Коучинг «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: № 42 орта

мектебінің директоры:

____И.Ж.Төргелдинова



Коучинг «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»



Мазмұны

Тақырыбы

«Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»

Мақсаты

Оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау

Міндеттері

*Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

*Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

*Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

*Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже

  1. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

  2. Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

  3. Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Құрал жабдықтары

маркерлер, А4, презентация, түрлі түсті қарындаштар

Өтілу кезеңдері

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс- әрекеті

Уақыты

60 мин

Ұйымдастыру

Коуч тақырып және оның мақсатымен таныстырады

Топтарға бөлу

Коуч түрлі стикер арқылы топқа бөлуді ұсынады.

5мин

Психологиялық ахуал

«Танысу шеңберін» құрастыру. Өздерін атын айтып, 1 сын есімді қосады.

5мин

Миға шабуыл

Коучинг қатысушыларына өзін қағаз алақанында бағалауға беріледі. Содан соң өзінің жанында отырған көршісін бағалатқызады. Сұрақ қойылады:Сіздің өзіңіздің бағалауыңыз басқа адамның бағалауымен бірдей болда ма?Неліктен сіздің бағалауыңыз бірдей болмады? Сіздерді ойыңызша бағалау керек емес, қате бағаласаң неге ұшырауға болады?

Тапсырманы орындайды, өздерін бағалайды, басқа адамды бағалайды. Коучтың сұрағына жауап береді.

10мин

Коучингтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

3мин

Теориялық кезең

презентация

Слайд презентация арқылы критериалды бағалаудың ұғымымен таныстырады.

5 мин

Тәжірибелік кезең

Тапсырма: Қағаз бетіне гүлді салыңыздар, бояңыздар. Топтар гүлдерімен ауыстырады. Жұмысты 2-3-4-5тік ұпайымен бағалаңыздар. Жазбаша түрде неліктен сондай баға қойғандарын туралы жазу. Топтар гүлдерін қайтарып береді.

-Бағалармен келісесіздер ме?

-Әрине оқушылар да осындай бағаға келіспейді, сондықтанда осындай жағдайға түспеу үшін

осы салған гүлге топпен өзіміздің бағалау критериясын жазып көрейік. (өлшемі-размер, әдемілігі, жапырақтың саны тб)

Бірігіп гүлге бағалай критериясын шығарады.

Қорытындысы:

Ата-аналардың, оқушылардың атынан арыз естімеу үшін, оқушылардың сабаққа деген мотивациясы төмендеуі критерий керек. Бағалау критериясы болса оқушы жұмысты істейтін алдында нақты қалай істеуін біледі. Ол табысқа жетемін деп талаптанады, оқуына деген қызығушылық оянады, оқуға деген мотивация өседі. Үй жұмысын тексергенде, операциялық кезеңде, бақылау жұмыстарында міндетті түрде критериялық бағалауды ұсыну керек.

15мин

Тапсырма 2

Постерге критериалды бағалау туралы кілтті сөздер мен сөз тіркестерін жазады.

10 мин

Критериалдық бағалау оқу үдерісінде көмек бере ме?

Сабақта критериалды бағалауды қолдандыңыз ба? Қолданасыз ба?

Коучинг қатысушылары сұраққа жауап береді.

3 мин

Рефлексия

Тақтада «Еттартқыш, қоқыс шелегі және чемоданның» суреттері ілулі тұр. Стикерде не артық боды - қоқыс,ойлануда немесе қорытып жатырсыз-еттартқыш және өзіңізбен әкететіңдер-чемоданға жабыстыру.

4мин











Коучинг «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»

Коучинг «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»

Коучинг «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»





© 2010-2022