Шешендік өнер-ұлттық мұра, асыл қазына сайыстың әдістемелік әзірлемесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы білім басқармасы

№ 5 АТК КММ









Сыныптан тыс іс - шараның

әдістемелік әзірлемесі


Тақырыбы:

Шешендік сөздер - құнды мұра, асыл қазына.







Дайындаған:

Хуаныш Р










2014-2015 оқу жылы

Бозайғыр ауылы


Шешендік сөздер - құнды мұра, асыл қазына.

Білімділік мақсат: Шешендік сөздің алуан сипаттарын, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу;

халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра eкендігін таныту;
Дамытушылық мақсат: Оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсат: кемеңгер шешендердің - үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру,

халықтық мұра - шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сaқтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
Түрі: ұжымдық, топтық
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс
Көрнекілігі: қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер

Жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар, студенттер, қадірменді қонақтар!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау - парызым бүгін менің! - дей отырып, «Шешендіі сөздер - құнды мұра, асыл қазына» атты фольклор сайысын назарларыңызға ұсынамыз.

Вед:Язык есть, испобедь народа,

В нем слышится его природа.

Его душа и быт родной

Мы приветствуем вас на конкурсе «Шешендік сөздер- құнды мұра, асыл қазына»
Ақталған ақ арманы, үміттері,
қашан көрсең жүреді күліп тегі
қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері Сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Сайысқа барлығы 6 студент қатысады. Әр топта 3 студенттен.

Вед:
І топ - «Сұңқар», ІІ топ - «Тұлпар»
Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Вед: Разрешите представить вам жюри.
1Зам директор по учебной работе Шарипова Р.Ж
2. Методист Нұрсейт Бағдагүл
Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

әстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? - сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

«Шешендік сөз», 2. «Құпия сандық, 3. «Билердің сөзі - ақылдың кені». 4. «Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі» Сайыстың әрбір бөлімінен соң ұпай саны шығарылып отырады. Ең жоғары ұпай - «5».

Вед : Предлагаем вашему вниманию мултимедия об истории ораторского искусства в Казахстане

Жүр: 1-кезең «Шешендік сөз»

Мұнда үйге берілген тапсырма бойынша дайындықтарыңыз тексеріледі. Жауаптары бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы: Тақтада
Жүр:»Сұңқар» тобына

1. Шешендік сөздің І, ІІ кезеңдері - ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығы. Майқы би мен Аяз биден басталады. Шешендік сөздің ІІ кезеңі - ХІҮ-ХҮІ ғасырларды қамтиды. Оған Асанқайғы, Жиренше шешендер жатады.
«Тұлпар» тобына

1. Шешендік сөздің ІІІ кезеңі - ХҮІІІ ғасырда өркендей түсті. қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шапшақұлы Жәнібек, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би. Шешендік сөздің ІҮ және Ү кезеңі - 2-ге бөлінеді. «Хан-сұлтандарға қарсы шешендер», Байдалы би, Ер Жәнібек, Тіленші би, Мөңке би Т.б.

«Сұңқар» тобына:

2. Шешендік сөз қайдан бастау алады? (халық ауыз әдебиетінен)

«Тұлпар» тобына:

2.Қазaқ шешендеріне тән қасиет( елші, мәмілегер, тәрбиеші,саясаткер, қоғам қайраткері, ақын
заңгер ,ойшыл, ғалым ,шешен ,психолог)
Осымен, «Шешендік сөз» бөлімі аяқталды.

Вед: Теперь послучаем для чего необходимо ораторское искусство?
ІІ кезең «Құпия сандық». ІІ тур «Тайный сундук» продолжить изречения, выражения знаменитых ораторов.

Бұл бөлімде шешендердің сөзінен үзінді беріледі немесе шешендік сөздерді жалғастыруға байланысты тапсырмалар беріледі.

Вед:

«Сұңқар» тобына.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің .. -деп басталатын сөз кімдікі, шешеннің сөзін жалғастырыңыздар. (Абыз би)
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің...

