Стих на тему Родной язык

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі

Қазақ тілі халқымның ана тілі,

Бабаларым қалдырды таза тілді

Қазақ тілі бай тілдің бірі екен,

Осы тілді бабаларым мақтан еткен.


Бабаларым мақтан еткен ана тілін,

Ақындардың өлең жазған көркем тілін.

Бай тілдің бірі болды ана тілім,

Сондықтан мақтан етем қазақ тілін.


Сүйемін өзімнің ана тілімді,

Алғаш алдым осы тілде білімді.

Алғаш маған білім берген қазақ тілді,

Әрқашанда сүйіп өтем өз тілімді.


Өнерде бастау алған туған тілден,

Өмірдің бар тарихын тиек еткен,

Бар қасиет ол біздің ана тілде,

Болашақты осындай жарқын еткен!


Өз тілін жырламаған ақын бар ма?!

Балаған туған тілін бақытына,

Бұл байлық теңдесі жоқ әлемдегі,

Бағалап, сүйе білген әр адамға.


Ана тілім өркендесін бүгінде,

Өлең жазып, ән айтамын төрімде.

«Ана тілім ертең ғайып болса егер,

Мен өлуге дайынмын - ау бүгінде.»



Деп жырлаған Расул Ғамзат кезінде,

Сол бір сөзі әлі күнге есімде,

Ана тілсіз еш қадірің болмайды,

Жүресің сен мылқау жанның күйінде.


Сондықтан маған қымбат ана тілім,

Сөйлеймін осы тілде емін - еркін.

Қазақстандай киелі жерде туған,

Ешқашан өлмек емес ана тілім!




© 2010-2022