Ашық сабақтың тақырыбы: ТҰСАУ КЕСУ. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«М. Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін

инновациялық орта мектеп» КММ








Ашық сабақтың тақырыбы:

ТҰСАУ КЕСУ. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

9 сынып

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Қаракүшікова Б.Б.






Петропавл қаласы

2012 жыл

Сабақтың тақырыбы: Тұсау кесу. Тұйық етістік


Білімділігі мақсаты: сөздік қорын молайту, өткен сабақпен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты түсіндіру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сұрақтар құрастыру, тұйық етістікті қайталау, тәуелдік формада жіктеу.

Дамытушылық: ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеп, қадірлеуге, білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Құрал-жабдықтар: слайд, кесте.

Сабақтың жоспары


I. Ұйымдастыру кезең.

Сәлемдесу.

Кезекші сұхбаты.

Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Бүгінгі сабақта "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбын жалғастырамыз.

1 сұрақ: Салт-дәстүр деген де ойларыңызға қандай сөздер келеді? (рухани мұра, мәдениет, тәрбие, халық даналығы, мерекелер)

2 сұрақ: Бала тәрбиесіне байланысты қандай дәстүрлерді білесіңдер? (интерактивті тақтада сызбаны толықтыру)

Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер:

  1. ... 5. ...

  2. ... 6. ...

  3. ... 7. ...

  4. ... 8. ...

3 сұрақ: Бала тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (3 оқушы)

4 сұрақ: Бесікке салу дәстүрі қалай өткізіледі? (слайд бойынша әңгіме, 2 оқушы)

III. Жаңа тақырып

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Қазіргі сабақта «Тұсау кесу» дәстүрімен танысамыз, ең бірінші жаңа сөздермен танысамыз, мәтіннің мазмұнын айтамыз, сұрақтарды құрастырамыз, Инсерт кестесін толтырамыз, топпен тапсырмаларды орындаймыз.

1. Сөздік жұмыс: Жаңа сөздер, сөз тіркестер (қайталау, дәптерге жазу).

Қаз тұру - стоять на ногах

жарқын болсын - пусть будет светлым

ала жіп - пёстрая нить

ісі алға - первый в делах

ұстау - держать

тартсын - будет похожим

аттамасын - не перешагивает

кәде - подарок

кесу - резать

есу - вить

2. "Тұсау кесу" мәтінмен жұмыс.

а) мәнерлеп оқу (мұғалім)

ә) мәнерлеп оқу (3 оқушы)

Тұсау кесу - сәби қаз тұра бастағанда, тез жүгіріп кетсін деп «Болашағы жарқын болсын!»деген тілекпен жасалатын дәстүр.

Ала жіп есіп,баланың екі аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» - деген тілек бар. Қолы жеңіл, ісі алға басып тұрған адамға тұсауын кестіреді. Баланың қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді, «Тұсау кесу» жырын айтады:

«Қаз-қаз, балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз балам

Қаз-қаз, балам, қаз балам

Тақымыңды жаз балам».

Бұл бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім. Бұл күні мерекелік дастарқан жайылады, «Тұсау кесер» кәдесі беріледі.

Жаңа сөздер:

Қаз туру - стоять на ногах

ісі алға - первый в делах

есу - вить

тартсын - будет похожим

жарқын болсын - пусть будет светлым

аттамасын - не перешагивает

ала жіп - пестрая нить

ұстау - держать,

кесу - резать

Тапсырмалар:

а) Мәтін бойынша сұрақтар құрастырындар (3,4 сұрақ).

ә) Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық формасын құрастырындар .

б) «Беру» етістікті тәуелдік формада жіктеңдер .

Сұрақ: Мәтіннен не түсіндіңдер? Не туралы айтылады?

3. «Insert» кестесін толтыру.

Білемін (!)

Білмеймін (-)

Не білдім? (+)

Білгім келеді (?)

IV. Білімді бекіту (топпен жұмыс).

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

2 тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазу, тұйық формасын құрып, бір етістікті тәуелдік формада септеу.

V. Қорыту.

Сұрақтар: Сабақта қай дәстүрмен таныстық?

Оны қалай өткізеді?

«Тұсау кесу» дәстүрі баланың өмірінде қандай орын алады?

Тұйық етістіктің тәуелдік формасы қалай жасалады.

VI. Бағалау (топтардың тапсырмаларын тексеру).

VII. Үй жұмысы.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (тақтадан тапсырмаларды таңдап жазу).


© 2010-2022