Жамбыл облысы (8 сынып)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Түсінік хат


Өлкетану пәнінің бағдарламасы 8 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат. Географиялық тұрғыда қарастырылып, «Өлкетану» таңдау пәнінің бағдарламасы құрастырылды.

Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің облыс, қала үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі табиғат ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.

Өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, табиғатына назар аударуға, ізденіс қабілеттерін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады.

Өз елінің географиялық жағдайын, оның аумағын, шекарасын әрбір адам баласы білуі қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата - бабасы мекен еткен жері. Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

Осы өлкетану пәнінің бағдарламсында:

  • Жергілікті жердің географиялық жағдайы және әкімшілік-аумақтық бірлік атауларымен танысу;

  • Өлкенің табиғатына сипаттама беру;

Бұл пәнінде бірнеше оқыту формалары қолданылады:

  • Практикалық жұмыс;

  • Лекция - Дөңгелек үстел.






Мақсаты: 1. Оқушыларға өлкетану ұғымын, өлкенің географиялық жағдайы,

әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары, табиғаты, экологиясы және

Тараз қаласының тарихы жөнінде білім беру;

2. Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып,

патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

3. Сабақта өз жерінде шыққан (қаладан, облыстан) атақты адамдар

жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру;

4. Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге,

мәлімет іздеуге дағдыландыру.

Міндеттері: 1. Өлкетану сабағын материалдарды нақты игеру;

2. Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға

жауап беру;

3. Өз өлкесінің мәдени - ағарту ісіне үлес қосқан адамдар

жайлы материалдарды іздеу;

4. Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет,

журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау.

Пәнді жүзеге асыру формалары:

Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы пән бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.

Пәннің нәтижелігін бақылау формалары:

Пәнді қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: шығармашылық жұмыстар жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну, тест жүргізу және т.б

















Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:


  • Өлкетану пәнінің мазмұны, мәні, мазмұнын;

  • Жамбыл облысының географиялық жағдайын;

  • Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық бірлік атауларын;

  • Өлкенің пайдалы қазбалары және оларды тиімді пайдалану жолдарын;

  • Атмосфераның ластануын;

  • Климаттық аудандарын;

  • Ішкі суларын;

  • Топырақ жамылғысы және түрлерін;

  • Табиғат кешенін;

  • Дәрілік өсімдіктерін;

  • Флора мен фаунасын;

  • Табиғат ресурстары және олардың түрлерін;

  • Тараз қаласының тарихын.

Оқушылар бақылай білуі тиіс:


  • Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа әсерін;

  • Адамның табиғатқа әсерін.

Оқушылар баға бере білуі тиіс:


  • Табиғи байлықтары мен туған өлкенің табиғи байлықтарына;

  • Автокөліктің қоршаған ортаға әсеріне;

  • Су байлықтарына, шөлдердің ұлғаю проблемасына;

  • Пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолдарына.

Оқушылар меңгеруі тиіс:


  • Жергілікті жердегі табиғи тұщы су көздерінің ластану себептерін анықтауға қажетті;

  • Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі кәсіпорындарды анықтауға қажетті дағдыларын.











Тақырыптық күнтізбелік жоспар


Тақырыбы

С/с

Мерзімі

Кіріспе (1 сағат).

1

Өлкетану ұғымы және оның маңызы.

1

6.09.14 ж.

І-бөлім. Жамбыл облысына жалпы шолу (7 сағат).

2

Жамбыл облысының географиялық жағдайы.

1

13.09.14 ж.

3

Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары: Байзақ және Жамбыл аудандары.

1

20.09.14 ж.

4

Жуалы және Қордай аудандары.

1

27.09.14 ж.

5

Меркі және Мойынқұм аудандары.

1

3.10.14 ж.

6

Т.Рысқұлов және Сарысу аудандары.

1

11.10.14 ж.

7

Талас және Шу аудандары.

1

18.10.14 ж.

8

№1-практикалық жұмыс. Қалауы бойынша бір ауданға географиялық тұрғыда сипаттама беру.

1

25.10.14 ж.

ІІ-бөлім. Жамбыл облысының табиғаты және экологиясы (21 сағат).

9

Өлкенің пайдалы қазбалары.

1

1.11.14 ж.

10

Оларды тиімді пайдалану жолдары.

1

15.11.14 ж.

11

№2-практикалық жұмыс. Пайдалы қазбалары.

1

22.11.14 ж.

12

Атмосфераның ластануы (зауыттар, автокөліктер және т.б.).

1

29.11.14 ж.

13

Климаттық аудандар (Орталық Қазақстан, Балқаш маңы, Мойынқұм).

1

6.12.14 ж.

14

Климаттық аудандар (Шу-Талас, Жуалы, Талас аңғары және Солтүстік Қырғыз).

1

13.12.14 ж.

15

№3-практикалық жұмыс. Климаты.

1

20.12.14 ж.

16

Ішкі сулары. Шу және Талас өзендері.

1

27.12.14 ж.

17

Билікөл, Ақкөл және Айдын көлдері. Су ресурстарын қорғау.

1

10.01.15 ж.

18

№4-практикалық жұмыс. Ішкі сулары.

