Қазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі. Сабақтың мақсаты:  1.Білімділік: Оқушыларға  мекен үстеу, мекен үстеудің жасалу жолы  туралы түсінік беру. 2.Тәрбиелік:  Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ойын нақты, дәл жеткізуге баулу,білім алуға, сауаттылыққа, тиянақтылыққа, сурет бойынша мәтін құрауға үйрету. 3.Дамытушылық:  Ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жан – жақты болуға үйрету. Мекен үстеуін үстеудің басқа мағыналық  түрінен  ажырата алуын дамыту. Сабақтың түрі:  Дәстүрлі Саба...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспарыҚазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспарыҚазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспарыҚазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспарыҚазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспарыПән: Қазақ тілі

Сынып: 6 «А»

Күн: 19.02.13

Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға мекен үстеу, мекен үстеудің жасалу жолы туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ойын нақты, дәл жеткізуге баулу,білім алуға, сауаттылыққа, тиянақтылыққа, сурет бойынша мәтін құрауға үйрету.

3.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жан - жақты болуға үйрету. Мекен үстеуін үстеудің басқа мағыналық түрінен ажырата алуын дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, баяндау, тест жұмысы, жаттығу жұмыстары, сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Мекен үстеуінің сызбасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгендеу; б) назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

276 - жаттығу өткен сабақта берілген, осы жаттығуды әр оқушыдан сұраймын.

  • Үстеу дегеніміз не?

  • Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?(2-ге)

  • Үстеудің неше мағыналық түрлері бар? (7 мағыналық түрі бар)

  • Мезгіл үстеу дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабақ, мекен үстіуінің сызбасын көрсетемін, сол сызба бойынша айтып түсіндіремін.

278-жаттығуды орындатамын. Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіндер.

Үлгі: алыста: қайда шағылысады? - алыста шағылысады.

ІV. Сабақты бекіту:

279-жаттығуды орындатамын. Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем құраңдар.

Тапсырма: Мына суреттке қарап мекен үстеуін қатыстырып, мәтін құрастырыңыз.

V. Сабақты қорытындылау:

- Сонымен, балалар, Үстеудің неше мағыналық түрі бар екен?

- Мезгіл үстеу дегеніміз не?

- Мекен үстеу дегеніміз не?

- Мекен үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?

VI. Үй тапсырмасы:

280-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. Сұрақ қою арқылы тіркесіп тұрған сөзін табыңдар.

Үлгі: ілгері - негізгі мекен үстеуі, қайда жылжып?- ілгері жылжып?

VII. Бағалау:



2. Мекен үстеуі

Қайда?Қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:ілгері жүрді.

Қимылдың,іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді.



Құрамына қарай

Негізгі я туынды түбір Күрделі түбір

Қазақ тілінен «Мекен үстеуі» тақырыбының жоспары

© 2010-2022