қатысып отырайық.

  1. Өткен сабақты қайталау: Өткен сабақта біз: біреу- бірнешеу, аз- көп Тақтаға алма, қызылша, қызанақ суреттерін ілеміз де бұл заттарды бір сөзбен айтқанда не дейміз- жемістер. Мысалы: алма нешеу біреу, бірнеше, көп.

-алманың түсі- көк, қызыл,пішіні қандай- домалақ, нешеу біреу, бірнеше, көп.

- қызылша түсі- қызл, пішіні қандай- домалақ, нешеу біреу, бірнешеу, көп.

Осы жемістердің пішіні қандай? Домалақ.

  1. Жаңа сабақ: Балалар менің қолымда не? Шеңбер.

Шеңбердің түсі қандай? Қызыл, Өлшемі қандай? Үлкен.

Шеңбердің түсі қандай? Жасыл, Өлшемі қандай? Орташа.

Шеңбердің түсі қандай? Сары, Өлшемі қандай? Кіші.

Бұл қандай пішіндер?

Геометриялық пішіндер. Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш. Төртбұрышы бар, үштұрыштың үш бұрышы бар.Шеңбердің басқа геометриялық пішіндерден айырмашылығы неде?Шеңберді домалата аламыз, шеңбердің басқа пішіндер сияқты бұрыштары жоқ.

Енді саусағымызбен ауада шеңберді домалатайық.

Екі қолымызбен үлкен шеңберді домалатайық.

Оң қолымызбен ортанша шеңберді домалатамыз.

Сол қолымызбен кіші шеңберді домалатамыз.

Балалардың қолына бір бірден үш шеңбер таратамын.

Шеңберлердің көлемдері мен түстері әр түрлі.

Балаларда сұраймын кімнің қолында қандай шеңбер екенін.

Үлкен қызыл. Бұл үлкен қызыл шеңбер.

Орташа жасыл. Бұл орташа жасыл шеңбер.

Кіші сары. Бұл кішкентай сары шеңбер.

Бұл шеңберлердің көлемі бірдей емес.

Қызыл шеңбердің үстіне жасыл шеңберді қойып, қызыл шеңбер жасыл шеңберден үлкен. Қызыл шеңбер мен жасыл шеңберден сары шеңбер кіші.

  1. Сергіту Сәті;

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Қолға шеңбер аламыз

Әдемілеп саламыз

Балалардың қолына екі шеңберлер, әртүрлі көлемде, бірдей түсте таратамын. Кім қандай шеңбер құрастыратынын біз қазыр сиқырлы қалиашаның ішіндегі заттар арқылы білеміз.

Сиқырлы қалташаның ішінде не бар екенін көрейік.Ішінде доптар. Доптардың көлемдері әртүрлі. Кім қандай көлемдегі допты алып шықса, сол көлемдегі шеңберді құрастырады.

Құрастырған шеңберлерін тақтаға ілемін.

Қорытынды: Балалардың жұмыстарын мадақтап, сыйлық тапсырамын.

© 2010-2022