Поурочный план по казахской литературы на тему Фариза Оңғарсынова Оюлар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, «Оюлар» өлеңінің мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық: түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу, ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, кубизм әдісі, сөздікпен жұмыс, семантикалық карта.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, куб, оқулық т.б.

Пәнаралық байланыс; бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ер қанаты-ат» тақырыбына шығарма жазу.

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Ой шақыру. Мұқағали Мақатаевтың «Фариза» өлеңін аудио-визуалды тыңдату.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. Ақынның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көрді. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

«Біздің Кәмшат» повесі

«Маңғыстау монологтары»

«Үйім - менің Отаным»

Шығармалары

«Оюлар»

«Революция және мен»


1.Өлеңді мәнерлеп оқытқызу.

2.Сөздікпен жұмыс:

  1. Қошқармүйіз - қазақтың ұлттық оюының бір түрі

  2. Тарамысты - арықтау

  3. Құр - киіз үйдің керегелері мен уықтарын таңып, байланыстырып тұратын жалпақ бау

  4. Басқұр - киіз үйдің ішіне сән беретін, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ құр

Кубизм әдісі бойынша жұмыстар жүргізу

Текшенің 6 қырындағы 6 түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

Сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Өлеңнің кез келген шумағын өлең құрылысына талдаңдар.

Үлгі:

Тү-рін - ай те-ке-мет-тің! А-сыл қан-дай! 11б, А

Ү-ңіл-дім үн-сіз ға-на ба-сым-ды ал-май. 12б, А

«Ке-ле ғой, қо-ша-қа-ным, ө-зіме!» деп, 11б, Ә

Ә-жем кеп си-па-ған-дай ша-шым-нан жай. 11б, А

Өлең 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды.



  1. Оюдың қандай түрлерін білесіздер?

Ою жайлы не білетіндерін сұрап өту.

Суреттер арқылы көрсетіп өту. мысалы:

а) түйетабан б) қазмойын

ә) арқармүиіз в) қазтабан

г) қошқармүйіз

«Мүйіз- қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді.

«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент.


  1. Кез келген оюдың суретін салып көрсетіңдер.


  1. Қазақ халқында ою-өрнектер қандай бұйымдарға не заттарға салынады?


  1. Құр дегеніміз не?


  1. Өнер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сабақты бекіту. Семантикалық картаны толтыру.

Сұрақ


Дұрыс

Дұрыс емес

  1. Фариза Оңғарсынова 1935 жылы дүниеге келген

+


  1. 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді

+


  1. Құр - ол қазақтың ұлттық оюының бір түрі

+


  1. Ақынның туған жері - Атырау өңіріндегі Манаш ауылы.

+

Үйге тапсырма.

Өлеңді жатқа мәнерлеп оқу.

Оқушыларды бағалау кезеңі.

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.



1.Өлеңнің кез келген шумағын өлең құрылысына талдаңдар.

Үлгі:

Тү-рін - ай те-ке-мет-тің! А-сыл қан-дай! 11б, А

Ү-ңіл-дім үн-сіз ға-на ба-сым-ды ал-май. 12б, А

«Ке-ле ғой, қо-ша-қа-ным, ө-зіме!» деп, 11б, Ә

Ә-жем кеп си-па-ған-дай ша-шым-нан жай. 11б, А

Өлең 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды.

2.Оюдың қандай түрлерін білесіздер?

3.Кез келген оюдың суретін салып көрсет.

4.Қазақ халқында ою-өрнектер қандай бұйымдарға не заттарға салынады?


5.Құр дегеніміз не?


6.Өнер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


© 2010-2022