  1. «Тұлпар» тобына Ағын судың өлген і - деп басталатын шешендік сөз кімдікі? Шешеннің сөзін жалғасmырыңыздар . (Жиренше шешен)

  2. Алты ай қыста қатқаны.
    Асқар таудың өлгені,
    Басын бұлттың жапқаны.
    Ай мен түннің өлгені,
    Еңкейіп барып батқаны.
    Қара жердің өлгені
    Қар астында жатқаны.
    Ажал деген атқан оқ,

Одан ешкім құтылмайды,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
«Сұңқар» тобына : Тақтада

«Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім … » қай шешеннің сөзі? (Төле би)

«Тұлпар» тобына:

«Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,» - кімнің сөзі (қаз дауысты Қазыбек би)

Жүр:Қазылар алқасы ұпай санын анықтағанша 1 курс студенті .

Бегалина Диана.......................................Тіл мерекесіне орай өзінің өлеңін оқиды.

Вед:Слова предоставляется жюри.

Жүр: Шешендік толғаудың бір тобы сұрақ- жауап түрінде айтылады. Қазір Бала бидің көрерменге қояр сұрағы бар екен Ортаға Бала би шешенді шақырайық.

Вед: Следующий конкурс «Игра со зрителями»

Бала би: Менің сендерге қоятын бірнеше сұрағым бар.

Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

Жауабы:

Жерден ауыр дегенім-ақыл білім,

Судан терең дегенім-оқу ғылым.

Оттан ыстық дегенім- фәни жалған, адамның өмірі,

Көктен биік дегенім- тәкәппардың көңілі.

Бала-би Дұрыс. Ал енді

-Сөз анасы не?

-Су анасы не?

-Жол анасы не?

Жауабы:

Сөз анасы-құлақ,

Су анасы- бұлақ

Жол анасы- тұяқ.

-Дау мұраты не?

-Қыз мұраты не?

-Жол мұраты не?

Жауабы:

Дау мұраты-біту,

Қыз мұраты -кету,

Жол мұраты- жету.

Бала би :Дұрыс
ІІІ кезең «Билердің сөзі- ақылдың кенi» -деп аталады.»

Үлкендер игі -тілек айтып, халқымыз «Жақсы сөз- жарым ырыс» -деп жылы лебізге үміт артыр келген. »

Сұңқар» тобына тапсырма: Тақтада

Жәнібек би Бөле биден былай деп сұрайды. Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұшқыр ат бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып билік құрайын ба? Сонда Төли би не деп ақыл айтады?

«Тұлпар» тобына тапсырма: (Тақтада .Қазыбек би «Кім жақын?», «Кім қымбат?», «Не қиын» деген сұраққа қалай жауап берді?-Үшеуіде

Вед: Гость радуется песенному гулу

Ни чувствуя ни стужи, ни жары

Для вас звучит песня

Ән: Ф-11 тобы студенті Ерболаттың орындауында ..............................әні Қабыл алыңыздар
ІҮ кезең: «Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі,» -деп аталады.

Шешендік өнердің бір саласы- шешендік дау. Шешендік даулар жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы болып бөлінеді. Осындай дауларға әлінше әділ төрелік беретінді би деп атаған. Қазір екі топ көрініс көрсетеді.

«Сұңқар» тобы :Көрініс: «Қазыбек пен Қонтажы»

«Тұлпар» тобы: «Екі әйелдің дауы»

Ән: ТҰ-11 тобының студенті Ербол Айсұлудың орындауында «Атамекен»
Жүр: Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.( Ұпай сандарын шығару, марапаттау )

Міне, құрметті студенттер қазақтың атақты билері мен шешендері осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Сондықтан сендер шешендік сөздердің жақсы ұлгілерін көп оқып, көп тоқуға тырысыңдар, шешендік сөздер сендердің ой-саналарыңды оятып,жақсы мінезге, сергек те зерек болуға үйретеді, әрі тілімізді байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулиды.

Вед:Самое главное, что всех нас независимо оттого на каком языке мы говорим, объединяет чувство любви и благодарности к родной земле.

Осымен «Шешендік сөзде- құнды мұра, асыл қазына» атты сайысымыз өз мәресіне жетті .Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.


















© 2010-2022