Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

Күні:

Сыныбы: 8 а Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас

Мақсаты: 1) түсіндірмелі салаластың өзіне тән белгілерін таныту; ғылыми негіз қалыптастыау;

2) салаластың басқа түрлерімен салыстыра отырып,өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

3) өз пікірлерін қорғай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу;

Типі: Жаңа сабақты меңгерту;

Түрі: Топпен жұмыс.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, Ой қозғау, кубизм;

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Үй тапсырмасын сұрау: Қарсылықты салалас дегеніміз не?Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру; 2. Өткен сабақты қорыту:Мұғалімнің сөзі:

  2. Жаңа сабақ: Ой қозғау

Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді. Мына сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемді анықта.

Түсіндірмелі салалас дегеніміз - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын салаластың түрі. Т. С. Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер боладаы: мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай.Мысалы: Сіздерге айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер.

3. Сұрақтар мен тапсырмалар:а) Кубизм.

І. Суреттеңіз:

Түсіндірмелі салаластың өзіне тән белгілерін суреттеңіз. (4)

1.Түсіндірмелі салалас сөйлемде І-ші компонентте жалпылық мәнде айтылады;

2.Кейінгі компонентте оның мәні талданып түсіндіріледі;

3.І-ші жай сөйлемдерінің баяндауыштары

сол, сонша, соншама, соншалық, сондай есімдіктер мен үстеу сөздерден болады;

4.Бұл есімдіктер өз баяндауыштарының жай-күйін білдіреді;

ІІ. Салыстырыңыз

Мына сөйлемдердің мағыналары мен өзіндік сипатын салыстырыңыз.

1.Сіздің үйдегі Мәкіш маған қалай жақын, Ескендір де сондай бауырым.

2.Қанша бердім, сонша қайтарасың.

3.Соқаны қалай алды, солай апарып қойды.

ІІІ. Ойыңызбен байланыстырыңыз. Т.С. компоненттері арасындағы мағынаны айқындаңыз.

  • Тыңдаушының көңілін аударады; - Ой салмағын түсіре сілтейді.

  • Жалпылық мәнде; - Бағыттыс мәнде айтылады.


  • Біреуін даралайды; - Оқиғаның бұрынғы күйі мен қазіргі күйі қарсы қоя

салыстырылады.

ІҮ. Саралаңыз, зерттеңіз.

Сілтеу есімдіктерінің түсіндірмелі малалас сөйлем жасауға қатысын саралаңыз.

Қатесін сыз.

  • 1-компоненттің баяндауышы - шарт қоя айтылады;

ретінде жұмсалады;


  • Тәуелсіз, дербес әрекеттерді - Ерекше мән беру мақсатымен;

баяндайды;


  • Сөйлеушінің бейтарап

Ұстайтынын білдіреді; - жалпылық мәндегі бір пікір 2 рет айтылады;

Ү. Қолданыңыз. 111-жаттығуды берілген шарты бойынша орындаңыз.

Орнына қой

Себеп-салдар: Түсіндірмелі:

ҮІ. Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз.

Т.с.с. сілтеу есімдіктерінсіз жасалмайды.

Үйге: 1.Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің жасалу жолдарын оқу, талдау.

2.110- жаттығу, б.ш.б.о.

Бағалау:


© 2010-2022