Қазақ әдебиеті 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер - халық даналығы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауыз әдебиетінің бір саласы - мақал-мәтелдер, олардың құрылысы, тақырыптары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы түсінік беру. Оқушыларды көркем, әдемі сөйлей білуге үйрету, тіл дамыту, ой дамыту, логикалық ойлау жүйелерін дамытуға ықпал ету. Ұлттық дәстүрді сыйлай білуге, мақал-мәтелдерді пайдаланып, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, ойын, сұрақ-жауап, деңгейілік тапсырмаларды орындау.

Көрнекілігі: үнтаспа, кесте, сызба, суреттер.

Пәнаралық баланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

III. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі. ( қазақ тілінің сұлу, көркем, әдемі тіл екендігі туралы айту. Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын мақал-мәтелдер туралы мәлімет беру. Әдемі сөйлеп үйренуге шақыру)

Оқулық мәтінімен жұмыс.

А) оқушылар мәтінмен өздері танысады.

Ә) мәтінде кездескен қиын сөздермен сөздік жұмысы ұйымдастырлады:

Қалыптасқан - сформированный

Мұра - наследие

Көлем - объем

Тұжырым - вывод, итог

Тікелей - напрямую

Нұсқай салу - указать

Шеберлік - мастерство

Тапқырлық - находчивость

Ырыс - изобилие

Жанама - косвенный

Жартас - скала

Тырна - журавль

Өсиет - завещание

Дәріптеу - восхвалять

Ақтау - оправдать

Ізін қалдыру - оставить след

Б) сөздік бойынша тапсырма:

«НЕ?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен сөйлем құрастыру.

3.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру:

Кестені толтыру:

мақалдар

Мәтелдер

Ортақ қасиеттері

Айырмашылықтары

Тақырыптары


4. Орыс әдебиетімен салыстыру. Мақал-мәтелдердің анықтамасын, тақырыптарды, мысалдарды орыс тілінде тақтадан көрсетіп, оқушылардың естеріне түсіру.

5. Оқулықта берілген мақал-мәтелдермен танысу. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

(мақал-мәтелдердің тақырыптары бойынша бірнеше топтар құрылады. Мысалы, « Отан, туған жер, атамекен» туралы мақал-мәтелдермен жұмыс істейтін топ және тағы басқа) Топтарға тапсырма: өздері тандап алған

мақал-мәтел мазмұны бойынша жағдаят құрастыру.

6. «Сөз сыры» айдарымен берілген тапсырманы орындау.

Сөз сыры: кең тараған түрі, халықтық мұра, сөз өрнегі, ерекше қасиеті, көлемі шағын, мазмұны кең, тілі өткір, мағынасы терең, халықтың ақыл-ойы...

IV.Сабақты бекіту.

Деңгейілік тапсырмаларды орындау:

Деңгей

Берілген мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып тақырыбын анықта;

Деңгей

Берілген мәтін мазмұнына қандай мақал сай келетінін анықта;

Деңгей

мақал-мәтелдердің сынарын тап:

Отансыз адам - ...... .....

.....- оттан да ыстық

Еңбек түбі - .....

Ер жігіт... ....

Оқу - ... ....

.....- білімде

Ақыл ...., білім.....

V.Сабақты қорындылау, оқушылар білімін бағалау

«Мың бір мақал» толтырылған қоржыннан тапсырмалар алу арқылы сабақ қорытындысы шығарылады.

Қоржын тапсырмаларының үлгісі:

  • Тақтада көрсетілген суреттерге қарап, мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер айту.

  • Төрт түлікке қатысты жаттаған мақалдарын естеріне түсіру.

  • мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша әңгімелеудің тірек сөздерін жазып шығу.

VI.Рефлексия кезеңі

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, бір-біріне жақсы тілектер айту.

VII.Үй тапсырмасы

Әр тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер жаттау, хрестоматия материалдарын кеңінен пайдалану. « Кім көп мақал-мәтел біледі?» сайысын өткізуге дайындалу.


© 2010-2022