Қазақ тілі 6 класс Үстеудің емлесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты: үстеудің емлесі жайлы түсінік беру,меңгеру.

Сабақтың білімділігі - үстеудің емлелері жайлы түсіндіру,білім-білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы - үстеудің емлесін берік есте сақтауға дағдыландыру,берілген мысалдар арқылы үстелерді құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру,ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың тәрбиелілігі оқушыларды сабақта қолданатын мәтіндер арқылы,мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,үлестірмелі карточкалар,көркем әдебиеттен алынған мәтіндер,оқулық,тақта,бор,суреттер,магнитті тақта.

Сабақтың барысы.

І. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қойылатын сұрақтар1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Сөз таптары дегеніміз не?

2.Үстеу дегеніміз не?

3.Үстеудің құрамына қарай қандай түрлері бар?

4.Негізгі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір.

5.Туынды үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір,дәлелде.

6.Күрделі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір,дәлелде.

7.Үстеудің мағынасына қарай қандай түрлері бар?

8.Мезгіл үстеу дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

9.Мекен үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата,мысал келтір.

10.Сын-қимыл үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата,мысал келтір.

11.Мөлшер үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

12.Күшейткіш үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

13.Мақсат үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

14.Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір.

Сұрақтар өтілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін айқындау және еске түсіруге бағытталған.

ІІІ.Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексеру.

IV.Сабақ мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ. Үстеудің емлесі.

Тақтаға плакат ілу,сол арқылы үстеудің емлесін түсіндіру.Оқушылардың өзін қатыстыра отырып ауызша мысалдар келтіру.

Тақтамен жұмыс.

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып,емлесін түсіндір.

Көру диктанты.

1.Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып./Махамбет/.

2.Ендігәрі мұндай ісіңді көрмейтін болайын.

3.Ол қаннен-қаперсіз жүріп келеді.

4.Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып,бомбаларды боратып жатыр.

VI. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.

Класс оқушыларын екі командаға бөлу.

1-команда.Перфокартамен жұмыс /ауызша/.

Мысалдар

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Мақсат

Себеп-салдар

Ала


жаздай

+


өңкей


аса

+

ақырын

+

+

мұншама

+


қасақана


+

тысқары

+


2-команда

Үстеудің мағынасына қарай түрлері

Үстеулерді жаз

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Мақсат

Себеп-салдар

Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

Шарты.Үстеу орнына сұраулары берілген.Ойлап тауып,орнына қой.

№1

а) Еріншекке / қашанғыдан? Қашанғы? / оңай.

ә) / Қай уақытта? / тұрған жігіттің ырысы артық?

№2

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады

Құсша қонады. /Жұмбақ/

№3

Ендігрі,ерте,жазғытұры үстеулерін қатыстырып сөйлем ойла.Қандай үстеу екенін тап.

№4

Амалсыздан,қыстыгүні үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.

Кітаппен жұмыс.Сабақты бекіту мақсатында жаттығумен жұмыс. 4-5 оқушыдан сұрау.

VII.Оқушы білімін бағалау.

VIII.Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022