Қазақ тілі пәнінен Ас үй тақырыбына сабақ жоспары (8-сынып)

Урок по теме "Ас үй" в 8 классе входит с состав модуля "Асханада тамақ ішемін", на изучение которого в календарно-тематическом плане отводится 13 часов. Целью урока является ознакомление учащихся с новыми лексическими единицами и формирование умения использовать их в повседневной жизни. Предполагается, что к  концу занятия  ученики пополнят свой словарный запас на 7-10 новых слов и смогут составлять с ними как минимум предложения, как максимум рассказ по заданной лексической теме, а также научат...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен Ас үй тақырыбына сабақ жоспары (8-сынып)Сабақ жоспары


Сынып:

8

Сабақтың тақырыбы:

Ас үй

Сілтеме:

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мақсаты:

Сабақ тақырыбына байланысты лексикалық бірліктерді меңгертіп, күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету

Оқытудың нәтижелері:

Жаңа сөздерді меңгереді, орынды пайдалана біледі; сөйлем, мәтін, диалог құрастыра алады

Ресурстар:

Оқулық, жұмыс дәптері, үлестірме материал (бағалау парағы)

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің әрекеті


Оқушылардың әрекеті




Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдеседі, отырғызады.

Сабақ тақырыбымен таныстырады.

Орындарына отырады.

Сабаққа мақсат қояды.

Үй тапсырмасын тексеру

1. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды:

- Мектеп асханасы қандай?

- Асханада нені сатады?

- Балалар таңертеңгі асқа не алады?

- Түскі асқа не жейді?

- Асханадан кімдер тамақтанады?

- Асхана қалай қызмет етеді?

2. 54-бетіндегі 2-тапсырманы тексереді

Сұрақтарға жауап береді.



Өзін-өзі тексереді, «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалайды.

Жаңа сабақ

1. Сөздік жұмысын жүргізеді:

жеке меншік частный

ас үй кухня

қолайлы удобный

дайындау /әзірлеу готовить

пісіру варить

жуып-шаю мыть, полоскать

тоңазытқыш холодильник

сөре полка

ыдыс посуда

тәбет аппетит

2. Мәтінмен жұмыс жасатады

55-бет «Менің үйім»

«Әткеншек» стратегиясын пайдаланады.

3. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастыруды ұсынады.

Сөздерді жаттайды (2 минут), дәптерлеріне жазады (3 минут)

Жұптасып бірін-бірі тексереді:

9-10 сөз - «5»

6 - 8 сөз - «4»

4 - 5 сөз - «3»


Мәтінді оқиды, аударады.

(топтық жұмыс)

55-бетіндегі мәтіннен кейін берілген сұрақтарды қатыстырып, диалог құрастырады

(жұптық жұмыс)

Тақтаға шығып сұхбаттасады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.

Жаңа материалды бекіту

Тапсырма береді:

56-бетіндегі сызбаларды пайдаланып, сөйлемдер құру. Синтаксистік талдауын жасау.

Тапсырманы орындайды.

Ас үйде тоңазытқыш, үстел, ыдыс қоятын сөрелер бар.

Ас үй қолайлы болды.

Біз ас үйде отбасымызбен тамақтанамыз.

Үйге тапсырма беру

Жаңа сөздерді жаттау, 55-бетіндегі мәтінге негізделіп, «Ас үй» тақырыбына әңгіме құру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалайды

Сабақ үстінде бағалау парағына қойған ұпайларын санап, нәтиже шығарады.

Рефлексия

Кестені толтыруды ұсынады:

Плюс

Минус

Қызықты


Кестені толтырады




© 2010-2022