1

17.01.15 ж.

19

Топырақ жамылғысы және түрлері

1

24.01.15 ж.

20

Топырақ жамылғысының қазіргі экологиялық жағдайы.

1

31.01.15 ж.

21

№5-практикалық жұмыс. Топырақ жамылғысы.

1

7.02.15 ж.

22

Табиғат кешені. Шөл зонасы.

1

14.02.15 ж.

23

Биіктік белдеу және антропогендік кешендер.

1

21.02.15 ж.

24

№6-практикалық жұмыс. Табиғат кешені.

1

28.02.15 ж.

25

Дәрілік өсімдіктер және оны қорғау (Адыраспан және т.б.).

1

7.03.15 ж.

26

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Оларды қорғау.

1

14.03.15 ж.

27

№7-практикалық жұмыс. Флора мен фауна.

1

4.04.15 ж.

28

Табиғат ресурстары және олардың түрлері.

1

11.04.15 ж.

29

Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері.

1

18.04.15 ж.

ІІІ-бөлім. Тараз қаласының тарихы (4 сағат).

30

Қаланың шығу, құрылу, аталу тарихы.

1

25.04.15 ж.

31

Тамаша қалам, Таразым !

1

2.05.15 ж.

32

Тараздың мәдени мұрасы.

1

8.05.15 ж.

33

№8-практикалық жұмыс. Тараз қаласының тарихы.

1

16.05.15 ж.

34

Қорытынды.

1

23.05.15 ж.


Мазмұны

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Кіріспе (1 сағат).

Өлкетану ұғымы және оның маңызы.

І-бөлім. Жамбыл облысына жалпы шолу (7 сағат).

Жамбыл облысының экономикалық-географиялық жағдайы. Жамбыл облысы-ның әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандары). №1-практикалық жұмыс - Қалауы бойынша бір ауданға географиялық тұрғыда сипаттама беру.

ІІ-бөлім. Жамбыл облысының табиғаты және экологиясы (21 сағат).

Өлкенің пайдалы қазбалары. Оларды тиімді пайдалану жолдары. №2-практикалық жұмыс. Жамбыл облысының пайдалы қазбалары. Атмосфераның ластануы (зауыттар, автокөліктер және т.б.). Климаттық аудандар (Орталық Қазақстан, Балқаш маңы, Мойынқұм, Шу-Талас, Жуалы, Талас аңғары және Солтүстік Қырғыз). №3-практикалық жұмыс. Климаты. Ішкі сулары. Шу және Талас өзендері. Билікөл, Ақкөл және Айдын көлдері. Су ресурстарын қорғау. №4-практикалық жұмыс. Ішкі сулары. Топырақ жамылғысы және түрлері. Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. №5-практикалық жұмыс. Топырақ жамылғысы. Табиғат кешені. Шөл зонасы. Биіктік белдеу және антропогендік кешендер. №6-практикалық жұмыс. Табиғат кешені. Дәрілік өсімдіктер және оны қорғау (Адыраспан және т.б.). Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Оларды қорғау. №7-практикалық жұмыс. Флора мен фауна. Табиғат ресурстары және олардың түрлері. Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері.

ІІІ-бөлім. Тараз қаласының тарихы (4 сағат).

Қаланың шығу, құрылу, аталу тарихы. Тамаша қалам, Таразым ! Тараздың мәдени мұрасы. №8-практикалық жұмыс. Тараз қаласының тарихы.

Қорытынды (1 сағат).













Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жалпы білім беретін мектептерде «география» пәнін тереңдетіп оқыту ға арналған бағдарламалар. Алматы, 2009 ж.


  1. Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. Алматы, 2003 ж.


  1. Р.Т.Сырғабаева Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы. Тараз, «Сенім», 2007 ж.


  1. Ежелгі Тараз ескерткіштері. Тараз, «Рысбаева және Ко», 2010 ж.


  1. Ә.С.Бейсенова «Экология - ел тағдыры». Алматы, 2006 ж.


  1. Л.Ү.Әбшенова, Б.Заирова Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары. Алматы, 2010 ж.


  1. Тараз - Жамбыл (фотоальбом). Жамбыл, «Рысбаева және Ко», 1996 ж.









Практикалық сабақтар


Практикалық жұмыс №4


Тақырыбы: Ішкі сулары.

Мақсаты: өзендердің суын тиімді пайдалауын анықтау.

Көрнекілік: Атлас, карта, кескін карта т.б.



Барысы:

Тапсырмалар:

  1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

өзен аңғары -

өзен жүйесі -

бастауы -

саға -

алабы -

өзен құламасы -

өзен еңістігі -

су шығыны -


  1. Сұрақтарға жауап беріңдер

  1. Ірі өзендерді картадан теріп жаз.

б) Суы мол өзен қайсысы ?

в) Қай аумағында су тапшы ? Неліктен ?

г) Өзендер немен қоректенеді ?


  1. Жамбыл облысының бір өзенін таңдап, мына кестені толтыр.

Өзен аты, ұзындығы (км)

Алабы

Бастауы

Құяр сағасы

Қоректенуі

Биологиялық ресурстары

Жылдық ағыны

Шаруашылық маңызы





© 2010-2022