Сабақ жоспары: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Д.А.Қонаев атындағы №1 ЖББАГ мектебі













Сабақ жоспары: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша.


Синергетикаға байланысты өткізілген ашық сабақтың

Ж О С П А Р Ы








Өткізген: Мұңайтбас Ө.О.

қазақ тілі мен әдебиетінің

жоғарғы санатты мұғалімі







Қордай - 2009/2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сыныптардағы ББД-н тексере отырып еске түсіру, жаңа тақырыпты түсіндіру;

ә) дамытушылық: жаттығу жұмыстарын орындау арқылы жаңа тақырыпты бекіту, мәтін талдауды, мәтіндегі сөздерге, сөйлемдерге толық талдау жасауды үйрету, сөйтіп ББД-н дамыту, сөйлемде тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын тексере білуге машықтандыру;

б) тәрбиелік: жаттығу жұмыстарының мазмұны арқылы адамгершілікке, ұлттық патриотизмге баулу, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақ әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, қайталау, оқушылардың ББД-н тексеру.

Сабақ түрі: синергетикалық көзқарастағы сабақ.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру барысы:

1. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.

ІІ. Өткен білімді тексеру:

1. Төмендегі сұрақтарға кім жылдам жауап береді?

  1. Зат есім деген не?

  2. Сабақты етістікке қандай жұрнақ жалғанғанда салт етістікке айналады?

  3. Үстеудің неше түрі бар?

  4. «Ы» қандай дыбыс?

  5. «Б» мен «Ф»-ның үш ұқсастығын тап.

  6. -ау, -еу жұрнақтары қай сан есімге тән?

  7. Қатыстық сын есім деген не?

  8. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

  9. Жайылма сөйлемнің емлесін айт.

  10. Жай сөйлем деген не?

  11. Әрі жалпылау есімдігі, әрі жинақтау сан есімі болатын сөзді ата.

  12. Баяндауыш қай кезде «не?» деген сұраққа жауап береді?

  13. Есім сөз бен есімдіктің қайсысы көп?

  14. Қандай еліктеу сөз жалт-жұлт етеді?

  15. Есімің «кім?» деген сұраққа жауап бере ала ма?

2. Берілген мәтінді оқып, тиісті сызықшаларды дұрыс қойып, көшіріңдер.

Бақанас, Байқоңыр бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. Жұмағұл, Дарқан, Тәкежан үшеуі де көз алмай молданың бар қимылын бағып тұр. Саябақ ішінде әдемі гүлдер бұталар биік-биік ағаштар қара тал үйеңкі өседі.

3. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің лексикалық мағынасын аш. Жалқы есімдерді ата.

4. Мәтіндегі курсивпен жазылған сөзге фонологиялық талдау жасаңдар (СКТ).

5. Кесте бойынша морфологиялық талдау жасаңдар.

Үлгі:

түбір

жұрнақ

жұрнақ

жалғау

жалғау

іш

өңір

-

-гі

-

-

-де

-нде

-

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Кеш болып кетті, бірақ Нұрлан әлі жоқ. Кеш болып кетті, - Нұрлан әлі жоқ.

  2. Оттың жарығына сағатын төседі - тоғыз болып қалған екен.

  3. Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды. (сонша, соншалық, сондай, сол, мынау, себебі).

  4. Атың жақсы болса - қанатың,

Ағайын жақсы болса - санатың.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:

Оттың жарығына сағатын төседі - тоғыз болып қалған екен.

  1. Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?

  2. Құрамына қарай сөйлемнің қай түріне жатады?

  3. Сөйлемде қандай тыныс белгілері бар? Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

  4. 1-жай сөйлемін талдаңдар:

а) жай сөйлемнің қандай түрі?

ә) сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне талдаңдар.

б) сөйлем мүшелеріне қарай талдаңдар.

ІV. Сабақты қорытындылау:


Бүгінгі сабақта мен нені үйрендім?

Маған сабақтың ең ұнаған тұсы.


Сабақтың қай бөлігінің пайдасы зор болды? Несімен?


V. Үйге тапсырма беру:

1. 193-жаттығу. (Сызықша қойылатын орынды тауып, сызықша қойып көшіріңдер).

2. Мәтіннен бір сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.

3. Үш сөзге лексикалық талдау жасаңдар.

4. Бір сөйлемге морфологиялы қ талдау жасаңдар.

5. Сол сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

© 2010-2022