• Преподавателю
  • Другое
  • Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық, шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары

Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық, шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық, шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары

Мамедярова Роза Момыновна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қарағанды қаласы

Бүгінгі күннің басты талабы - адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, ең тиімді әдістерді, тәжірибелерді жалғастырып, тың ізденістерге жол ашу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту.

Тіл - халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәстүрге бағынған. Олай болса, ірі тұлғаның бірі Мағжан Жұмабаев «Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті,тарихы, жол жорасы»,-деп тегін айтпаған. Бұл өскелең өмір талабы.

Әдебиет - өнер пәні, адамтану пәні, жан-жақты ойлантудың, терең ойдың пәні. Сондықтан әдебиет сабағында жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай туғызу, яғни өмірге бейімделген мәдени тұлға тәрбиелеу басты мәселенің бірі болып табылады.

Жеке тұлғаны дамытудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық, шығармашылық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Жаңашыл ұстаз Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде сабақта алған білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденіп шығармашылық жұмыспен айналысуға ынталандыратын, ғылыми-зерттеу және танымдық іздендіру жұмыстарына баулитын тапсырмалар жүйесі арқылы оқушыны дамыту ерекше басшылыққа алынған. Ұстаздың жаңашыл педагогикалық технологиясы негізінде оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оны өмірде қолдана білуге баулимын.

Жоғарғы сыныптарда ақын, жазушы өмірбаянын оқыту тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Жазушы өмірбаянын хронологиялық жүйемен оқыту оқушының суреткерді жан-жақты тануына, азаматтық тынысы, халқына сіңген еңбегі, яғни өмір жолынан толық мәлімет алуға ықпалын тигізеді. Мысалы, 1904 жылы дүниеден Абай кетіп,«Қазақ поэзиясының күні тұтылған» тұста, жетіге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт әдебиетіне ұлы тұлға, алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте ешкім біле қойған жоқ-ты.

Мағжан - текті атадан. Әкесі Бекен - дәулетті, болыс болған кісі. Атасы Жұмабай сауда-саттықпен айналысқан, меккеге барып, қажы атанған беделді адам болған. Ағаларына еліктеп, оқуды тым ерте бастаған зерек Мағжанды көп немересінің ішінен бөліп,«Менің атымды түбінде осы балам шығарады» деп бата берген екен. Оқушы осындай естеліктерді, монографиялық еңбектерді т.б. әдебиеттерді оқып, жан - жақты іздену барысында өзіндік көзқарасы мен тұжырымы қалыптасып, хронологиялық жүйені күрделі де тың мәліметтермен толықтырып, өздері құрастыруға дағдыланады. Өз бетінше іздену жұмыстары арқылы оқушы өіне - өзі баға беріп, өзін - өзі реттейді. Дұрыс бағыт беру, өз еркімен еңбекке құлшындыру арқылы тәрбиелеу шығармашылыққа алып келеді.

Жазушының өмірбаяны туралы алған білімдерін бекіту, ойын жинақтап, шапшаңдық, тапқырлық танытуға тәрбиелеу мақсатында зымыран сұрақтар беру арқылы нақты жауап алу өте тиімді. Мысалы:

  1. М.Әуезов туралы не білесіңдер? (топтастыру әдісімен жасаған сызбалары бойынша жауаптарын дәлелдеп, қорғайды.)

  2. М. Әуезов өмір сүрген жылдарды ата.

  3. Демалыс кезінде өзінің туған ауылына келгенде, жай келмей жан-жақты зер салып, терең таныған дүниесі.

  4. Тұңғыш жарық көрген көркемсөзі.

  5. Қазақ прозасын еуропалық проза дәрежесіне көтерген ең алғашқы дәрежесі.

  6. Николай Погодин метафорасын айт, мәнін түсіндір.

  7. Жазушылық қызметімен қоса ғұмыр бойы атқарған жұмысы.

  8. Дүниежүзілік классикаға енген үздік шығармасы.

  9. М. Әуезов туған, өскен, жүрген, оқыған жерлерін картадан көрсет.

