Мал аурулары пәнінен сабақ дайындамасы

Білімділік: Оқушыларды жылқы ауруларымен таныстыру. Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту. Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу. Маңқа ауруы Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық заттарға төзімді. Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді е...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 3.11 Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары.

Жылқы аурулары (маңқа, сақау)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды жылқы ауруларымен таныстыру.

Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов "Ветеринария негіздері"

Пәнаралық байланыс: химия, мал ауру негіздері, мал шаруашылық негіздері, еңбек қауіпсіздігі, фармакология негізі.

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

  1. Қарасан ауруының қоздырғышы?

  2. Ірі қарасан індетінің өтетін түрі

  3. Қарсан мен қандай мал ауырады

  4. Тұяқты тазарту

  5. Аурудың белгілері

  6. Аурудың өтуі

  7. Тағалау тәртібі

  8. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Маңқа ауруы

Қоздырғышы - маллеин бактериясы. Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Сыртқы ортаға және дизенфекциялық заттарға төзімді. Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді емес, лас, шалшық суда 15-30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5-6 минут ішінде, ал қайнап тұрған суда сол бойда қырылады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады. Ауру мал сау мал бірге болғанда азық арқылы, жайылымдға, суда,(жүген, тоқымумал күтетін заттар арқылы жұғады. Малға қарап жүрген адам өзі ауырып және ауру таратуы мүмкін. Жасырын кезең 2-15 күнге созылады. Инкубациялық период 2-3 аптадан, 2-3 айға созылуы мүмкін. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі. Маңқамен жылқы, есек, қасқыр, кейде мысық ауырады. Маңқа адамға да жұғады. Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі.

Мұрын маңқасы. Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады, тыныс алуды қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері (төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага айналады, жара айналысы, жайылған емес, ортасы саргыш май түсті болып түрады.

Кейбір жаралар мұрын пердесін тесіп өтуі мүмкін, жараның жазылуы, қиын, ұзаққа созылады. Жазылған жағдайда дене тканьдер әсіп, тыртыққа (рубец) айналады.

Мұрын пердесін рефлектормен көру керек. Лимфа түйіндері (жақ асты түйіні) үлкендігі, тауық жұмыртқасындай болып, қатты, бұдыр-бұдыр, сипағанда өте салқын, ауырмайды, іріңдемеген.

Тері маңқасында, лимфа (без) жүйесінде, теріде және тері астына маңқа түйіндері пайда болады. Олар тез жорылып, орнына ортасы сары майға ұқсас жараға айналады. Әсіресе артқы аяқтың терісі көп ауырады, Ауру ұзаққа созылғанда артқы аяқ жуандап кетеді (слоновость).

Маңқаны анықтау үшін:

1) клиникалық белгісіне

2) маллейн пробасы (тексеру) жасайды.

3) бактериялық (патологиялық) материалды тексереді. Лабароторияға жібереді.

Жылқының өлігін (адамға жұғатын болғандықтан) сойып қарамайды.

Көзге малленизация жасау (офтальмомалеинизация) үшін, 2-3 маллейн тамшысын, пипеткамен көзге тамызады. Реакцияны оқу әр 3, 6, 9, 12 және 24 сағатта өткізеді.

Оң реакцияда, көздің айналасы қызарады, жас ағады және ірің (әрқанша түрде) көздің ішкі бұрышынан ағады. Күдікті реакцияда көз қыздырады ісінеді, жас агу, іріңсіз болады. Теріс реакцияда көздің клегей қабықтары өзгеріссіз болады. Күдікті реакция болғанда, көзбен тексеруді 5-6 күннен кейін, дәл сол көзді қайта тексеру керек.

Көзге малленизация жасайтын клетка стерильді болу керек. Малленизацияның таңертең ерте жасау қажет, себебі реакция оқуға ыңғайлы болуы үшін.

Тері астына (внутрикожная) малленизация жасау:

Маллейңді мойынның орта бөлігіне егеді. Препараттың дозасы инструкцияда көрсетіледі. Маллейін еккен соң, еккен жерде, шекарасы жоқ кішкене ісік пайда болады, көлемі 100-120 мм ден реакцияны екі рет, (48 сағат, 72 сағаттан соң) оң реакция берген малды жояды, өлігін өртейді.

Күдік және теріс реакция бергендерді, қайтадан малленизация жасайды. Реакцияны 24 сағаттан соң оқиды.

Қабынған ісік пайда болса, 40-45 күннен кейін тағы да тексереді және екі рет көзге маллейн тамызып тексереді, одан соң барып қортынды жасайды.

Сап емделмейді, ауру жазылмайды. Аурудың алдын алу үшін мына шараларды іске асыру қажет:

  • Шаруашылыққа бөтен жылқыны әкелмейді. Әкелген жылқыны малленизациядан өткізу керек, 30 күн карантинде ұстау қажет.

  • Жылына екі рет, тұрақты түрде көз мелленизациясын өткізу керек.

  • Маңқаға күдіктенген жылқының (клиникалық аурудың белгісі бар) көзін жою керек. Өлігін өртеп жібереді, малды соймайды, терісімен өртеу керек.

  • Тез арада СЭС-қа хабарлап, шаруашылыққа карантин салады.

  • Дезинфекция жасау үшін, хлорлы известтің 3 % ерітіндісін, едкии натрийдың 4 % ерітіндісімен ғана пайдалану қажет.

  • Карантинді соңғы маңқамен аурған жылқының көзін жойған соң, 45-күннен кейін ашады. Карантинді ашар алдында, қорытынды дизенфекция және ферманың мал тұрған жерді тазалайды.

Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер

Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.

Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары табылады.

Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.

Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер табылады.

Көзге малленизация жасау Жылқыдан қан алу

(офтальмомалеинизация)

Мал аурулары пәнінен сабақ дайындамасыМал аурулары пәнінен сабақ дайындамасы



Сап емделмейді, ауру жазылмайды, өледы

Мал аурулары пәнінен сабақ дайындамасы



Аурудан арылу және одан сақтану шаралары

Емі. Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру. Дәрі - дәрмекпен емдегеннен ешқандай нәтиже шықпайды. Жылқы өздігінен жазылып кетпейді.

Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.

Екінші топ-ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; Анық реакция берген жылқыны өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды «маллеиншілер» деп табады.

Үшінші топ - ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген жылқылар. Олардың қаны 15-ші күндері екінші рет тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.

Төртінші топ - күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады.

Ат қора құрамында 3 процент белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір) хлор ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен немесе күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады. Ауру малдың көңін өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.

Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады.

Пысықтау сұрақтар:

  1. Маңқа ауруының қоздырғышы?

  2. Мұрын маңқасының өтетін түрі

  3. Маңқаны анықтау үшін....

  4. Маллейңді қайда егеді

  5. Аурудың белгілері

  6. Аурудың өтуі

  7. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

  • Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

  • Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. "Ветеринария негіздері"


© 2010-2022