Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»Сабақтың тақрыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныту;

«Қара бұлт» мысалының мазмұнын меңгерте отырып, идея-

сын ашу.

Дамытушылық: оқушыларға өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп,

рөлге бөліп оқуға дағдыландыру,ойлуау әрекеттерін қозғалысқа

түсіру.

Тәрбиелік: ақын көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен аулақ болуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау, жағдаяттық талдау, жинақтау.

Формасы: топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, шығармалар жинағы, слайдтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) түгендеу;

б) топқа бөлу;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) С.Торайғыровтың «Мен қазақ» өлеңін әр топтан шумақтарды жалғастыра отырып, жатқа айтады.

Лирикалық қаһарман деген кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Халқым деп соққан жүрегі,

Елінің болған тірегі.

Азаттық үшін мерт болған

«Алаштың» қайсар бірі еді.

Байтұрсынұлы Ахметті

Кім қане, жақсы біледі? (1-слайд. А. Байтұрсыновтың суретін көрсету)

  1. Ассоциациялық карта.


  • А. Байтұрсынұлы туралы не білесіңдер? Соны айта қойыңдаршы.

АХМЕТақын қоғам қайраткері


ғалым аудармашы мысалшы

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен эпиграфымен таныстыру.

«Ғибрат алар артыңа іс қалдырған, ( 2-слайд)

Шын бақыт,

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!-деп Шәкәрім ақын жырлағандай, артына, кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған, қазақ тіл білімі мен әдебиет қағидаларының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері, мысалшы, дарынды ақын, қазақ әдебиетінде орны ерекше біртуар тұлға А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналады.

А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бүгінгі сабағымызда айтып тауысу мүмкін емес, сондықтан қысқаша шолу жасап өтейік.

3-слайд. (Тіл-құрал, әдебиет танытқыш, қырық мысал, карта)көрсетіледі.

Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: А.Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңі.

Мақсатымыз: «Қара бұлт» мысалының мазмұнын меңгере отырып, идеясын ашу.

Ойқозғау- қызығушылығын арттыру.

  1. Мәнерлеп оқып беремін.

  • Өлең қандай жанрда жазылған?

  • Мысал өлең.

  • Мысал өлең екенін қайдан білдіңдер?

  • Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрде келетін сюжеті шағын көркем шығарма.

  • Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытқан - Абай, Ыбырай, Ә.Бөкейханов, С.Көбеев, С.Дөнентаев, А.Тоқмағамбетов.

А.Байтұрсынов мысалдарда қазақтың әлеуметтік өмірінің шындық жақтарын бейнеледі және ғибраттары мол.

  • Сонымен, балалар, өлеңде не туралы айтылған? Кейіпкерлері кімдер?

(Бұлт, шаруалар, қурап тұрған егін)

  1. Өлеңдегі мағынасы сендерге түсініксіз сөздермен танысайық.

Сөздік жұмысы. (4-слайд)

Аптап - өте ыстық,

көк - аспан,

құр - жәй,

пәрменінше - бар күшімен,

қайран қалу - таңқалу,

қайыр - пайда

Миға шабуыл.

І топ. Мазмұнын ашу.

Өз сөздерімен мазмұнын баяндап береді.

ІІ топ. Рөлге бөліп сахналандыру.

Екі оқушы: бірі -тау, екіншісі-автор.

ІІІ топ. Поэтикалық талдау жасау.

(шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратып, көркемдегіш тәсілдерін мәтіннен табу. Теңеу, эпитет, кейіптеу)

Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сұрақ-жауап:

  1. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

  2. Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?

  3. Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?

  4. Бұл мысалда ғибрат алар қай шумақ? Оқыту.

Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,

Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.

Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,

Қандай зор тиер еді пайдаң елге.

І топ. Төрт сөйлем тәсілі.

  1. Пікір. Ақын мысалындағы бұлт - мақтаншақ, қайрымсыз, жағымпаз.

  2. Дәлел. Байлық , мансап үшін құрғап тұрған егінге тамбай, онсыз да суы көп теңізге бар күшімен құя салған қайырымсыз.

  3. Мысал. Бұл қасиет адам бойындағы жаман әдеттер, мысалы, кейбір адамдар, жағдайы нашар, жетімдер үйіне немесе дертке шалдыққан адамдарға қайырымдылық жасаудың орнына өз бастарының қамы үшін бай адамдарға не басшыларын жағынып, мақтанып ақшаларын шашады.

  4. Қорытынды. Ахмет Байтұрсынұлы адамның бойындағы мақтаншақ, қайырымсыз, жағымпаз адамдарды бұлт кейіпінде алып, сынайды, елге пайдаңды тигіз, қайырымдылық жасау керек деген ойды айтады.

ІІ топ. Бестармақ (синквейн)

1-тармақ - негізгі ойға байланысты 1 зат есім; (Бұлт)

2-тармақ - негізгі ойға байланысты 2 сын есім; ( қайырымсыз, мейірімсіз)

3-тармақ - негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін 3 етістік (тамбады, су бермеді, жаумады)

4-тармақ - тақырыпқа байланысты 4 сөзден тұратын сөйлем. (Пайдаң елге тиер еді.)

5-тармақ - бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз. (Жаңбыр)

ІІІ топ. Ойтолғау. «Қайырымдылық деген не?»

Қазіргі кезде қайырымдылық керек пе? деген сұрақ төңірегінде ойларын жеткізу.

Қорытынды. Бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.

Тән көмілер, көмлмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін, -деп А.Байтұрсынұлының өлеңімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма.

1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау.

  1. А.Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер оқу.

  2. «Анама хат» өлеңін оқып, талдап келу.


© 2010-2022