11 сыныпта драмалық шығармаларды оқытудың жолдарын көп. Ол - әр ұстаздың ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, тақырыпты талдамас бұрын әдеби теориялық білімдерін кеңейтудің маңызы зор. Осы мақсатпен оқушыларға драма, трагедия, комедия, драматург, драматургия туралы не білесіңдер? деп ой тастау арқылы өрбітудің тиімділігі баланы ойландырады, ойын жинақтайды, сөйлеу мәдениетін арттырады. Драма - сахнада ойналатын диалогке құрылған көркем шығарма. Драматург - драмалық шығармаларды жазумен щұғылданатын жазушы. Драматургия - драмалық шығармалар жиынтығы.т.б. осылайша оқушы жауаптары тыңдалады.

Тақтада ілінген көрнекіліктердегі «Пьеса, драма, трагедия, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы.» М. Горький, «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» Н.Гоголь, «Драма кейіпкері - өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар адам» деген ұлы сыншы Белинскийдің дәйексөздерін оқушыға оқытып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіреді. Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармалардың табиғатына тікелей байланысты болып келетінін, шығармаларды оқу, сахнадан көру және өздері ролге еніп, орындауда байқалатын оқушылар топтық жұмыста туындыны талдау барысында іздендіруші тапсырмалар арқылы дәлелдейді.

М.Әуезовтың азаматтық бейнесін үналғыдан тыңдату арқылы өмір жолынан қосымша деректер ала отырып, ұлы суреткер өмірін үлгі тұту, тыңдай білу әдептерін дағдыландыру. Драматургия жанрының бас қазығы, театр тарихының тұңғышы болған «Еңлік-Кебек» трагедиясының жазылу тарихы туралы тыңдатудың мақсаты Ойқұдық жайлауындағы «Қос отау сахнасы» оқиғасының тарихи мәнін түсіндіру арқылы С.Мұқанов «Драматургия - негізінен қазақ әдебиетіндегі М. Әуезов тудырған жанр» деген пікірді әділ айтқандығына көз жеткізеді.

Туындыны оқып, мазмұнын меңгергеннен кейін әр топ өз актілері бойынша негізгі оқиғаларды (әр оқушы өз бетінше сызбаға түсіреді, топта жинақтайды) белгілеп алып, топта мәтінмен жұмыс жасайды. Мақсаты: оқушыларға трагедия тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін композициясын талдауды меңгерту. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларға қозғау салып, олардың ойына ерік беріп отыру - драмалық туындыны оқытудың тиімді жолдарының бірі. (Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» А. «Рауан» 1997.)

Акт,

сурет

Негізгі оқиғалар

Сұрақ-тапсырма

I акт

1-2 сурет

II акт

3-сурет

III акт

4-сурет



IV акт

5-сурет

Абыз сарыны ( пролог)

Есен мен Кебектің Абыз данаға келуі. Ардан туған, арман қуған ер Кебекке бата береді... Жапал мен Еңліктің Есенді күлкі етуі. Кебек пен Еңліктің кездесуі, бір-бірін ұнатып, өмірлік берік серт беруі.

Билер тартысы. Есен мен Кебек қақтығысы. Еңліктің Кебекпен қашуы.



Жесір дауы. Өлім жазасына кесу. Есенді Кебектің өлтіруі. Еңліктің соңғы тілектері. Екі ғашықтың қазасы. Нәресте. Абыз өсиеті. Жапалға аманат ету. (эпилог)

Қалай ойлайсыңдар,.

Абыз толғанысы неге алынған? Бата деген не?

Есенге неге бата бермеді?

Есенді күлкі етуінің мәнін қалай түсіндірер едің?

Еңлікке кездестірген қодыға неткен құтты едің деген Кебек Еңлікті бір көруге асық па еді?

Қоштасу, құтты жеріне қондыру туралы көзқарасың.Оң батасын алмай барам деген Еңлікке не айтар едіңдер?

Еспембеттің жесір дауы орынды ма? Көбей бидің шешендік сөздерінен кейін қандай жауап бере едіңдер?Абыз өсиетінде қандай идея бар?

Аманат ету, эпилог деген не?

