Қазақ тілі пәнінен 11 сыныпқа арналған бақылау диктанттары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Алғашқы бақылау үзігі

Мақсаты: 10-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Банк қызметі туралы не білеміз?


Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі - мемлекеттік, екіншісі - коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

Банк - қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады. (106 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:



1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа. Өндіріс керек болса, банк те керек.

ІІ нұсқа. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

2.Берілген сөзді септеңдер

І нұсқа - банк жүйесі

ІІ нұсқа - қарыз алушы

3. Сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.

валюталар



Диктант №3


Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Қазақстан


Арғы тегі ғұндар, сақтар, скифтер деп аталатын қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы туған жерінқорғау үшін күресіп келеді. Халқымыз Алтай мен Еділ, Тянь-Шань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты сақтап қалды.

Қазір қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан республикасы құрылған. Біздің республикамызды дүниежүзі елдері таныды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.

Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара түсіністікте өмір сүруде. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы осы достықтың ұйытқысы болып табылады.

Біздің елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Сонымен бірге Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді. Қазақстан азаматы Қазақстан республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді.

Грамматикалық тапсырмалар:


  1. Мәтіннен сын есімі бар сөздерді теріп жазыңдар.

  2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар

көптеген, тәуелсіз

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар

Қазір қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан республикасы құрылған.













Бақылау диктанты №1

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.


Қонақ үй


Адам баласының бойында қыдыру, көру, сезу, тану сияқты үлкен жан сезімдер, алдына қойған мақсаттар арқылы саяхат жасау ниеті пайда болды. Саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.

Қонақ үйлер, әсіресе, сауда жолы бойындағы базарлы қалаларда көп болды. Оны қазақтар керуен сарайлар, қонақ жай, мейрамхана деп атады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік байлап жемдейтін қора-жайлар болды. Қазіргі кезде де барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады: орналастыру, тамақтандыру, бос уақытты ұйымдастыру, тұрмыстық қызмет көрсету.Күнімен саяхатта жүріп келген жолаушы қонақ үйде өзін үйдегідей ұстағысы келеді. Ол үшін оған тірі адам керек.

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. /120 сөз/

Грамматикалық тапсырмалар:


1-тапсырма: Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.

І нұсқа: 1,3,5,6-шы

ІІ нұсқа: 2,4,6,7-ші.

2-тапсырма: Мәтіннен берілген етістіктің түрін сөйлемдерді теріп жазыңдар

І нұсқа: Салт етістік

ІІ нұсқа: Сабақты етістік

3-тапсырма: Берілген етістіктерді келер шақтың үш түріне қойыңдар.

І нұсқа: түнеу, тарау, сезу

ІІ нұсқа: түнеу, тарау, сезу

4-тапсырма: Мәтіндегі жай сөйлемдерден себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңдар



№7 Аралық бақылау үзігі


Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.

Астана


Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан бұрыңғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды. Ол - Қазақстанның жаңа астанасы. Мәртебесіне сай аты да Астана болып өзгерді. Мұнда күрделі құрылыстар жүріп жатыр. Қаланың орталығындағы Елбасының резинденциясы ерекше көзге түседі. Оның басты ерекшелігі - ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты.

Астанадағы жаңа ғимараттар мен әсем үйлерді салуға шетелдік фирмалар мен қоғамдар көп көмек көрсетті. Мысалы, қаланың ортасындағы бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйін Түркияның «Исот» фирмасы салған. Ал түріктің «Финтрако» компаниясы «Қазақойыл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимаратын салды. Қаланың көркендіруге Қазақстанның барлық облыстары көмек берді.

Астанананың айқарлы беттерінде елорданың қақ төрінде орын тепкен, еуразияшылдықтың символы болып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен университетке атақты түркітанушы-ғалым Лев Николаевич Гумилевтің аты берілген болатын.

Грамматикалық тапсымалар:


  1. Мәтіннен етістікті теріп жазып, оны болымсыз түріне айналдырыңдар.

  2. Берілген сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа Мәртебесіне сай аты да Астана барлық болып өзгерді, ... . ІІ нұсқа Қаланың көркендіруге Қазақстанның облыстары көмек берді, .

  1. «Павлодар қаласындағы қонақ үйлер», «Алматы қаласындағы қонақ үйлер» туралы монолог құраңдар. Жазылған мәтіннен етіс түрлерін анықтаңдар.







Бақылау диктанты №2

Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.

