«Бақытты болған қандай жақсы» тақырыбының жоспары

«Бақытты болған қандай жақсы» Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол - тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім. Бақыт деген - әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан.  Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң«Бақытты болған қандай жақсы»- атты салтанатты жабу рәсіміне хош келдіңіздер! Орталарымызға: «Балапан» тобының бүлдіршіндерің ортаға шақырамыз. (кіру рәсімдермен) «Балдәурен» 2 кі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сәлеметсіздерме, құрметті кішкентай бүлдіршіндер, балабақша ұжымы!

«Бақытты болған қандай жақсы»

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген - әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң
«Бақытты болған қандай жақсы»- атты салтанатты жабу рәсіміне хош келдіңіздер!

Орталарымызға:

«Балапан» тобының бүлдіршіндерің ортаға шақырамыз. (кіру рәсімдермен)

«Балдәурен» 2 кішілер тобының бүлдіршіндерің шақырамыз. (кіру рәсімдермен)

ортаңғы«Балдырған» тобының бүлдіршіндерің қарсы алайық. (кіру рәсімдермен)

Ересектер «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерің қарсы алайық. (кіру рәсімдермен)

Қазіргі таңда балабақшамызда балаға белгілі бір білімге жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамытуға көзделген, Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы еңгізіліп, нәтижелі орындалуда. «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» демекші бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған әз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болып өсуге тілек білдірді Сара алпысқызы.

апталық өткізу жоспарының негізінде бірнеше шаралар, байқаулер мен сабақтар өткізілді.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқан ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағында гүл атам.

Әр адам үшін досының болуы, дос бола білудің маңызы зор. Достықты сақтай білу, жақсы бола білу одан да маңызды.

Достық туралы ересектер «Айгөлек» тобының, ортаңғы «Балдырған» тобының бүлдіршіндердің тақпақтарын тамашалауға шақырамын.

Нурсултан: Дос сенімі ең жоғары

Мәртебе деп білемін

Адал достар ортасында

Мұнсыз өмір сүремін

Аруна: Балдырған балалар

Достықты бағалар

Есіңе сақтаған

Адал бол

Шыншыл бол

Өтірік айтпаған

Сөзіңнен қайтпаған.

Эльнара: Достық жырын бірге шырқап,

Бірге ойнап күлеміз

Қиын-қыстау кезеңдерде

Анырамас біргеміз.

Арай: Бұл достықтың сыры терең

Бұл халықтар тілегі

Домбыранын қос ішегіндей

Бірге соққан жүрегі.

Лаура:

Ернур:

Адина:

Нармина:

Айбек:

Жүргізуші:«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану - адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Көңілдерімізді көтеріп «Дос болайық бәріміз» әнің қабылалыңыздар.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», - дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен.

Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Алдарыңызға «Балдырған» тобының қыздары «Конфетки» биін тамашалауға шақырамыздар.

Жүргізуші:

Ақ сүтінен емген ананың,

Еркелеп өскен баламын.

Балғын үнемі тербесін

Отанымның алаңын.

Гүліндей жайнап даланың,

Отындай ойнап қаланың,

Айға ұшып баламын,

Күннен қуат аламын.

«Балапан» тобының бүлдіршіндердің орындауында «Мамам» әнің қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана емес, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді.

Бақытың мен, бақытым деп біл мені
Мені білсең бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.

«Балдәурен» тобының бишілер қыздарын қарсы аламыз.

Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Келесі құттықтау сөз «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі Ескенова Күлбан Қайыржанқызына беріледі.

Жүректен жүрекке: Балалар,менің қолымда кішкентай ал қызыл жүрек бар.

Бұл жүрек мейірім мен шаттыққа толы. Осы мейірімге және шаттыққа толы жүрекпен бір-бірімізге арнап тілек тілейік.

Аспанымыз ашық болсын!

- Достармен тату болайық!

- Деніміз сау болсын!

Барлығымыз бақытты болайық. Олай болса осы жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық. (Қонақтарға қарап алақанды үрлеу.)

Балалар ал енді ризашылық әнімен салтанатымызды аяқтайық.

Сау болыңыздар. Келесі кездескенше.



© 2010-2022