Өзін - өзі тану сабағы. Жақсы сөз жанға қуат

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін- өзі тану.

Адами қарым-қатынасқа үйренейік.

9-шы сабақ. 1-ші қаңтар.2016- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз-жанға қуат

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Науай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • Ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп берілген өлең шумағын айтып шығады.

Сахналау Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып,сахналау.

Әңгімелесу Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман,дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Мәтінмен жұмыс Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян»ертегісін оқып беру.

Дәйексөз Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу.

Жаңа ақпарат «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қолд жеткізеді.»

Шығармашылық жұмыс Оқушыларды жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.

Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.

Тапсырма Өздері жиі қолданатын жақсы сөздерді дәптерге жазып келу.

Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.

Қорытындылау -Жақсы сөз,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Жүректен жүрекке Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.Өлең оқиды:С.Мәуленов. «Күнім менің».



© 2010-2022