Білім алудың басты қайнар көзі - оқулық. Жеке тұлға дамуында оқулықпен жұмыс істеу біліктілігі ең басты танымдық біліктілік. Түсіндірме сөздікті қолданып, мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін анықтаудың мақсаты оқушының сөздік қорын байыту. Сиырқұйымшақтанып - бір нәрсенің ұзаққа созылып, аяқсыз қалуы. Дәнекер - жалғастырушы. Қодыға-маралдың, бұланның төлі: бұзауы. Көде - далалы жерде шоқ-шоқ болып өсетін қысқа жапырақты, сұлу тұқымдас шөп. Еңлік - еңіл гүлді өсімдігінен ашытып жасалатын ерінге, бетке жағатын бояу. Кебек - бидай ұнының ұрпағы, қауыс. Ұнның жарымы. Саптыаяқ - тұрмыста қолдану мақсатына орай қайыңнан, қарағаштың, үйеңкінің берішінен, безінен, үйілінен ұңғу әдісімен жасалатын бүлдіргелі сабы немесе шығыршығы бар, шүмектісі де болатын аяқ.

Айшықты сөздерді (айрандай аптап, күбідей пісіп, әй дер әже, қой дер қожа болған жоқ. Ағайын, ұзында өшті, қысқада кекті емессің, кеден кеден болды, кедергі неден болды, саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын болсаң, түймені түйедей қылу, сыныққа сылтау таба алмау, т.б) тапқызып, мәнін ашу да баланың сөздік қорын байытып, тілін дамытады.

Үлестірмелі қағаздарды таратып, шығарманың поэтикалық тіл көркемдігіне талдау жасау, ең маңызды диалог, монологтерді мәнерлеп оқу, рөлге түсіп оқыту тапсырылады. Еңліктің қоштасу сәтін , билер тартысын, Абыз бен Жапал, арасындағы диалогті оқушылар көрінісінен көріп, көз алдарынан өтіп, бара жатқан проблемаларға, кейіпкерлер тартысы, іс-әрекеттеріне өзіндік көзқарастарын білдіру, сын көзбен баға беру оқушының танымдық қабілеттерін арттырады.

Әдебиеттің ең басты өлшемі - көркемдік. Көркемдік шындық образ арқылы жасалады. Ол әдеби кейіпкер -шығармадағы басты бейне. Көркемдік әдіс екіге бөлінеді реалистік және романтикалық.

Романтикалық бейне - халықтың арман мұратты қиялына негізделіп жасалған адам бейнесінің көнеден келе жатқан түрі. Мысалы: ертегілер, аңыздар, прозалар.

Романтика - өмірге көзқарастың бір түрі асқақ идеалға құштарлық жатады.

Реалистік бейне -тура мағынасында белгілі бір халықтың, елдің тарихына, әдет-ғұрпына, тұрмыс-тішілігіне, мәдениетіне тән, түсінік береді.

Реалистік бейне 3 топқа бөлінеді. Эпикалық, лирикалық, драмалық.

Эпикалық бейне - жазушының авторлық баяндауы мен басты кейіпкердің сөзі арқылы жасалады.

Лирикалық бейне - ақынның айналадағы түрлі құбылыстарға көзқарасына, әсерлеріне ой - сезімдеріне негізделетін бейне.

Драмалық бейне - кейіпкердің өз сөздерімен іс-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Әдеби туындыда көркем образ жасау тіл боп табылады. Көркем шығарма тілі туралы әңгіме көркем сөз жайында ой бөлісуге жетелейді.

Кез келген көркем шығармадан алған әсерлерін, өздеріне ұнаған эпизодтарын астарлы афоризмдермен, мысалы: «Ақылсыз жігіт ауыздықсыз ат», «Есер баладан ерке бала жаман», «Күтімі жаман ағаштың бітімі жаман», «Араммен келген мал араммен кетеді», «Баланың балалығына әкенің даналығы қажет» т.б. немесе «Бес жолды өлеңмен» түйіндейді.

Бала интелектісінің көзін ашатын танымдық, шығармашылық, ізденістерін дамытудың жолдары жан - жақты, әрі бір-бірімен тығыз байланысты күрделі үрдіс.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан мұғалімі 2013 жыл №3,5.

2. Әдебиеттануға кіріспе К.Ахметов Қарағанды 2004жыл

3. Мирсеитова С. RWCT философиясы мен әдістері.-Алматы, 2014

4. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы.

© 2010-2022