7 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

кіші олимпиада 2015 - 2016 оқу жылы


1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақтың дастарқаны

Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарханнан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан, тағамдары. Ет тағамдарына бесбармақ, уырдақ, қарта,қазы,жал,жая жатады. Сүт тағамдары - ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары- бауырсақ, шелпек. Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.

10 ұпай

2. Дос сөзімен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

(зат есім + сын есім), (зат есім + етістік), (есімдік + етістік). (Туынды

етістік)

Мысалы: Менің досым. 5 ұпай

3. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.

Сарымсақ , пияз,қонақ,соғым,тұрады,қосты,шақырды,сойды,

дастарханға,шақырды.

4. «Отан» туралы мақал-мәтелдерді теріп жазыңыз.

1. Ақылсыз достан арлы дұшпан артық. 5. Отан отбасынан басталады.

2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас. 6.Білім инемен құдық қазғандай.

3.Көп сөз көмір, аз сөз алтын. 7. Ас-адамның арқауы.

4.Әке көрген -оқ жанар, 8. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Шеше көрген- тоң пішер.

5. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңыз.

Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі.

Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге болмайды.

Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.

Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.

6. Төменде берілген сөздерден -қы,-кі, -ғы,-гі жұрнақтары

арқылы туынды сын есім жасап, сөйлем құраңыз.

Үлгі: -қы - қысқы

Күз, көктем, қыс, бүгін, ертең, кеше, күндіз, кеш, таңертең, биыл,

былтыр, төмен, жоғары, түн, соң, алғаш, қазір, көп жыл, үйде, ортада,

алыста, сыртта, шетте, сенде, менде, ауданда, бізде.

7. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңыз.

1.Адам, тамақтану, ағзасы, өте, үшін, пайдалы.

2.Тағамдар, асханасында, ыстық, мектеп, көп.

3. Қажет, жемістер, көкөністерді, мен, тұтыну,мөлшерде, көп.


© 2010-2022