Доклад на тему Ата - ана мен балабақша ынтымақтастығы

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исакова Д.Ж

Тұрсынбекова С.М.

Қарағанды облысы Шет ауданы

«Ақжал кенті» «Ақбота» балабақшасы

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады.

Жас бала дегеніміз ол-ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де, ал балабақшадағы тәрбиеші болса жаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті. Балабақшада әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогтық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы қажет.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Балабақша мен ата-аналардың, бүлдіршіндердің бойында елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстарды мына бағытта ұйымдастыруға болады:

1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

2.Психологиялық-педогогикалық кеңес беру жұмыстары

3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс

4.Диогностикалық талдау жұмысы

Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру, ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау. Бұл балабақша өмірін жандандыра, дамыта түсетіні анық, ол іс-шараларды тәрбиенің мына қырларынан көруге болады:

1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.Әкелер мектебі

3.Аналар мектебі

4.Әжелер мектебі

Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы - ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.

Олар:

*Лекциялар мен әңгімелер.

* Жеке кездесу.

*Психологиялық тест.

Ақпараттық әдістемелік жұмыс - ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару. Мұндай бағытқа:

1.Ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару.

2.Маман дәрігерлермен кездесу.

3.Балалардың (ашық есік күні) сабақтарына қатысу.т.б жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Диагностикалық талдау жұмыстары - ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.

Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, олардың ұсыныстарын тыңдау барысында, сөздері әсерлі болу үшін төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтағандары жөн:

  • бір - біріне көңіл бөлу

  • тыңдау

  • тиімді орынды таңдау

  • әзілді сезіну

  • ұрыс - керістен сақтану

  • сиқырлы сөздер айту

  • баласының жетістігін айту

  • сенімді болу

  • көңіл - күйіне қарау

  • намысына тимеу

  • қарапайымдылық

  • пікірін сыйлау

Ата-ана жұмысын осылайша ұйымдастырудан қандай нәтижеге қол жеткізуге болады:

1.Ата-ананың өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білуі.

2.Балабақшада педагогикалық сенімнің күшейуі.

5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығының оянуы.

6.Оқу тәрбие жұмысының ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде одан әрі дамуы.

7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін артуы.

Осы жұмыстар іске асқан жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.




© 2010-2022