Өлең жолдары Мағжан Жұмабаевқа арнау

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мағжанға арнау.

Жырлағандай мен жастарға сенем деп,

Қазағымның болашағы сендер деп.

Жас ұрпақтың ар - намысын оятып,

Арыстан мен жолбарысқа бір теңеп.


Жастарды жетелеген алға қарай,

Мағжанды үлгі тұтпайм енді қалай.

Болашақ жастардың қолында деп,

Жастарға сенемін деп айтты талай.


Қазақ ұлы, алаштың зиялысы,

Жыр жазған ақыны мен жазушысы.

Жастарды жырларына арқау еткен,

Мағжан ата - әдебиеттің бір данасы.


Махаббатты маздатқан асқақ ақын,

Өзек еткен жүректің мұң, бақытын.

Жастарға сенетінін жырға қосқан,

Алатаудай шыңы биік заңғар ақын.


Арайлап атқан, қазағымның таңындай,

Сөз мөлдір, тау - бұлақтың суындай,

Әр сөзінде түбі терең сыры бар,

Жырлары да жанып тұрған жұлдыздай.


Дарытқан бойымызға сезім жырын,

Сөз еткен қазағымның бар ғұмырын.

Қуғын - сүргін құрбанына ұшыраған,

Сарп еткен бар өмірін қазақ үшін.


Ұшырап қуғын - сүргін азабына,

Көп қиындық көрген еді жас шағында.

Сонда да шындықты жырға қосып,

Үлкен сенім артты қазақ ұлдарына.


Ұмытылмас Мағжандай дара тұлға,

Халқымызға жол сілтеп болашаққа.

Аз ғұмырда қалдырған бар мұрасы,

Баға жетпес құндылық қазағыма.


«Сүйемін», «Сағындым»,- деп жырлаған,

Қазағымның жүрек мұңын мұңдаған

Жүз жиырма үш жыл туғанына бүгінде,

Мағжан атам ұлы тұлға, данышпан.


Әдебиеттің бес арысы атанған,

Қазағымды оятып ұрандаған,

Жазықсыз - ақ халық жауы атанып,

Тәуелсіздік жолында құрбан болған.



Қайсар елміз ер ерлігін ұмытпаған,

Ұлылар даналығын ұлықтаған.

Қазағымның даналарын, дараларын,

Жырлаудан ешқашанда жалықпаған.


Бүгінде Мағжаныма жыр арнаймын,

Жырларының сырларын ұққандаймын.,

Абақтыда отырып - ақ жыр арнаған,

Қайсарлығын Мағжанның мен жырлаймын.


Әдебиетте өшпейтін із қалдырған,

Қара өлеңнің құдіретін ұғындырған.

Алаштың ардақты ұлы Мағжан ата,

Қара көзді қазағым деп шырылдаған.








© 2010-2022