Түркістан


Түркістан - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. ХІІ - ХІ ғ.ғ. Түркістан қаласы Шабғар, Яссы деп аталған. Орта ғасырларда ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болған. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.

Қазір Түркістан тариха және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесесне сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қаланың көне тарихынан сыр шертеді. Кесесне отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Қазіргі Түркістанның әсем, тамаша жерлері өте көп. мүмкіндіктер мол. Бұл тарихи жер мыңдаған ғасырлар бойы еліміздің, халқымыздың талай құпияларын сақтап келеді.

Грамматикалық тапсырмалар:


  1. Мәтіннен есімшелерді теріп, оларға толық морфологиялық талдау жасаңдар.

  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған.

  1. «Туған жердің керемет қалалары» тақырыбына эссе жазыңдар.








Диктант №11


Мақсаты: : Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.


Туған жерімнің табиғаты

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Біздің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық - қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас.

Грамматикалық тапсырмалар:


1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа: болашақпен, қазақтар

ІІ нұсқа: тарихымыз, немістер

2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын.

ІІ нұсқа. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас.

3. Етістіктің келер шағын қолданып, «Туған ел» тақырыбына монолог

құрастырыңдар.








Бақылау диктанты №3


Мақсаты: : Оқушылардың ІII тоқсан бойы алған білімдерін тексеру

Театр туралы


Театр - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты.

Қазақ театрының шымылдығы тұңғыш рет Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен ашылды. Қазіргі кезде ірі қазақ театрларының бірі - Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры.1947-1953 жылдары осы театрдың бас режиссері біздің жерлесіміз, белгілі актер, режиссер Шәкен Айманов болған. Біздің қаламыздағы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театры 20 жылдан аса халықты өз жұмысымен қуантып жатыр.

Театр - халықты эстетикалық, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. /120 сөз/

Грамматикалық тапсырмалар:


І нұсқа ІІ нұсқа

  1. Мәтіннен есімшені теріп Мәтіннен көсемшені

жазыңдар. теріп жазыңдар.

  1. Театр -халықтың тәрбиешісі Театр халықпен байланысуда

екенін дәлелдейтін екенін дәлелдейтін сөйлемдерді

сөйлемдерді теріп жазыңдар. теріп жазыңдар

  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.













№15 Жылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.

Алтын адам


Алтын адам - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі .1969 - 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар- ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Грамматикалық тапсырмалар:


1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа Ақпараттарды, жадында, береміз, бұзуға

ІІ нұсқа Қабілеті, сақталады, мәліметтерді, шығармау

2. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын анықтаңдар.

Жүрегінің түгі бар - Төбе шашы тік тұрды -

Таяқ тастам жер - Қой аузынан шөп алмас -

3 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа: Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.

ІІ нұсқа: Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды.

4. Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңдар.
































Бақылау диктанты №4


Мақсаты: Оқушылардың ІV тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.


Түркі тілдес елдер латиницаға өтуде.

2012 жылы барлық түркі тілдес мемлекеттерде іс жүзінде латын графикасына көшу басталды. Үлкен дайындық жұмыс Татарстан, Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан мен басқа да мемлекеттерде жүргізілді. Өзбекстанда бүгінде баспа бұқаралық ақпарат құралдарының шамамен жартысы латын графикасында шығарылады.

Орталық Азияның көптеген мемлекеттері жаңа жазбаға өтуге дайын. Қазақстанда сондай-ақ кириллицадан латиницаға көшу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақты мерзімдер белгіленген. Қазақстанның 2025 жылға дейін толық латын графикасына көшуі жоспарлануда. Латиницаға қайту тек қана компьютер экранынан қазақ жазуын қалыпты көруді мақсат етпейді, қайта компьютерде және дүниежүзінің кез келген жерінде, IT саласында, қазақ тілінің мүлтіксіз жұмыс жасауына кепілдік етуді мақсат етеді. /110 сөз/

Грамматикалық тапсырмалар:


  1. Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түрін анықтап көрсетіңдер.

І нұсқа: І азат жол

ІІ нұсқа: ІІ азат жол

  1. Берілген сөзді сөз құрамына талдаңдар.

І нұсқа: жолдауында

ІІ нұсқа: жазуын

  1. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа: Орталық Азияда тіл бойынша өзгерістер туралы әңгімелейтін сөйлемдерді теріп жазыңдар.

ІІ нұсқа: Қазақстанда тіл бойынша өзгерістер туралы әңгімелейтін сөйлемдерді теріп жазыңдар.

























© 2010-2022