ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық танымын кеңейту, шығармашылық қабілетін ояту
Білімділік: етістік және оның жасалу жолдары, мағыналық топтары туралы алған білімдерін толықтыру
Тәрбиелік: оқушыларды ата - баба кәсібін құрметтеуге, алдына мақсат қоя білуге, еңбек сүйгіштікке, халқын, елін сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлап талдау
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру Психологиялық дайындық.

-Балалар, зкранда ненің суреті шықты?

1-слайд - Күннің

- Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.

2-слайд.

Қайырлы күн, достым,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын!

-Бүгінгі сабағымыз ерекше,бізге қонақтар келіпті.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.Сендердің білімді де зерек оқушы екендеріңе куә болсын!

-Мен де сендерге сәттілік тілеймін.

2) Үй тапсырмасын тексеру (260-жаттығу)
«Ой қозғау» Нені үйрендік? (өткенді шолу)
1. Етістік дегеніміз не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістіктің құрамдық түрлерін атаңыз?
4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз?
5. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті атаңыз?
6. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктер қалай аталады?
7. Етістіктер нешеге бөлінеді? Атап беріңіз
8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз?
9. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз?
10. Тұйық етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
ІІ Негізгі бөлім
Мағынаны тану . Тұйық етістіктің емлесі:

Ережені жаттап ал

Әр сөздің айтылуына зер сал

1.

Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты ретінде жалғанады.

Айт-у,ас-у, аш-у, жар-у, біл-у.

Ескерту: дауысты у буын жасайды. Ай-ту, а-шу.

2.

Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге жалғанған тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып табылады.

Қала-у, ауна-у, домала-у,

де-у. Ескерту: Дауыссыз у буын жасамайды. Қа-лау, сөй-леу.

3.

Дауысты ы,і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дыбыстары түсіріліп жазылады. Айтылғанда -у дыбысы сөздің құрамында естіліп, дауысты дыбыс болып есептеледі.

Оқы+у-оқу, тасы+у-тасу, кейі+у-кею, байы+у-баю. (кейінді ықпал)

4.

Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістік жұрнағы жалғанғанда, түбір соңында ұяң дыбыстарға айналу (п-б,к-г,қ-ғ) өзгерістері байқалады.

Тап+у-табу, кеп+у-кебу, ақ+у-ағу


«Жеке, жұппен, топпен» әдісі бойынша тақырыпты оқу
Жеке ойлау
Оқушыларға тұйық етістіктің емлесі тақырыбын оқуды тапсырамын. Алдымен жеке оқыды. Оқушылар барлығы жаппай оқиды.
Көршіңе айту
Бұл кезеңде оқушылар өздерінің оқығандарын бір-біріне түсіндіреді.
Топпен жұмыс
Оқығандарын топ болып талқылап, ортаға бір оқушы шығып берілген мысалдар арқылы айтып береді.
Шығып түсіндірген оқушыларға бағалау парағына өзім баға қойдым.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс

261-жаттығу. Берілген сөздерге тұйық етістіктің -у жұрнағын жалғап жазыңдар, ықпалдың түрін көрсетіңдер.

1.Тік+у-тігу, соқ+у-соғу, тебу, жабу, себу, шығу, бағу, төгу

2. қой+у-қою, сый+у- сыю, азаю, молаю, жаю, тыю, аяу

3. тоқы+у-тоқу, беку, баю,шоқу, суу, жылжу, жуу.
«Ішіне сыртына» әдісі. Бұл әдісті қолдану себебім, оқушылардың ойын анықтап бір жүйеге түсіру. Тақырыпқа қатысы барын ішіне, қатысы жоғын сыртқы бағанға жазып ажырату тапсырылады.
262 - жаттығу. Тұйық етістік ішіне, қалған етістіктер сыртына
Ішіне

Сыртына

абдырау

шырмауық

Ағызып-тамызу

ажуа

бейімделу

Азын-аулақ

айбаттану

қурай

әперу

Апырым-ау

гүрілдеу

бұзау


ІҮ.. «Ойлан, тап?!» тапсырмасы (Тұйық етістіктерді тауып, қай септікте тұрғанын ажыратамыз)
1. Оруға, жүргізуді 1. Жұлу, сұрасудан
2. Оқуым, бұзуды 2. Жазудың, күлу
3. Соғу, айтысуымен 3. Көрісу, егісу
4. Жауласу
263 - жаттығу Өлең жолдарындағы сөздерді түбір, қосымшаға бөліп жазыңдар.

Сана бер-іп ой-ы-на

Қуат бер-іп бой-ы-на

Ақ-қан жас-ы сел бол-ған,

Етег-і тол-ып көл бол-ған,

Беріш боп шері байла-н-ған,

Ұйқы бер-іп, қайғы ал-ған,

Қайғы-лы-ны уат-тым.

Ү. Түйіндеу.Бірде зат есім, бірде тұйық етістік қызметін атқаратын сөздерге мысал келтіру.
зат есім - Көсеу - от қозғайтын құрал
Етістік - Көсеу - отты түрту, қозғау. Жасау, сабау,тарау,ашу.
ҮІ. «Ой толғау»
- Екі көзің не үшін қажет?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін?
- Ал аяғың?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына тұйық етістіктің де қосар үлесі зор.
ҮІІ.Үйге тапсырма: «Еркін жазу» стратегиясы бойынша «Ауылым менің - ажарым» (тұйық етістіктерді қатыстыра отырып шағын әңгіме құрастыру)

Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022